ҚҰҚЫҚ негіздері


 Əкімшілік жазалау шаралары



Pdf көрінісі
бет202/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   389
 

10.8 Əкімшілік жазалау шаралары 

Əкімшілік  жауапкершілікке  тартудың  мəні  кұқыққа  қайшы  əрекет  жасау 

салдарынан  туындайтын  теріс  сипаттағы  шаралар  болып  табылатын – жаза 

тағайындау  болып  табылады.  Əкімшілік  жаза  Қазақстан  Республикасының 

əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінде    көзделген  құқық  бұзушылық 

жасаған үшін  жауапкершілік шарасы болып табылады. 

 Əкімшілік жазалау шаралары мəжбүрлі сипатқа ие, құқық бұзушыға түрлі 

ауыртпалықтар  жүктеумен  сипатталады  жəне  əкімшілік  құқық  бұзушылық 




243 

 

жасаған  тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарын  жəне  заңды  мүдделерінен 



айыру немесе шектеуден көрініс табады. 

1. Ескерту – моральдық əсер етудің негізгі шарасы. Ескерту жасау ешқандай 

мүліктік  немесе  физикалық  зардапқа  əкеп  соқпайды,  бірақ  əкiмшiлiк  жаза 

қолдануға  уəкiлеттi  органның  (лауазымды  адамның)  жасалған  құқық 

бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен жəне жеке немесе заңды тұлғаны 

құқыққа  қарсы  мiнез-құлыққа  жол  беруге  болмайтындығы  туралы 

сақтандырудан  тұрады.  Ескерту  əрқашан  жазбаша  түрде  жасалады,  ауызша 

ескерту  жазалау  шарасы  ретінде  танылмайды.  Аталған  шараның  өзіндік 

зардаптары бар, атап айтсақ, жауапкершілікке тартылу фактісін тіркейді, ал ол 

өз  кезегінде  дəл  осындай  теріс  қылықты  қайта  жасаған  жағдайда  ауырлататын 

мəн-жай ретінде ескерілуіне əкеліп соғады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет