Құқық негіздерінің қайнар көздері


Әділет органдарының қызметін



бет55/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75
Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, сот әділдігін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешіп, оның міндеттеріне тікелей жәрдемдеседі. Олардың жекелеген қызметтері, бөлімшелері азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен (нотариаттың, жылжымайтын мүлік агенттігінің, АХАЖ мекемелерінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді, заңды тұлғаларды тіркеумен) айналысады.
Қылмыстық қудалау құқық бұзушылықтың әлеуметтік ең қауіпті түрлері - қылмыстарға қарсы күреске бағытталған. Ол қылмыстарды табу мен ашу, оларды жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудан көрінеді.
Адвокатураның қызметі көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды білікті заң көмегін көрсету жолымен құқықтық корғауды қамтамасыз етуге тиіс, ондай көмек, мысалы, сотта азаматтық және өзге де істер бойынша олардың мүдделерін білдіру, негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және т.б. арқылы көрінуі мүмкін.
Құкық қорғау қызметі белгілі бір дәрежеде барлық құқық қолдану субъектілеріне тән, бірақ ол біреулер үшін негізгі, басқалар үшін екінші дәрежелі қызмет болып табылады. Құқық пен қоғамдық қатынастардың тұрақтылығына мүдделі мемлекет құқық қорғау үстемдік ететін, кейде бірден-бір міндеті болатын органдарды арнайы құрады. Мысалы, прокуратура заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, сот органдарында мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Ал құқық қорғау шараларына қатысатын басқа органдар, айталық, Парламент немесе Үкімет олар сияқты емес, өйткені олардың негізгі міндеттері тиісінше заң шығарушылық және атқарушылық болып табылады. Демек, құқықтық нормалардың сақталу мен дұрыс қолданылу жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде арнаулы өкілеттік берілген, құқық қорғау міндеттері басым болатын органдарды құқық қорғау органдары деп түсіну керек. Мәселен, Конституциялық Кеңесті, сотты, прокуратураны, юстицияны, адвокатураны, қылмыстык қудалау органдарын құқық қорғау органдары мен мекемелеріне жатқызуға болады.
Егер алғашқы бес мекеме дербес, тәуелсіз құрамалар болса, анықтауды және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметтердің көпшілігі өз кезегінде құқық қорғау шеңберіне сыймайтын едәуір кең көлемді өкілеттік тобы бар басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Мысалы, оларға Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық полициясы, кеден комитетінің анықтау қызметтері және басқалар жатады.
Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын олардың құқық қорғау шараларымен айналысатын бөлімшелерінін басқа құрамалар арасында едәуір көп үлес салмағы бар деген пікірлер бойынша толығымен құқық қорғау органдарына жатқызуға болады.
Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары ауқымының, олардың құзыреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн. Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге кызмет етеді. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтык мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады.
Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды. Алайда соңғы кезге дейін отандық ғылымда осы проблемаға тиісті көңіл аударылған жоқ. К.Х. Халыковтың, Г.Ж.Сүлейменованың жұмыстары сот билігі проблемаларын зерттеуге арналған. Тек 2001 жылы сот билігі құбылысын зерделеуде Қазақстан ғылымының олқылықтарын толықтырған Қ.Ә.Мәмидің монографиялық зерттеуі жарық көрді.
Бұл мән-жайлар "сот билігі" ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және жақында - 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырым қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот - құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды.
Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды болды. Мәселен, М.В. Баглай сотты адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде рөлін көрсете отырып, "Тәуелсіз сот билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты кепілі бола бастады. Осы көзқарасты В.И. Раученко, В.П. Кашенов, К.Ф. Гуценко және В.М. Ковалев және т.б. бөліседі.
Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін жүзеге асырумен байланыстырады. Мәселен, У. Жекебаев және В.К. Бобров, сот билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды. К.Х. Халықов, сот төрелігі ұғымын зерттеп, оны соңғысын сот билігі ретінде жеке (тар) және кең мағынада қарастырады.
Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектеуге болмайды. Алайда Қ.Ә. Мәми дұрыс ажыратқандай "сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни мемлекет тетігінде оның рөлі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет. Сот билігін, - дейді В.М.Савицкий, - құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдары-ның бірі ретінде азаматтық немесе құқықтық нормаларда көзделген нақты істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды. ... Қазіргі сот билігі бұрын әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін.
2010 жылы 25 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Респуб-ликасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңының, 1-бабында "Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен кылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алка заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі", деп айқындап көрсетілген талқылауларға нүкте қойды. Заң шығарушы сотты істі алқалық немесе жеке қарайтын сот билігі органы деп санайтынын көрсеткен жөн (ҚІЖК-нің 7-ба-бының 1-тармағы). Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттігін кәсіпқой негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады. Жоғарғы Соттың, облыстык және оларға теңестірілген соттардың, аудандық (қалалык) және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен тұрақты судьялар, Жоғарғы Соттың, облыстык және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары, сот учаскелерінің аға судьялары судь­ялар болып табылады.
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыкка алуға) бағынуга тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді дұрыс қолданумен катар, олардың Конституцияға, сондай-ак жал­пы танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, заң шығарушылық билік органдары (соттарды ұйымдастыру және олардың қызметін регламенттейтін заңдарды қабылдаумен қатар) ҚР Парламенті Сенатының атынан:
- ҚР Жоғарғы Сотының судьялар корпусын қалыптастырады;
- судьяларды осы соттың лауазымынан босату туралы мәселені шешеді;
- ҚР Конституциясының 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда судьяларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім береді және т.б.
Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарын, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау арқылы бақылау құқығы берілген. Өз кезегінде, атқарушы билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен судьясына үміткерлерді Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге, Әділет министрлігі мен оның басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру бойынша олардың қызметін басқаратын және бақылайтын орган болып табылмайды. Олар судьялардың тәуелсіздігі және тек Конституция мен заңға бағыну әрі сот төрелігін атқару бойынша олардың қызметіне араласпау қағидатын қатаң сақтау жағдайында заңмен берілген функцияларды жүзеге асырады.
Осылайша, сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс-қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет