Құқық негіздерінің қайнар көздері


Сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру тәртібі



бет16/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру тәртібі.
Сайлау алдындағы үгіт - сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 0 сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс беруді өткізген кезде сайлау алдындағы үгіт қайтадан дауыс беру күні тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 0 сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулерді, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пікір алысуларды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды және заңнамада белгіленген тәртіппен және заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткізу жолымен; баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
Сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу сайлау алдындағы жөнсіз үгіт деп саналады.
Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін бірдей қаражат бөледі, әрбір кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуіне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауына қаражат бөледі.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілейді және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады.
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шет елдердің Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тікелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.
Дауыс беру сайлау учаскесінде сайлау бюллетендері арқылы жүзеге асырылады. Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар енгізіледі.
Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребемен айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары енгізіледі. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргізеді. Сайлау бюллетеньдері мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет