ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет259/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   389
          Жəбірленуші.  Қылмыстық  іс  жүргізуге  қатысушылардың  ішінде  ерекше 

орынды  жəбірленуші  алады.  Жəбірленуші  болмаса,  ешкімге  зиян  келмесе  іс 

жүргізу  де  орын  алмайтын  еді.  Сондықтан  қылмыстық  іс  жүргізу  заңында 

жəбірленушінің құқықтары мен  міндеттеріне аса мəн берілген. ҚР  ҚІЖК-ң 75-

бабына  сай: «Қылмыстық  процесте  оған  тiкелей  қылмыспен  моральдық,  дене 

жəне  мүлiктiк  зиян  келтiрiлдi  деп  ұйғаруға  ол  жөнiнде  негiз  бар  адам 

жəбiрленушi  болып  танылады».  Адам  қылмыстық  процесте  қылмыстық  іс 

қозғалған  кезден  бастап  тиісті  қаулы  шығысымен  жəбірленуші  болып 

танылады. Егер адамды жəбiрленушi деп танығаннан кейiн оның бұл жағдайда 

болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган 

өзiнiң  қаулысымен  ол  адамның  iске  жəбiрленушi  ретiнде  қатысуын  тоқтатады. 

Жəбiрленушi  қылмыстық  процестi  жүргiзушi  органның  шақыруы  бойынша 

келуге, iс  бойынша  белгiлi  барлық  мəн-жайларды  шын  хабарлауға  жəне 

қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мəн-жайлар туралы 

мəлiметтердi  жарияламауға;  тергеу  əрекеттерiн  жүргiзу  кезiнде  жəне  сот 



327 

 

отырысы уақытында белгiленген тəртiптi сақтауға мiндеттi. Жəбiрленушi жауап 



беруден бас тартқаны үшiн жəне қасақана жалған айғақ бергенi үшiн  заңдарға 

сəйкес қылмыстық жауапқа тартылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет