ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жер қойнауын пайдаланудың түсінігі жəне оның түрлері



Pdf көрінісі
бет387/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   389
 

22.4  Жер қойнауын пайдаланудың түсінігі жəне оның түрлері 

Шаруашылық  қызметтің  саласы  ретінде  жер  қойнауын  пайдалану   өткен 

дəуірдің 90-жылдарына  дейін  Кеңес  Одағының  Үкіметінің  қолында 

шоғырланған болатын. Бертін келе Қазақстан Республикасының өз тəуелсіздігін 

жариялағаннан  кейін,   мемлекеттің  қатысуымен  жер  қойнауын  пайдалану 

объектілерін жеке  компанияларға  басқаруға беруге мүмкіндік беретін тəуелсіз 

мемлекеттің  биліктің  жəне  басқарудың  жаңа  саяси  жəне  экономикалық  жүйесі 

қалыптасты.  Жер  қойнауын  пайдаланушы  халықаралық  жəне  ұлттық 

компаниялар  мемлекеттің  меншігі  болып  табылатын  жер  қойнауын  пайдалану 

объектілерінде  əкімшілік-шаруашылық  еркіндікке  ие  болуға  жəне  пайда  табу 

мүмкіндігін  иеленсе,  мемлекет  өз  құзыретінде  жер  қойнауын  пайдалану 

шарттарын  белгілеу  мен  жер  қойнауын  пайдаланушылардан  шарттық 

міндеттемелерін орындауын қадағалау сынды функцияларын қалдырды.  

Жер  қойнауын  пайдалану  өте  күрделі  процесс  жəне  өзара  байланысты 

бірнеше  кезеңдерден  тұрады.  Əр  кезеңде  жеке  құқықтық  қатынастар  пайда 

болады.  Бұл  қатынастарға  жер  қойнауын  геологиялық  зерттеу,  жер  қойнауын 

барлау мен өндіру, жер қойнауын барлау мен өндірумен байланысты емес жер 

асты  құрылыстарын  салу  қатынастарын  жатқызуға  болады.  Қаншалықты  бір-

бірінен айырмашылығы болса да, олардың барлығы жер қойнауына байланысты 



554 

 

пайда болады.Сондықтан да бұл қатынастарды толығымен қарастырар алдында, 



ең алдымен, жер қойнауының жалпы ұғымына тоқталып өтейік.  

Жер қойнауының ұғымын толығырақ түсіну үшін, ең алдымен, бұл ұғымды 

жалпы  геологиялық  жəне  құқықтық  тұрғыда  қарастыруып  өтейік.  Жалпы 

геологиялық  тұрғыда  жер  қойнауы  бұл - жер  қыртысынан,  мантиясынан  жəне 

ядродан тұратын, оның жоғарғы қабатынан орталығына дейін созылған жердің 

төменгі  қабаты  (жер  асты).  Ал,  тар  мағынада,  геологияда  жер  қойнауына 

ғылыми – техникалық  прогресстің  көмегімен  пайдалы  қазбаларды  барлауға 

мүмкіндік  беретін  жер  қыртысының  жоғарғы  қабатын  жатқызады  немесе  жер 

қыртысының  жоғарғы  қабатының  орнына,  көп  жағдайларда  жердің  астынғы 

қабаты деген ұғымды қолданады [1].  

Заңнамалық  тұрғыда,  яғни  Қазақстан  Республикасының  «Жер  қойнауы 

жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  заңына  сəйкес  жер  қойнауы  топырақ 

қабатынан,  ол  жоқ  болса - топырақ  қабатынан  төмен  орналасқан  не  пайдалы 

қазбалары  жер  бетіне  шығып  жатқан,  ал  топырақ  қабаты  жоқ  болса - жер 

бетінен  жəне  теңіздердің,  көлдердің,  өзендердің  жəне  басқа  да  су 

айдындарының  түбінен  төмен  орналасқан,  ғылыми–техникалық  прогресті 

ескере  отырып,  жер  қойнауын  пайдалану  жөніндегі  операцияларды  жүргізуге 

болатын  тереңдікке  дейін  созылып  жатқан  жер  қыртысының  бөлігі  болып 

табылады.  

Жоғарыда жер қойнауына қатысты айтылып өткен анықтамаларға сай жер 

қойнауынан  пайдалы  қазбалардың,  минералды  шикізаттың  шығуы  мүмкін 

екендігі  көрсетілген.  Минералдық  шикізат  дегеніміз - жер  қойнауының  жер 

үстіне  шығарылған,  құрамында  пайдалы  қазба  (пайдалы  қазбалар)  бар  бөлігі 

(тау-кен  жынысы, кен  шикізаты жəне басқалар). Бұдан  минералды шикізаттың 

жер  қойнауының  бөлігі  жəне  оның  құрамында  пайдалы  қазбаның 

болатындығын көруге болады. Ал, пайдалы қазба бұл – химиялық құрамы мен 

физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру жəне (немесе) тұтыну саласында 

жəне (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға 

мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер 

жəне жерасты сулары [2].  

Жер қойнауын пайдалану құқықтық қатынастарының объектісі ретінде жер 

қойнауына  заң  ғылымының  көңіл  бөлуінің  себебі,  ең  алдымен,  жер 

қойнауының,  оны  қорғау  мен  пайдалану  ұғымдарын  анықтау  арқылы  оның 

реттейтін қоғамдық қатынастың аясын анықтау болып табылады.    

Сондықтан да, жер қойнауын пайдалану құқығының ұғымы мен мазмұнына 

тоқталып  өтейік. «Жер  қойнауы  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы» 

Қазақстан Республикасының заңына сəйкес, жер қойнауын пайдалану құқығы – 

жер  қойнауын  пайдаланушыға  берілген  келісім-шарттық  аумақ  шегіндегі  жер 

қойнауына иелік ету жəне оны пайдалану құқығы болып табылады.  



555 

 

Жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  ұғымын  кеңірек  түсіну  үшін  оны 



объективтік жəне субъективтік тұрғыда қарастыру керек.    

Жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  объективтік  тұрғыда – жер  қойнауын 

пайдалану  мен  жер  қойнауын  пайдалану  құқығын  берудің  тəртібі  мен 

шарттарын,  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  құқықтары  мен  міндеттерін, 

сондай-ақ  жер  қойнауын  пайдалану  құқығының  тоқтатылу  негідерін  реттейтін 

құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.  

Жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  субъективтік  тұрғыда – жер  қойнауы 

учакесін  пайдалану  мен  иелену  жөніндегі  нақты  жер  қойнауын 

пайдаланушының өкілеттіктерінің жиынтығы.  

Жер  қойнауын  пайдалану  құқығының  объектісі  болып  жер  қойнауы 

учаскесі  табылады.  Жер  қойнауы  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы 

Қазақстан  Республикасының  заңында  жер  қойнауы  учаскесi - жер  қойнауын 

пайдалану  жөнiндегi  операцияларды  жүргiзу  үшiн  тұйықталған  шекараларда 

бөлiп көрсетiлетiн жер қойнауының геометрияланған бөлiгi деп көрсетіледі.   

Жер  қойнауын  пайдалану  құқығының  субъектісіне  жер  қойнауын 

пайдалану  саласындағы  заңға  сəйкес  жер  қойнауын  пайдалану  жөнiндегi 

операцияларды жүргiзу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғалар жатады.   

Жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы  құқықтық  қатынастың  міндетті 

субъектісі  ретінде  мемлекет  қатысады.  Бұның  басты  себебі,  жер  қойнауы  тек 

мемлекеттің 

меншігіне 

жататындығында. 

Жер 

қойнауын 



пайдалану 

саласындағы  құқықтық  қатынастарға  Қазақстан  Республикасы  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі,  уəкілетті  органдар  мен  министрліктер  жəне  өзге  де 

мемлекеттік органдар арқылы қатысады.    

Жер  қойнауын  пайдаланушы  табиғат  пайдаланушылар  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  тұрақты  немесе  уақытша  тұратын  жеке  жəне 

заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.      

  Табиғат пайдаланушылар:  

1)  тұрақты  (табиғат  пайдалану  құқығы  мерзімі  шектелмейтін  сипатта 

болады)  жəне  уақытша  (табиғат  пайдалану  құқығы  белгілі  бір  мерзіммен 

шектелген);  

2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы 

табиғат  пайдаланушылардан  сол  құқықтан  айыру  немесе  əмбебап  құқық 

мирасқорлығы тəртібімен алынған) жəне кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану 

құқығы  бұл 

мəртебені  өзінде  сақтап  қалатын 

бастапқы  табиғат 

пайдаланушылардан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.   

Ал, 1996 жылы қабылданған «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану 

туралы»  ҚР  заңында 1999 жылға  дейін  жер  қойнауын  пайдалану  құқығының 

субъектілерінің  қатарына  «шет  ел  мемлекеттері»  мен  «халықаралық  ұйымдар» 

жатқызылып  келді. 2010 жылы  жаңадан  қабылданған  заңда  жер  қойнауын 

пайдаланушылардың өз қажеттіліктері үшін кең таралған пайдалы қазбалар мен 



556 

 

жер  асты  суларын  өндіретін  тұлғалардан  басқаларының  барлығы  кəсіпкерлік 



қызметтің субъектілері болуы керек екендігі көрсетілген [5].   

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану 

туралы» заңының 7-тарауы жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен 

міндеттеріне арналған.  

Жер қойнауын пайдалану құқығы:              

1) беру;                  

2) табыс ету;                 

3) құқық мирасқорлығы тəртiбiмен ауысу жолымен туындайды.         

Жер  қойнауын  пайдалану  құқығының  туындауының  келесідей  түрі - жер 

қойнауын  пайдалану  құқығының  құқық  мирасқорлығы  тəртiбiмен  ауысуы 

болып  табылады.  Жер  қойнауын  пайдалану  құқығының  құқық  мирасқорлық 

тəртібімен  ауысуы  заңды  жəне  жеке  тұлғаларға  қатысты  қолданылады.  

Біріншіден, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер 

қойнауын  пайдалану  құқығына  ие  заңды  тұлғаның  қатысушысы  (акционерi) 

болып  табылатын  заңды  тұлғаның  қайта  ұйымдастырылуы  жағдайында  беру 

актiсi не бөлу балансы негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр 

бөлiгiнiң)  жəне  (немесе)  жер  қойнауын  пайдалану  құқығымен  байланысты 

объектiлердiң  құқық  мирасқорлығы  тəртiбiмен  ауысуына  берiлетiн  құзыреттi 

органның  немесе  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың 

жергiлiктi  атқарушы  органының  рұқсаты  негiзiнде  ғана  жол  берiледi.  Алайда, 

бұл  ережелер  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысанын  өзгерту  нысанында 

ұлттық  басқарушы  холдингтi,  ұлттық  компанияны  немесе  оның  еншiлес 

ұйымын  қайта  ұйымдастыру,  жер  қойнауын  пайдалану  құқығына  ие  заңды 

тұлғаны  қайта  құру  жағдайларында  қолданылмайды.  Сондай-ақ,  бұл  ережелер 

жер  қойнауын  пайдалану  құқығының,  жер  қойнауын  пайдалану  құқығымен 

байланысты объектiлердiң барлығын немесе бiр бөлiгiн:             

- мұндай еншiлес ұйым салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте тiркелмеген 

жағдайда,  қатысу  үлесiнiң  (акциялар  пакетiнiң)  кемiнде  тоқсан  тоғыз  пайызы 

тiкелей  немесе  жанама  түрде  жер  қойнауын  пайдаланушыға  тиесiлi  болатын 

еншiлес ұйымның пайдасына;       

-  жер  қойнауын  пайдалану  құқығының,  жер  қойнауын  пайдалану 

құқығымен  байланысты  объектiлердiң  барлығын  немесе  бiр  бөлiгiн  сатып 

алушы  салық  салуда  жеңiлдiгi  бар  мемлекетте  тiркелмеген  жағдайда, 

əрқайсысында қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз 

пайызы тiкелей немесе жанама түрде белгiлi бiр тұлғаға тиесiлi болатын заңды 

тұлғалар арасында беруге;       

-  егер  осындай  берудiң  нəтижесiнде  тұлға  жер  қойнауын  пайдаланушы 

заңды  тұлғаның  жəне  (немесе)  осындай  жер  қойнауын  пайдаланушы 

қабылдайтын  шешiмдердi  тiкелей  жəне  (немесе)  жанама  түрде  айқындау  жəне 

(немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның, егер осы заңды 




557 

 

тұлғаның  негiзгi  қызметi  Қазақстан  Республикасында  жер  қойнауын 



пайдаланумен  байланысты  болса,  жарғылық  капиталындағы  қатысу  үлесiнiң 

(акциялар пакетiнiң) 0,1 пайыздан кемiне тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi 

тұлғалар  арқылы)  билiк  ету  құқығын  сатып  алса,  жер  қойнауын  пайдаланушы 

болып  табылатын  заңды  тұлғадағы  акцияларды  (қатысу  үлестерiн)  беруге 

қолданылмайды.  Жоғарыдағы  көзделген  жағдайларда  құзыреттi  орган  жер 

қойнауын  пайдаланушы  өтiнiш  бiлдiрген  кезден  бастап  бiр  ай  iшiнде 

келiсiмшартқа  тиiстi  өзгерiстер  енгiзедi.  Ал,  жер  қойнауын  пайдалану 

құқығының,  жер  қойнауын  пайдалану  құқығымен  байланысты  объектiлердiң 

мұрагерлiк  тəртiбiмен  ауысуы  Қазақстан  Республикасының  азаматтық 

заңнамасында белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады [7, 22 б.].           

Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сəйкес, жер қойнауының 

меншік  иесі  мемлекет  болып  табылады.  Қоғам  мүддесі  үшін  мемлекет  əртүрлі 

əдістер  мен  нысандарды  қолдана  отырып  жер  қойнауына  билік  етуге  құқылы.  

Кейбір  мемлекеттерде  жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  мемлекет  акті 

(лицензия, рұқсаттар жəне т.б.) негізінде беріледі, ал өзгелерінде жер қойнауын 

пайдалану  аралас  нысан – лицензиялық-келісім-шарттың  негізінде  беріледі, 

алайда, тəжірибе көрсеткендей ең тиімдісі келісім-шарт болып табылады.  

  

    





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет