Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны
Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны
3.Мәжбүрлеу шаралары.
3.Дәлелдемелер және дәлелдеу.
4.Сот шешімінің мәні және маңызы, түрлері, құрлымы, мазмұны.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Ғ.Сапарғалиев Қазақстан Респубикасыың Конституциялық құқығы Алматы. 2004
3. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы(өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
4 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Е.Баянов, А.,2007
5.Ғ.А. Жайлин «Азаматтық құқық» Жалпы бөлім. І Том. Алматы 2003 ж.
6.Н.Ағыбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы.Алматы.,2002
7.Агыбаев А.Н., Баймурзин Г.Ы. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть (учебно - методическое пособие) - Алмата, 1998 г.
Тақырып 10. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары
Жоспар
10.1.Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме.
10.2.Қазақстан Республикасының прокуратурасы
10.3.Адвокатура және нотариат түсінігі, түрлері.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
Қолданылып жүрген заңдарда «құқық корғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжатгар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау кызметін құқық қатынастары субъектілерінін санасы мен мінез-құлқына зан жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |