ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет248/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   389
Мүлікті тəркілеу 


300 

 

Мүлікті    тəркілеу – сотталған    адамның      меншігі    болып    табылатын  



мүліктің    бəрін    немесе    бір    бөлігін,  сондай-ақ  қылмыс  жасау  қаруы  немесе 

құралдыры болып табылатын мүлікті мемлекеттік меншікке   ықтиярсыз   түрде  

тегін    алу    болып    табылады.  Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарын  жəне 

ұйымдасқан  топтың,  қылмыстық  қоғамдастықтың  (қылмыстық  ұйымның) 

трансұлттық ұйымдасқан топтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның), тұрақты 

қылмыстық  ұйымның  (банданың)  құрамында  қылмыстар  жасағаны  үшін 

сотталған  адамның  меншігінен  басқа,  қылмыстық  жолмен  алынған,  не 

қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамнан басқа 

адамдардың  меншігіне  берген  мүлікте  заңнамада  белгіленген  тəртіппен 

тəркіленуге  жатады  (ҚК-тің 51- бабы).  Қылмыстық    кодекстің  39-бабы, 2-

бөлігінде сəйкес бұл  жаза  тек  қосымша  жаза  ретінде  пайдакүнемдік қылмыс  

жасағандарға  жəне  кінəлінің  іс-əрекеті  сараланатын бапта басқа  жазалармен  

мүлікті тəркілеу жазасы  көрсетілген реттерде  ғана  қолданылады. 

Осыған  байланысты    кінəлінің    істеген    қылмысын  саралайтын    бапта, 

мүлікті    тəркілеу    қосымша    жаза    ретінде  көрсетілмесе,  сот    онда    оған    бұл  

жаза  түрін  қолдана  алмайды.  Кейбір  жағдайларда  қылмыстық  заң  мүлікті 

тəркілеуді  міндетті  түрде  қолдануды  талап  етеді.   

Мұндай  реттерде  сот  мүлікті  тəркілеуді тағайындауға  міндетті.  Мұндай  

жағдайда    сотқа  оны  қолданбау    тек    қана    Қылмыстық    кодекстің  55-бабы  

негізінде  ерекше    мəн-жайға    байланысты    неғұрлым    жеңіл    жаза 

тағайындалғанда  ғана  құқық  береді. 

Қылмыстық  кодекстің  Ерекше бөлімінің  жекелеген  баптарында  мүлікті  

тəркілеу    мүмкін  болатын    қосымша    жаза    ретінде    көрсетілген.  Мұндай  

реттерде    мүлікті    тəркілеуді    қолдануды  немесе    қолданбауды  тек    сот    қана  

істің  нақты  жағдайларын жəне  кінəлінің  жеке  басының  кім  екендігін  ескере 

отырып шешеді.  Заң  мүлікті  тəркілеудің  екі  түрін  қарастырған.   

1. Сотталған  адамның  меншігі  болып  табылатын  мүліктің бəрін  немесе  

ортақ  меншіктегі  үлесін (толық) тəркілеу. 

2.Сотталған  адамның  мүлкінің  бір  бөлігін (ішінара) тəркілеу. 

Толық    тəркілеуде    сотталған    адамның    меншігі    болып  табылатын  

мүліктің  бəрі  немесе  оның  ортақ  меншіктегі үлесі түге л мемлекет  меншігіне  

тегін    алынады  (51-бап,3-бөлігі).  Мұндай    жағдайда    қылмыстық    атқарушы  

заңдарда    көзделген  тізбекке    сəйкес    сотталған    немесе    оның    асырауындағы  

қажет  мүлік  тəркіленбеуге  тиіс. 

Сотталған    адамның    мүлкінің    бір    бөлігін    тəркілеген    кезде    үкімде  

барлық    мүлкінің    қандай  бөлігі   (1/2, 1/3,жəне  т.б.)  тəркіленуге    жататын  

заттардың  тізімі  дəлме-дəл  көрсетілуі  керек.  Сотталушының  үкім  шығарған 

кезде мүлкінің  жоқ  болуы  оның  мүлкін  тəркілемеуге  негіз  бола алмайды . 

Қосымша  жаза  ретінде  қолданылатын  мүлікті тəркілеуді,  жазаның  жеке  

түрі болып  табылатын  арнаулы тəркілеуден  ажырата  білу  керек .  




301 

 

Арнаулы    тəркілеу    дегеніміз    сотталған    адамнан  қылмыстың    құралы,  



заты  болып  табылатын  немесе  қылмыстық  жолмен  табылған  мүліктің  бəрін  

мемлекеттік меншікке  ықтиярсыз  түрде  тегін  алу болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет