Құқық негіздерінің қайнар көздері


Қылмыстық істерді сотта талқылау



бет52/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Қылмыстық істерді сотта талқылау
Қолданыльп жүрген зандарға сәйкес хатгама дегеніміз — іс жүргізушілік құжат, онда анықтаушы немесетергеуші жасаған немесе даярлық мәжілісівде және басты сот талқылауында орын алған әрбір іс жүргізушілік іс-әрекет сипатталады. Осындай қорытьшдыланған ұным сот ісін жүргізудің әр түрлі кезеңдерінде құқықтық қатынастарды реттейтін бірқатар өзге де нормаларда өзінің дамуын тапты. Атап айтқавда, ҚІЖК-де іс жүргізушілік құжаттарды тергеу және сот құжаттары деп бөлу байқалады. Құжаттардың хаттамаларға қатынасы жалпының жалқыға қаты-сы екенін ескерсек, хаттамаларды іс жүргізу процесін құрайтын тергеу іс-өрекетіне және сот іс-әрекетіне бөлудің заңдылығы туралы қорытывды жасаймыз. Кезендік белгілері бойьшша хат­тамаларды саралаудың әдістемелік сипаты бар және олардың мәңдік-танымдық қырына байланысты ерекшелік сипаттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамаларынын, арасывдағы айырмашылықгы айкындау маңыз-ды. Оның маңыздылығы іс жүргізу кезеңдеріне қарамастан хат­тамаларды жасайтын жалпы ережелерді белгілейтін анағұрлым маңызды сипаттарды салыстыру арқылы көзге түседі. Мәселе мынада: ҚІЖК-іңде "хаттама" туралы түсінік берілмеуімен қатар сот процесівде жасалатын кез келген хаттамаға койылатын жал­пы талалтар туралы нормалар жоқ. Сонымен бірге занда тергеу істерінің хаттамаларын (ҚІЖК-нің 203-бабы) жене сот істерінің хаттамаларын (ҚІЖК-нін 328-бабы) қалыптастырудың тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. Бұған қоса занда жекелеген тергеу іс-әрекетінің хаттамаларын жасауға түсінік беріледі (мәселен, тінту немесе алып қою хаттамасы туралы ҚІЖК-нің 234-бабы, жауап алудың хаттамасы туралы ҚІЖК-нің 218-бабы және т.б.), алдын ала тергеу міндетті емес істер бо-йынша жасалатын айыптау хаттамасының мазмұнына дербес түсініктеме береді.
Тергеу және сот іс-әрекеті хаттамаларынын негізгі ерек-Іделіктері мыналардан көрінеді:
әрбір тергеу іс-қимылы, оньщ ішінде жекелеген тергеу іс-әрекеті дербес хаттамамен ресімделеді;
сот тергеуі уакытысында жүргізілетін барлық сот іс-қимылы сот мәжілісінің бірыңғай хаттамасымен ресімделеді;
- белгіленген жағдайларда тергеу іс-қимылының бірқатар хаттамаларының алдында оларды жасау туралы қаулы міндетті түрде қабылдануға тиіс (мәселен, тергеу сараптамасын жүргізген жағдайда).
Алдын ала тергеу кезеңіне мынадай хаттамалар жатады: сезіктіні қылмыс жасады деп ұстау; сезіктіден жауап алу; теле­фон және озге де үн таспадағы әңгімелерін тындау; оқиға бол-ған жерді қарау; куәландыру; жауаптарын оқиға болған жерде тексеру; тергеу сараптамасы; тінту және алу; куәгерден жауап алу; бетае-бет жүздестіру; тану және тану кезінде жауап алу; жәбірленушіден жауап алу; айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысына кол қоюдан айыпталуіпының бас тартуы; айыпталу-шыдаи жауап алу; айыпталушыға сараптама қорытывдысымен біргеқұқықтарынтүсіндіру; айыпталушыны және оньщ қорғау-шысын іс материалдарымен таныстыру; жәбірленушіні, азамат-тык талапкерді, азаматтық жауапкерді іс материалдарымен та­ныстыру. Сотқа дейінгі кезендерде басқа да процессуалды іс-әрекеттердін хаттамалары жасалуы мүмкін, оның ішінде ҚІЖК-де көрсетілмегеңдері де бар. Оған, мәселен, азаматтар әкелген айғақ көздерін қабылдаудың хаттамасы жатады. Осыған байла-нысты В. Т. Томин былай деп әділетті түрде атап өтгі: "Мұндай жағдайларда мынадай ереже жұмыс істейді, егер қылмыстық істі тергеуге байланысты іс-әрекет жүргізілсе және олардың бары-сы мен нәтижелері қылмыстық істі шешу үшін маңызды болса, оңда олар туралы хаттама жасалуға тиіс"1. Сипатталған жағдай-ларда хаттама жасаудың кұкьіқтық негізі бар деп ойлаймыз, бұл жерде хаттаманың анықтамасы — қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жасалатын әрбір процессуалдық іс-әрекет баяндалуға тиіс іс жүргізушілік құжат түрінде көрінеді.
Сотқа дейінгі қызмет барысында хаттамамен рәсімделетін процессуаддык іс-әрекеттердің мазмұны құжаттарды қосымша түрлерге саралауға мүмкіндік береді: 1) дәледдеу негізін қамта-масыз етуге бағытталған іс-әрекеттің хаттамалары; 2) сот ісін жүргізугеқатысушылардың іс жүргізушілік құқықтарын жүзе-ге асыруга багытталған іс-әрекет хаттамалары. Бірінші қосым-ша түрге жекелеген тергеу іс-әрекеттерінің хаттамалары жата­ды (жауап алу, қарау, тану, мәйітті сойып керу, телефон және езге де әңгімелерді тындау, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу, тінту, алып қою, тергеу сараптамасы, оқиға болған жерде жауаптарды тексеру, ұстау, куәлаңдыру, бетпе-бетжүздестіру). Екішпі қосымша түрге айыпталушының айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыға қол қоюдан бас тартуы, сарапта­ма тағайындалған кезде айыпталушыға құқықтарын түсіндіру, айьшталушыны және оның қорғаушысын іс материалдарымен таныстыру, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді және азамат-тық жауапкерді материалдарымен таныстыру хаттамалары жатады. ҚІЖК-де бекітілген жекелеген хаттамаларды жасаудың ережелеріне сүйене отырып, қылмыстық процестегі кез келген хаттамаларды жасауға орынды түрде қойылатын жалпы талап-тарды тұжырымдауға болады. Біз осьшдай талаптар ретінде мы-наларды санаймыз:
Хатгамаларды жасау уақьпы ҚІЖК-нің 203-бабьша сәйкес тергеу іс-әрекетінің хаттамасы, ҚІЖК-нің 328-бабына сәйкес басты сот талкьілауының хаттамасы тікелей тергеу немесе сот іс-әрекеті барысында жасалады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жащайда тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу жасалганнан кейін кідіріссіз жасалады. Бұл жерде уақыг факторы ете маңызды, ейткені кідіру кағазға түсірілген акдараттың толық болмауына, объективті болмауына эсер етуі мүмкін.
Хаттаманы жазу тәсілі. Хаттама колдан жазылуы немесе машинкаға басьшуы керек. Тергеу іс-әрекетінің барысы мен нәтижелері нысаналы бланкілерде көрсетіледі. Мұның озі хаттамалар жасауға кететін уақытты елеулі түрде қыскартады және заң белгілеген реквизиттердің сақталуына көмектеседі, бұған қоса сот ісін жүргізудің мәдениетін кетереді.
Хаттамага ескертулерді іс-әрекетке қатысушылар өз қолы-мен жазуы мүмкін. Стенографиялаугажол беріледі, бұл орайда стенограмма хаттамаға қоса тіркеледі. Тергеу істерін жүргізген кезде үн таспаны және видео жазуды қолдануға рұқсат етіледі. Үн таспаға жазылған ауызша сөз міндетті түрде хаттамаға тіркелугетиіс.
3. Хаттаманықмазмры. Хаттамадапроцессуалдыкіс-әрекет жүргізудің орны мен күні; іс-әрекетке қатысқан адамдардың тізбесі көрсетілуге тиіс; іс-әрекеттің барысын баяңдау ҚІЖК-нің ұйғарымдарына сәйкес олардың деңгейіне карамастан іс жүзінде орын алған тәртігшен катаң түрде жүргізі луі тиіс; адамдардың жауаптары, өдетте, сөзбе-сөз хаттамаға енгізіледі. Сонымен біргесозбе-сөз жазудөрекі, басы артық сөздерді коспайды.
4. Хаттамаларды ресімдеу. Хаттаманың мазмұнымен іс жүргізушілік іс-әрекеткекатысуіпылардың бәрінде таныстыру қажетті ереже болып табылады, мүның өзі іс-әрекетке қатысушылардың бәрінін де қол қоюымен рәсімделеді. Бұл орайда қол қоюды жүргізу мыналарға: 1) іс-әрекетке қатысушыларға процессуалдықкұқыктары мен міндеттерін түсіндіруге; 2) тұтас алғанда хаттама мазмұнын таныстыруға байланысты болуы мүмкін.Хаттамаға енгізілген барлык өзгерістер мен толыктырулар туралы хаттамада арнайы ескерту жазылады. Хаттамаға тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде орындалған фотосурет негативтері мен суреттер, кино таспа, диапозитив, жауап алудың фонограммасы, сызбалар, іздердің көшірмелері мен таңбалары тіркелуі мүмкін. Мұндайқосымшалардьщ сипаты, мазмүныту-ралы хаттамада міңцетті түрде керсетіледі.
Тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамаларының сот ісін жүргізу үшін маңызы олардың құқықгық мәнісімен айқындала-ды, не атқаратын рөлі мен іс жүргізушілік функциялардың өзара байланысынан көрінеді. Хаттамалардың сипаты, мазмұны оларға жуктелетін қүқықтық салмаққа байланысты, өйткені процессуалдық құжат тұтас алғанда өзгеше құдықтық катынастардың формальды керінісі болып табылады. Осыған байла­нысты Н. Г. Муратованың мынадай пікірімен келіспеу мүмкін емес, ол былай деп атап көрсеткен болатын: "Қылмыстық іс жүргізушілік актілер қылмыстық іс жүргізушілік қызметтің нысаны болып табылады... совдықтан олар түтас алғанда және әрқайсысының жеке түрде салыстырмалы дербес қызметі бо-лады және белгілі бір рөлдер мен функцияларды орындайды".
Тергеу және сот іс-қимылының хаттамалары уәкілетті адам-ның (органньщ) және процеске өзге де катысушылардың ара-сындағы қалыптасқанқүқықтық қатынастарды білдіреді. Мәсе-лен, жауап алудың хаттамасьш талдай отырып, жауап алынған адамның іс жүргізушілік жағдайы туралы қорытынды жасауға болады. Егер сонғысының орньшакуәгер сөз алатьш болса, онда ол басқа да міндетгермен қатар жалған жауап бергені үшін қыл-мыстық жауапкеріпілікке тартылады. Егер жауап алынатын адам айыпталушы болса, овда шындықты айтып жауап беру ол үшін мівдет емес, қүкық болып табылады. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың мәртебесівдегі мұндай айырмашылықтар, олардың завды қүқықтарын жүзеге асыруы мен міңцеттерін орывдау деңгейі істі жүргізу кезіндегі зандылық принципінің сақталуы туралы пайымдауға мүмкіндік береді.
Тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамаларына түсірілген акда-рат іс жүргізушілік мерзімдердің сақталуы үшін бақьілау жасау-ды жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл, әсіресе мерзімдерді бұзу елеулі құкықтық салдарларға әкеліп соғатын жағдайларда аса маңызды. Мәселен, қылмыс жасады деп сезіктіні ұстаған уақыт-тағы хаттама жасалган күн адамды қамаудан босату туралы шешім қабылдаған уақытта аса маңызды өлшемдердің бірі болып табылады.
Тергеу және сот іс-әрекетінің хатгамалары куәландыратын рел атқарады, ейткені олардьщ мазмұны процессу алдық іс-әре-кет барысын дәлме-дәл қалпына келтіруге және оның заң белгілеген ережелерге сәйкестік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Тергеу іс-әрекетінің хаттамалары мазмұнын соттын зерделеуі судьялардың ішкі сенімін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мұның өзі істің мәні бойынша занды және әділетті шешімшығарудың басты шарты болып табылады.Сот іс-әрекетінің хаттамалары апелляциялық және қадағалау инстанцияларына бірішпі инстанциядағы сот шығарған шешімнің зандылыгын айқындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет