Студенттің білімін пысықтау сұрақтары. 1.Конституциялық құқықтың басқа ғылым салаларымен байланысы. 2.Конституцияда ең көп қарастырылған мәселе. 3.Азаматтықтың маңызы, азаматтықтан айырылыу.
4.Әр елдің азаматынан туылған баланың азаматтығын анықтау.
5.Қазақстандағы қос азаматтық мәселесін атаңыз.
6.Сайлауға алғашқы қатысқан кезіңдегі орындалған тәртіптерді ата.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Ғ.Сапарғалиев.Қазақстан Республикасының Конституцияық құқығы.Алматы. 2004
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 2007(өзгертулер мен толықтырулар)
4.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004
5.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2007
6.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 2003
Лекция 4.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ Жоспар 4.1. Әкімшілік құқықтық қатынастар 4.2. Атқарушы биліктін органдары. Қазақстан Республикасының Үкіметі
4.3.Әкімшілік құқық бұзушылық.
Әкімшілік құқықтық қатынастар Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге арналған.
Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың атқарушылық-өкім етушілік қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.
Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырып, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.
Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды.
Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін заңды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құқық нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, басқару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.
Нақтылы қоғамдық қатынас басқарушылық болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтың реттеу ықпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік басқарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бұл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.
Мемлекетгің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бұл сияқты іс-қимылдар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаруашылық және қаржылық қызмет атқарады және өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.
Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші қызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдық қатынастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік- құқықтық реттеуге жатады.
Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі қоғамдық қатынастарды басқарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:
а) мемлекеттің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен салалық министрліктердің, олардың аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.
б) біріне-бірі бағынысты емес әртүрлі мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, заң жүзінде тең құқылы Қазақстан Республикасының екі министрлігінің, тең құқылы жергілікті атқару органдарының және басқалардың арасындағы қатынастар;
в) мемлекеттік басқару органдарының және оларға бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазақстан темір жолымен оның бағынысындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар;
г) мемлекеттік басқару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердін және басқалардың арасындағы қатынастар;
д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктердің арасындағы қатынастар;
е) мемлекеттік басқару органдарымен және Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы қатынастар; Мысалы, қала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.
Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін басқадай қоғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның қатысуынсыз басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы қатынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне қатысты биліктік өкілеттік берілмеген.
Заңды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық қатынастар да өздерінің мәні бойынша басқарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа қатынастар жатады.
Басқару органы да, мемлекеттік (мемлекеттік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйым да, сондай-ақ азамат та басқару қатынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болатын жағдайларға толығынан сәйкес келеді.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардын бір түрі болып табылады. Оларға қандайда болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі,соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын(мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау)және с.с. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдык қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар: I. Басты ерекшелік - тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа тарапқа қатысты әрқашанда заңдық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да- басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасыбойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуі тек қана мүмкіндігі емес, сонымен қатар, көпшілігіне, олардың тікелей міндеті екендігін ескеру керек.
3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен,яғни өкілетті басқару органынын немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты әкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігіекінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамның) алдында пайда балады. Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып жүрген заңдарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-құқықтық даулар тобының кеңейе түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.
Әкімшілік құқықтың теориялық әдіснамасы атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер мен ведомстволар, өзге де орталық атқарушы органдар, әкімияттар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен жэне өздерінің кұзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.
Әкімшілік құқықтың теориялық және әдіснамалық мәселелері жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты.Әкімшілік құқық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім басқару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ол өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тыйым салу -белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды. бұл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен заңды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей кұзіретін айқын реттеуден көрінеді.
Атқарушы билік органы-мемлекеттік билікті атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекетік-баскарушылық, қызметі жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық, қатынастардың пайда болуы мүмін емес.Атқарушы билік органы,заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни, ол мемлекеті қорған ретінде мемлекеттік баскару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәрттіппен құрылатын мемлекеттік мекеме.Атқарушы билік органы өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Заң мемлекеттік басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субьектілері-мемкемелерң ұйымдар.Республикалық та, сондай-ақ, аймақтық, та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады.
Осы зандылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар ішінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ақ әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Жоғарғы деңгейде дамыған әлсуметтік, демократиялық елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе .әкімішілік құқық дегеніміз Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен жэне нормативтік-құқыктық актілермен бскітілген, жалпыға міндетті нормалар жүйесі.Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқықтарының бірі-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен әкімшілік құқықтық кепілдіктері болып табылады..Бұл атқарушы органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуына байқау жасау туралы, оларды тікелей қорғау туралы, ақырында оларды бұзған жағдайда әкімшілік-құқықтық санкциялар қолдану туралы іс әрекеттерді жүзеге асыруы. Ал, әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілері әрқашанда белгілі, яғни олар белгілі құқықтар мен міндеттерге ие әкімшілік құқықтық атынастардың қатысушылары, құқықтық қатынастардың тараптары. ерекшеліктеріне сипаттама беру қажет. Сонымен қатар, әкімшілік құқықтың субъектілері төменде аталған 3 талап орындалған жағдайда ғана, әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады. Яғни, әкімшілік құқытық қатынастардың субъектілері болу үшін:
Субъектінің құқықтыры мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқытық норма болуы керек;
Субъектінің әкімшілік құқықтыққабілеттігі және әрекет қабілеттігі болуы керек;
Әкімшілік құқытық қатынастарды тудыратын, өзгертетін немесе жоятын негіздер, яғни заңды айғақ болуы керек.
Азаматтардың әкімшілік-құқықтың мәртебесін қарау, әдетте, бір жақты реакция тудырмайды. Қайта құру даурықпасы және мемлекеттіліктің егемендігінің нығаюы азамат пен мемлекеттің артықшылығы немесе формалды теңдігі туралы орынсыз үміт тудырды. Дәстүрлі "азамат" ұғымы ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және мемлекет пен оның аумағында туған немесе сонда азаматтық алған азамат арасындағы заңдық байланыс бұрынғы мәнін сақтауда, бірақ азаматтықты танудағы шешуші рөлдің мемлекетке берілгендігін ұмытпаған жөн.ҚР азаматтарының әкімшілік құқықтық мәртебесі, олардың ҚР Конституциясымен, „ҚР азамттығы туралы” ҚР заңымен және басқа нормативті актілермен бекітілген азаматтардың жалпы құқытық мәртебесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Әкімшілік-құқықтық мәртебенің құрылымы мына элементтерден тұрады: әкімшілік құқықтық субъектілік, әкімшілік құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік; азаматтардың құқықтары мен бостандығына әкімшілік-құқықтық кепілдік. Әкімшілік құқықтық қабілеттік бұл азаматтардың белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болуы, сонымен қатар олардың аталған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында белгілі жауаптылыққа ие болуы. Әкімшілік құқықтық қабілеттік жалпы ережелерге сәйкес азаматтың дүниеге келуімен пайда бола отырып, оның өмірінің аяғына дейін сақталады.Әкімшілік әрекет қабілеттік бұл азаматтардың өз әрекеттерімен өздеріне белгілі құқықтар мен міндеттерді пайда етуі.Әкімшілік әрекет қабілеттік келесі түрлерге бөлінеді:
а) толық әрекет қабілеттік азаматтың 18 жасқа, яғни кәмелетке толуымен басталады;
ә) толық емес /шектеулі/ әрекет қабілеттік азаматтың 16 жасқа толуымен басталады;
б) жартылай әрекет қабілеттік азаматтың 14 жасқа толуына байланысты басталады.
Әкімшілік құқықтық субъектілік бұл азаматтың белігілі әкімшілік құқытық қатынастарға қатысуышы болуының мүкіндігі, яғни әкімшілік құқықтық қабілеттік пен әрекет қабілеттіке ие болуы. Әкімшілік құқытық субъектілік өз тарапынан келесі түрлерге бөлінеді. а) 18 жастан басталатын жалпы әкімшілік құқықтық субъектілік;
ә) арнайы әкімшілік құқықтық субъектілік - кейбір әкімшілік құқықтық қатынастар үшін субъектінің белгілі жасқа немесе белгілі лауазымға ие болуы қажет. Мысалы: Парламент депутаты немесе судья болу үшін азамат 25 жасқа толуы қажет.б)салалық құқықтық субъектілік , яғни салалық әкімшілік құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік; Жоғарыда аталған азаматтардың әкімшілік құқықтық субъектілігінің негізі, яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттері келесі түрлерге бөлінеді:
Жалпы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекетік басқару жүйесіндегі жалпы құқықтық жағдайын белгілейді.
Арнайы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесінің белгілі бір саласындағы құқықтық жағдайын реттейді
Азаматтың құқығы мен бостандығын тек заңдар ғана шектейді және олар конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығы мен өнегесін сақтау үшін қажетті мөлшерде ғана шектеледі.Біріншіден, қызметтің кез-келген формасы, адам одан бойын аулақтатпауы үшін, еріктілікпен және еркін таңдалған болуға тиіс.Сондықтан да, құқықтық мәртебенің орталық элементі адамның мойындалған абсолюттік және ажыратылмас құқықтары мен бостандығы болуға тиіс, олар нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды. Екіншіден, құқықтың көптеген салалары өзара байланыста болғандықтан, әкімшілік-құқық нормалары, едәуір шамада фактілерді растауға, құқықтар мен міндеттерді шешуге және жүзеге асыру тәртібіне бағдар алған. Яғни, билік органдарының қатысуы едәуір, себебі олар (органдар, лауазымды адамдар) өздерінің әрекеттерімен азаматтардың құқықтық субъектілігін растайды. Үшіншіден, әкімшілік және құқықтың басқа да салалары азаматтардың мұқтаждығын қанағаттандырудың (материалдық, ақпараттық және басқа) жеке дара немесе ұжымдық формасын анықтайды. Азаматтар құқықтарының және бостандығының ұйымдық, құқықтық және басқа (әлеуметтік және т.б.) кепілдіктері әкімшілік-құқықтық мәртебенің элементтері болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар азаматтар мен мемлекеттің өкілетті органдары арасында қалыптасатын нормаларды реттейді деп бұрын айтылған болатын. Осыған байланысты мынадай заңдылыққа назар аударайық. Қатынастардың тұрақтануында қандай да бір ыңғайсыздық тудыратын, атқарушы билік органдарының (министрліктер, ведомостволар, агенттіктер) құрылымындағы жиі өзгерістің болуы мемлекет пен азаматтардың маңызды сұранымдарын қанағаттандыра алатындай орган құруға талпыныс екендігін көрсетеді. 2011 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы да "азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың және қорғаудың қамтамасыз етілуін, азаматтардың шағым-арыздарының заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралуын, олар бойынша тиісті шаралар қабылдануын мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндеттері ретінде қарастырады . Басқарудың барған сайын басқарушылық қызмет көрсету, азаматтардың мүдделерін қамтамасыз ету өрісіне айналып бара жатқанын ескерсек, атқарушы билік құрылымдары алдағы уақытта да өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңы азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етудің қосымша кепілдіктерін қарастыратын бірқатар жаңа ережелер енгізді:
1) Үкімет антының мазмұны қоғамның дамуына көмек ету, Қазақстан халқының мүддесін дұрыс білдіре алу міндеттемесімен байланысты;
2) Үкімет мүшелері өз өкілеттігі шегінде өз бетімен шешім қабылдауға құқылы және өзіне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін немесе тапсырылған жұмыс учаскесі үшін Премьер-министр алдында жекелей жауап береді;
3) ҚР Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де мемлекеттік басқару органдарының тізімдемесі, сол органдар жүйесін жетілдіруге бағдар алған.Басқарудағы жаңа үрдістер жеке адамның өзі сияқты және өзімен қатынасқа тартылған жеке тұлғалардың нақты іс-әрекетіне қарағанда формалды нормаларға онша назар аудармайтындығын ескереді. Бұл идеяның контексінде азаматтар да, уәкілетті органдар да заңға бағынады, бұл қатынастардың субъектілері бастапқыда тең құқылы (теңдей құқықтық мүмкіндіктері бар) деп танылады. Олай болмаған жағдайда заң озбырлықтың құралына айналады.
Сонымен қатар, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы азаматтар мүддесін қамтамасыз ететін бірқатар императивтік талаптарды қарастырады:
азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда жарияланады;
құқықты қолдану тәжірбиесінде нормативтік құқықтык актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылады;
салааралық сипаттағы нормативтік қүқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының қаулыларынан басқа, азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты басқа актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін құқықтық қолдануға жатады (тіркеу олардың күшіне енуінің шарты болып табылады).
Әрекеттегі заңдар азаматтардың шағым-арыздарын қараудың тәртібін белгілейді. Тәртіптің өзі шағым-арыздың сипатын барынша толық баяндайды, белгілі бір іс жүргізу мерзімінде шағымданудың жеке және ұжымдық формасын белгілейді, оған: ұсыныс, арыз, шағым, пікір, сұраным жатады. Азаматтың шағым-арызының мазмұны туындаған мәселені шешу мүмкіндігімен ғана шектеліп қалмайды, шағымданған адам: 1) өз уәждерін келтіруге; 2) қосымша материалдар ұсынуға; 3) дәлелді жауап алуға; 4) шағым бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған органға шағымдануға немесе 5) сотқа жүгінуге құқылы. Әрбір азамат заңда белгіленген тәртіпте тек мемлекеттік қызметке ғана емес, саяси және әкімшілік қызметкерлердің мүдделерін қамтамасыз ететін тиісті құқықтық кепілдіктерге де құқылы. Заңдар азаматтар тәртіптік жаза алған жағдайда да олардың толық қанды қызмет атқаруы үшін мүмкіндік тудыруға кепілдік береді.Белгілі бір әкімшілік режимі белгілеген кепілдіктерді әкімшілік-құқықтық кепілдіктер жүйесіне жатқызуға болады. Мұндай құқықтық режимдер мыналарды қамтамасыз етеді:
- қоғамдық тәртіп ережелерін регламентациялау, багажды, жүкті тексеру (қарау), заңсыз әрекеттерді тию арқылы жеке қауіпсіздікті;
- санитарлық-карантин шараларын және белгілі бір аумақта болу және ол арқылы жүріп өту тәртібін белгілеу барысында денсаулық қауіпсіздігін;
- қызмет түрлерін (лицензиялау, стандарттау, қадағалау), мемлекеттің қызметі мен аумағындағы объектілерді (кірудің, жүрудің және шығудың тәртібін) реттеу процесінде белгіленетін басқа да қауіпсіздік шаралары.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік құқық субъектісі болып табылады. Бұл жеке тұлғаларда жалпы құқықтар мен міндеттерден басқа арнайы құқықтық мәртебе болады. Әкімшілік құқық тұрғысынан алғанда бүл адамдарда тиісті құқықтық рәсімдеу болады, олар тұрақты тұратындар және уақытша келгендер болып топтастырылады. Ішкі істер органдарынан Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұратын шетел азаматтары тұрақты тұратындар болып танылады. Басқадай заңдық негіздермен жүрген шетел адамдарды уақытша келгендер қатарына жатады.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұрғандығына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына бағынады. Бұл тәртіптен ауытқу үшін Қазақстан азаматтардың бұл санаттарының құқықтарын шектейтін белгілі бір заңдар қабылдауы тиіс немесе Қазақстанмен арада жасалған және ол бекіткен халықаралық келісім болуы қажет. Азаматтармен, шетел азаматтарымен, азаматтығы жоқ адамдармен (жеке субъектілермен) қатар ұжымдық субъектілерді және қоғамдық құрылымдарды (бірлестіктерді) өзінше дербес санатқа жатқызуға болады. Кейбір жетекші ғалымдар (Д.Н.Бахрах, т.б.) екі мүшелік топтастыруды: жеке және ұжымдық субъектілер деп қарауды ұсынады. Оқу тұрғысынан алғанда мұндай топтастыру дұрыс және ол мәртебеге сипаттама беруде қиындық тудырмайды. Ұжымдық субъектілердің көбісі әрқашан да субъект болып таныла бермейді. Мысалы, әкімшілік-аумақтық бөліністер, муниципалдық қауымдастықтар жеткілікті зерттелген жоқ, сондықтан да олар әкімшілік құқык субъектісі ретінде қарастырылмайды. Ал, құқыктың басқа салаларында субъектілердің мұндай топтамасы тек меншік формасымен ғана шектелмейді. Мысалы, жерді пайдалану қүқығының субъектілеріне: 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес; 2) ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар; 3) жеке және заңды тұлғалар; 4) уақытша және тұрақты; 5) бастапқы және қосымша субъектілер жатады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы (оның уәкілетті органдары) этникалық топтарды өзінің тарихи отанына қайта оралу жөнінде әрекет жасауда. Мұндай және басқа да жағдайларда шетелдік төлқұжат және келуге виза болса тиісті рұқсат тәртібі белгіленеді, егер Қазақстан мен екінші тарап басқадай тәртіп орнатпаған болса, қабылдайтын жақтың шақыруы және оған уәкілетті органның рұқсаты виза беру үшін негіздеме бола алады.