ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет262/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Бақылау сұрақтары: 

1)Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы жəне міндеттері. 

2) Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидалары. Іс жүргізу мерзімдері.  

3) Қылмыстық процесске қатысушылар.  

4) Басты сот талқылауын тағайындау сатысы 

 

 



  

  

 



 

 

 




331 

 

13-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 



ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. 

 

13.1  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  құқығының  түсінігі,  пəні, 

əдістері.   

13.2 Қоршаған орта түсінігі, қоршаған орта объектілері. 

13.3 Экология қүқығының принциптері 

13.4 Экологиялық құқықтың қайнар көздері 

13.5 Табиғат пайдалану құқығы 

13.6  Қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  табиғи  ресурстарды  пайдалану 

саласында мемлекеттік-құқықтық реттеу механизмі 

13.7  Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдарды  бұзғаны  үшін  заңды 

жауапкершілік 

 

   13.1 Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының түсінігі, пəні, 

əдістері 

Қоршаған табиғи ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – 

қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. 

      Біздің  елімізде  табиғатты  қорғау  жəне  табиғи  ресурстарды  ұтымды 

пайдалану  қоғамның  дамуының  конституциялық  қағидаларына  енгізілген,  ол 

əрбір  адамның  парызы  ретінде  жалпымемлекеттік,  жалпыхалықтық  міндет 

болып табылады. 

      Қазіргі  заманда  экология  табиғат  пен  қоғам  арақатынастарын  зерттейтін 

ғылым болып  танылады. Онда адам мен табиғаттың  өзара тікелей  байланысты 

екені көрініс табады. 

      Адамзаттың  тіршілік  ортасының  айрықша  күйзеліске  ұшырауына 

байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мəн беріліп отыр. 

      Табиғи  ортаның  қолайлы  болуы — қоғамның  экономикалық  жəне 

əлеуметтік дамуына əсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі 

адамдардың  тұрмыс  деңгейін  нашарлатады.  Мұндай  жағдайға  сай,  табиғи 

ортаны  қорғаумен  қатар,  экологиялық  зардап  шеккен  халықты  əлеуметтік 

жағынан  қорғау  жəне  экономикалық  жəрдем  көрсету  шаралары  туындайды. 

Мұны  біздің  республикамыздағы  Семей  ядролық  сынау  полигоны  мен  Арал 

апаты тікелей көрсетіп отыр. 

      Табиғатты  қорғау — табиғаттың  өзіндік  болмысын  сақтау  немесе  оны 

қалпына  келтіру  арқылы  табиғи  ресурстарды  ысырапсыз  пайдалану  үшін 

құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол əр түрлі тəсілдермен жүзеге 

асырылады. Соның бірі — қоршаған ортаны құқықтық қорғау. 

      Экологиялық  құқық  дегеніміз  осы  кезең  мен  болашақтың,  адамдардың 

мүдделері  үшін  қоғам  мен  табиғат  аясындағы  қоғамдық  қарым-қатынастарды 

реттеуге  бағытталған  жаңа  құқық  салаларының  бірі  болып  табылады.       




332 

 

Қазақстан  Республикасының  экологиялық  құқығы  құқық  саласы  ретінде 



қоршаған  ортаны  қорғауға  жəне  табиғи  ресурстарды  пайдалану  мен  тығыз 

байланысты  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормалардың 

жиынтығын болып танылады.  

       Экологиялық құқығы құқық саласы ретінде танылу үшін мынадай негіздер 

болуы тиіс. 

      Біріншіден,  өзіндік  құқықтық  реттеу  пəні,  яғни  бір-бірімен  тығыз 

байланыстылығы,  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  табиғи  ресурстарды  пайдалану 

негізінде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 

      Екіншіден,  бұл  қатынастарды  арнайы  түрде  реттеуге  бағытталған 

заңнамалар  жүйесі,  қазіргі  кезде  Қазақстанда  бұл  жүйені  Экологиялық  Кодекс 

бастайды жəне кем дегенде оннан астам арнайы заңнамамалар орын алады. 

      Үшіншіден, мемлекеттің экологиялық мəселелерді шешуге мүдделі екендігі 

қазіргі күні күмəн туғызбайды. Бұл мүдделер мемлекетттік экологиялық саясат 

арқылы қамтамасыз етіледі. 

      Төртіншіден,  экологиялық  құқығының  өзіне  тəн  құқықтық  қағидалары  мен 

жүйесі де бар. Бұл мəселелер төменде нақты көрсетілген. 

      Экологиялық  құқықтың  негізгі  бастауы,  қайнар  көзі  болып  табылатын 

Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  Кодексі  адамның  өмірі  мен 

денсаулығы  үшін  қоршаған  ортаның  қолайлы  болуына  тиісті  құқығын 

қамтамасыз етуге, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, қоршаған 

ортаны  қорғаудың  құқықтық,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  негіздерін 

белгілеуге жəне адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол 

бермеуге,  табиғи  тепе-теңдікті  сақтау  мен  табиғатты  ұтымды  пайдалану  ісін 

ұйымдастыруға бағытталған. 

      Қазақстан  Республикасының  орнықты  дамуының  экологиялық  негіздері 

болып мыналар табылады: адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған 

ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі; қоршаған 

ортаны  қорғау  жəне  биоəртүрлілікті  сақтау;  Қазақстан  Республикасының  өз 

табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру жəне 

табиғи  ресурстарды  пайдалану  мен  қоршаған  ортаға  əсер  ету  мəселелерінде 

ұлттық  мүдделерді  қорғау;  қазіргі  жəне  болашақ  ұрпақтардың  сұранысын  əділ 

қанағаттандыру;  өндіріс  пен  тұтынудың  орнықты  үлгілерін  дамыту;  қоршаған 

ортаның  жай-күйін  есепке  ала  отырып,  экологиялық  нормалаудың  əлеуметтік 

жəне  экономикалық  даму  талаптарына  сай  келуі;  əрбір  адамның  экологиялық 

ақпаратқа  қол  жеткізу  құқығын  сақтау  жəне  жұртшылықтың  қоршаған  ортаны 

қорғау  мен  орнықты  даму  мəселелерін  шешуге  жан-жақты  қатысуы;  қоршаған 

ортаны  қорғау  саласында  қабылданатын  шаралардың  жариялылығын 

қамтамасыз  ету;  Жердің  экожүйесінің  салауатты  жай-күйі  мен  тұтастығын 

сақтау,  қорғау  мен  қалпына  келтіру  мақсатындағы  жаhандық  əріптестік; 

қоршаған  ортаға  залал  келтіргені  үшін  жауаптылыққа  қатысты  халықаралық 




333 

 

құқықтың дамуына жəрдемдесу; қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе 



адам денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген 

түрлерін  басқа  мемлекеттерге  көшіру  мен  ауыстыруды  тежеу,  болдырмау, 

сондай-ақ  қоршаған  ортаға  елеулі  немесе  орны  толмайтын  залал  қатері  төнген 

жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. 

      Республикада  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  қатынастар  еліміздегі 

табиғи  ортаны  жер,  жер  қойнауы,  су,  орман,  атмосфералық  ауаны,  жануарлар 

мен  өсімдіктер  дүниесін  қорғау  туралы  заңдары  мен  ол  заңдарды  қолдану 

жөніндегі өзге де Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен реттеледі. 

      Ол заңдардың міндеттері: 

      -  адамның  өмір  сұруы  үшін  қолайлы  ортаны  қамтамасыз  ету,    табиғи    

реусурстарды    ұтымды      пайдалану,    ұзақ      мерзімге      сақтау,   қоршаған  

ортаны      сауықтыру    мен    жақсарту,   оған    шаруашылық      жəне      өзге    де   

қызметтің   зиянды   ықпал   жасауына жол    бермеу осы саладағы қоғамдық 

қатынастарды реттеу; 

      -  экологиялық    қатынастар    саласында      мемелкеттің,  азаматтардың,     

мекемелер    мен     ұйымдардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 

      - Қоршаған ортаныт қорғау  заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық 

шараларын белгілеу; 

      -  əр  алуан  экологиялық  жүйелер  мен  ландшафтарды,  бірегей  табиғи 

объектілерді жəне соларға байланысты мəдени мұраны сақтау; 

      - экологиялық  заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту. 

      Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  экологиялық  саясаты  əр  түрлі 

бағыттағы  қызметтер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Олардың  ішінде  мынадай 

қызметтерді атауға болады:  

-  Қоршаған  ортаны  қорғау  мен  табиғи  ресурстарды  пайдалану  саласында 

нормативтік  құқықтық  актілерін  қабылдау  жəне  оларды  орындалуын 

қамтамасыз ету; 

- табиғи ресурстарды  есепке алу, бағалау; 

-  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  табиғатты  пайдаланудың  экономикалық 

механизмдерін    белгілеу  (жоспарлау,  қаржыландыру,  ақы  төлеу,  экологиялық 

сақтандыру т.б.); 

-экологиялық  нормалау  мен  экологиялық  мониторингті  ұйымдастыру  жəне 

жұргізу; 

-  қоршаған  ортаға  əсерді  бағалау  мен  экологиялық  сараптаманы  жүргізуді 

ұйымдастыру; 

-  қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу; 

-экологиялық рұқсаттарды беру; 

- табиғат пайдаланушыларды жəне қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу; 

 -  экологиялық  білім  беру  мен  ағарту,  мамандардың  біліктілігін  арттыру, 

экологиялық ғылыми зерттеулерді жұргізуді ұйымдастыру 




334 

 

-  қоршаған  ортаны  қорғау,  табиғи  ресурстарды  қорғау,  молықтыру  мен 



пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау; 

-    қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  табиғат  пайдалану  саласындағы  халықаралық 

ынтымақтастықты нығайту. 

  Экологиялық құқық деген ұғымды  оқу пəні жəне ғылым саласы ретінде тану 

қажет.  Оқу  пəні  ретінде  ол  дəрістер  мен  тəжірибелік  сабақтар  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Қазақстанның  жоғары  оқұ  орындарында  бүл  пəн 1970 ж.  бастап 

жұргізіледі.  

   Экологиялық  құқық  ғылым  ретінде  бұл  саласының  пайда  болу  себептерін, 

даму  кезеңдері  мен  перспективаларын  түсіндіруге  бағытталған  ғылыми 

теориялар  мен  тұжырымдардың,  ой-пікілер  жиынтығы  болып  танылады. 

Қазақстандық  ғылыми  экологиялық-құқықтық  мектептің  өкілдеріне  мыналар 

жатады:  Б.Б.Байсалов,  А.Е.  Еренов,  К.А.  Шайбеков,  Ə.С.  Стамкулов,  Ə.Е. 

Бетұрғанов, Д.Л. Байдельдинов, А.Хаджиев, Ж.Х. Косанов жəне басқалар. 

   Экологиялық  қатынастарды  реттеуде  басшылыққа  алынатын,  нормативті 

түрде  бекітілген  негізгі  идеялар,  бастамалар  орын  алады.  Олар  экологиялық 

құқығының  қағидалары  деп  аталады.  Бүл  басталар  арқылы  мемелекеттің 

экологиялық  саясатының  ішкі  табиғаты,  оның  алдына  қоятын  мақстаты  мен 

бағыттарын анықтауғы мүмкіндік береді.  

 Кез  келген  жүйе -  біріккен,  жүйе  құрайтын  факторларды  ретке  келтіруші 

көптеген  элементтерден  тұрады.  Экологиялық  құқықтың  əдістері  мен  жүйесі 

бар.  

      Экологиялық  құқығының  əдістері  дегеніміз – экологиялық  құқықтық 



қатынастарды  реттеуде  қолданылатын  тəсілдер  жиынтығы,  олар  қоғам  мен 

табиғат  арасындағы  үйлесімді  байланысқа  жетуге  бағытталған,  экологиялық 

заңдылықтардың  құқықтық  реттелуінің  сақталуына  негізделеді.  Экологиялық 

құқықта  императивтік жəне диспозитивтік əдістер қолданылады. Императивтік 

əдістер бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді. Мемлекет табиғи 

байлықтардың меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларға, қоршаған ортаға 

əсер ететін шаруашылық жəне өзге де қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларға 

өз  билігін  көрсете  алады,  мысалы  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін 

жауапкершілікке  тарту,  табиғи  ресурстарды  пайдалануға  рұқсат  беру  немесе 

оларды  мемлекеттік  мұқтаждықтар  үшін  қайтарып  алу.  Ал  диспозитивтік 

əдістер  тараптардың  теңдігін  білдіреді,  бұл  əдіс  экологиялық  саласында 

шарттық қатынастарды жүзеге асыруда қолданылады.  

      Экологиялық  құқығының  жүйесі  экологиялық  қатынастарды  əр  түрлі 

топтарға  бөліп,  олардың  ерекшеліктерін  ескеруге  мүмкіндік  береді.      

Экологиялық құқығының жүйесі əдістемелік жағынан ұшке бөлінеді — жалпы, 

ерекше жəне арнайы бөлімдерге. 

      Жалпы бөлімді мына тақырыптар мен институттар құрайды: 

      - экологиялық құқығының түсінігі жəне тақырыбы, жүйесі; 




335 

 

      - экологиялық құқығының объектілері мен принциптері; 



      - экологиялық құқығының тарихы жəне негіздері; 

      - табиғат ресурстарына  меншік құқығы; 

      -  азаматтар  мен  қоғамдық  ұйымдардың  қоршаған  ортаны  қорғауға 

қатысудың құқықтық нысандары;

 

      -  табиғатты  пайдалануды  жəне  қоршаған  ортаны  қорғауды  мемлекеттік    



басқарудың    ұйымдық-құқықтық нысандары

      -  қоршаған        ортаны          қорғау          мен  табиғи  ресурстарды  пайдалануды 

мемлекеттік бақылау жəне қадағалау; 

      -  қоршаған  ортаны  қорғау    туралы    заңдарды    бүзғаны      үшін    заңдылық 

жауаптылық. 

Ерекше бөлім мынадай институттардан түрады: 

      - жердің құқықтық жағдайы жəне оны қорғау; 

      - жер қойнауының құқықтық жағдайы жəне оны қорғау; 

      - судың құқықтық жағдайы жəне оны қорғау; 

      - орманның құқықтық  жағдайы жəне оны қорғау; 

      - атмосфералық ауаны құқықтық қорғау; 

      - жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту жəне пайдалану; 

      - ерекше     қорғалатын     табиғат    аумақтарының құқықтық жағдайы; 

      -  төтенше  экологиялық  жағдай  мен  экологиялық  ахуал  аумақтарының 

құқықтық жағдайы. 

   Арнайы  бөлім  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  халықаралық 

ынтымақтастық,  шет  елдердің  экологиялық  заңнамалары  деген  тақырыптардан 

турады. 


            Қазақстан   Республикасының  аумағы   мен   оның   табиғи байлықтары  

жер  шарының  бір  бөлігі.  Жер  шарындағы  табиғи  өзгерістердің  əсері, 

атмосфералық  ауаның,  климаттың  өзгеруі  жəне  басқа  табиғи  құбылыстар 

республикамыздың  табиғи  ортасына,  оның  аумағындағы  табиғи  өзгерістер 

(мысалы, Арал апаты) ғаламдық табиғи ортаға əсерін тигізбей қоймайды. 

      Қазақстан  Республикасы — тəуелсіз  ұлттық  мемлекет,  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  мүшесі.  Сол  себепті  ол  табиғатты  құқықтық  қорғау  саласындағы 

халықаралық  ынтымақтастыққа  қатысып,  қоршаған  ортаны  құқықтық 

қорғаудың  халықаралық  мəселелерін  шешуге  атсалысады.  Халықаралық 

экологиялық  заң  актілерін  қолдап,  оны  дамытуға  қатысады.  Ұлттық 

экологиялық  заңнамаларының  халықаралық  заң  актілеріне  қайшы  келмеуін,  өз 

аумағындағы  шаруашылық  жəне  басқа  қызметтердің  басқа  елдерге  зиянды 

əсерінің болмауын қамтамасыз етеді. 

      Экологиялық  құқығы  басқа  құқық  салаларымен  тығыз  байланысты. 

Экология құқығының ережелері қылмыс құқығы, əкімшілік құқығы, азаматтық 

құқық жəне басқа құқықтармен орайлас келеді. Экология құқығының əлеуметтік 

қызметі  басқа  құқықтардың  арақатынасына  жол  ашып,  экологиялық 



336 

 

қатынастарды  реттеу  кезінде  олардың  қатысуын  міндеттейді.  Бүл  жағдай, 



əсіресе экология заңдарының талаптарын орындамағанда, оның ережелерін бұзу 

салдарынан 

экология 

объектілеріне 

материалдық 

зиян 


келтіргенде, 

жауаптылықты  талап  ету  үшін  аталған  құқықтардың  ережелері  қолданылғанда 

айрықша  сезіледі.  Экология  құқығының  негіздерінде  экологиялық  заңдардың 

ережелерін  бұзғаны  үшін  құқықтық  жауаптылықтың  түрлері  (қылмыстық, 

əкімшілік,  азаматтық,  материалдық,  тəртіптілік)  сараланады.  Ал  жауаптылық 

тиісінше  қылмыс құқығы, əкімшілік құқығы, азаматтық құқығы, еңбек құқығы 

негіздерінің баптарында (ережелерінде) көрсетіледі. 

      Халықаралық  табиғат  қорғаудың  негізгі  принциптері  мен  бағыттары 

Қазақстан  Республикасы  экология  құқығының  негіздеріне  сəйкестендіруде 

тиісінше көрініс табады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет