ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет246/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   389
Өлім жазасы 

Өлім  жазасы – жазаның  ең  ауыр  ерекше  түрі  болып табылады. 

Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік 

қылмыстар  үшін,  сондай-ақ  соғыс  уақытында  жасалған  аса  ауыр  қылмыстар 

үшін  ең  ауыр  жаза  ретінде  белгіленеді,  ондай  жазаға  кесілген  адамға  кешірім 

жасау  туралы  өтініш  ету  құқығы  беріледі  (ҚК-нің 49-бабы, 1-бөлігі).  Өлім 

жазасы  бейбіт  уақытта  адамдардың  қаза  болуына  ұштасқан  террористік 

қылмыстарды  істегендерге  қолданылуы  мүмкін.  Мұндай  қылмыстарға 

қылмыстық  кодекстен 162-бабы 4-бөлігі – адам  қазасына  немесе  өзге  де  ауыр 

зардаптары  əкеліп  соққан  жылдамалылық  əрекеттер; 167-бап  Қазақстан 

Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау, 173-бап – диверсия; 233-

бап 4-бөлігі – аса ауырлататын жағдайда істелген терроризм құрамдары жатады. 

Қылмыстық    кодекстің  49 – бабына    сəйкес    өлім    жазасы – ату    мына  

төмендегідей  қылмыстарды  істеген  үшін  қолданылуы  мүмкін: ауырлататын  

жағдайда    адам    өлтіргені  (96-бап,2-бөлігі);  соғыс    уақытында    немесе      ұрыс 

жағдайында    болған    мемлекетке    опасыздық  (165 бап, 2-бөлігі);  соғыс  

уақытында    немесе    ұрыс    жағдайында    бұйрыққа    бағынбау    немесе    оны  

өзгедей  орындамау  (367-бап, 3-бөлігі);  соғыс    уақытында      немесе    ұрыс 

жағдайында  бастыққа  қарсылық  көрсету  немесе  оны  қызметтік міндеттерін 

бұзуға  мəжбүр  ету (368-бап, 3-бөлігі);  соғыс    уақытында    немесе    ұрыс  

жағдайында    бастыққа    қатысты  күш    қолдану    əрекеттері (369-бап,3-бөлігі);  

соғыс  уақытында немесе  ұрыс  жағдайындағы  қашқындық  (373-бап,3-бөлігі); 

соғыс  уақытында  немесе  ұрыс  жағдайында  билікті  теріс пайдалану,  биліктің  

асыра    қолданылуы    немесе    əрекетсіздік (380-бап,3-бөлігі);  жауға    соғыс  

жүргізу құралдарын беру  немесе тастап  кету (383-бап).   

Өлім    жазасы    қарастырған    Қылмыстық    кодекстің  баптарының  

санкциялары  баламалы  болып  келеді. Онда  сот  20  жылға  дейінгі  мерзімге  

бас    бостандығынан    айыру    жазасын  немес  е  өлім    жазасын    немесе    өмір  

бойына  бас  бостандығынан айыруды  қолдауға  жол  берген.  Іс  жүзінде  өлім  

жазасын  соттар    іс    бойынша    аса    ауыр    кінəлінің    қауіпсіздігін    ерекше 

дəлелдейтін  мəн-жайлар  болғанда  ғана  қолданады. 

Өлім    жазасы    кешірім    беру    тəртібі    мен    жиырма    бес    жыл      бас  

бостандығынан  немесе    өмір    бойына    бас    бостандығнан    айыру    жазасына  

ауыстырылуы    мүмкін.  Өлім  жазасын    қолданғанда      сот    əрбір    нақты    іс  

бойынша   жаза тағайындаудың  жалпы  негіздерін  басшылыққа алады  (ҚК-нің 

52 – бабы). 



299 

 

Өлім    жазасын      қолдану    барлық    жағдайда    істелген  қылмыстың  



анықтаған    мəн – жайларын    жəне    сотталушының  мейлінше    толық  

сипаттамтын  мəліметтерге  сүйене  отырып, үкімде  дəлелденген  болуы  керек. 

Өлім  жазасын  қолданудың  ерекшелігі  сол,  бұл тұрғыдағы  қылмыстарды  

қарау  облыстық  соттардың  құзыретіне  жатады  жəне  мұндай  істерді  қарау  

үш  судьяның қатысуымен  жүргізіледі. 

Өлім    жазасы    əйелдерге,  сондай – ақ  18  жасқа    толмай  қылмыс  

жасағандарға    жəне    сот    үкім    шығарған    сəтте  65  жасқа  толған    еркектерге  

тағайындалмайды.  

Туған  күннен  кейінгі  тəуліктің  басталуы  адамды  18 толған  деп  санауға  

негіз  береді.  Еркектер  үшін   65  жасқа  толуды  үкім  шығарған  кезбен  өлшеу  

қажет.  Өлім  жазасы туралы   үкім  ертеде  ол  күшіне  енген  соң  1  жылдан  

кейін орындалады. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы 

Жарлығы бойынша өлім жазасын орындауға мораторий енгізілді. Осыған орай 

Қазақстан  Республикасының 2004 жылғы 10наурыздағы  заңымен  Қылмыстық 

кодекстің 49-бабына  толықтырулар  енгізілді.  Осыған  орай  қылмыстық 

кодекстің 49-бабының 3-бөлігінде Қазақстан Республикасының Президенті өлім 

жазасын  орындауға  мораторий  енгізген  кезде,  өлім  жазасы  туралы  үкімді 

орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет