І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


  «ЭКСПО- 2017» көрмесін өткізудің тарихи маңызы



Pdf көрінісі
бет59/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
2. 
«ЭКСПО- 2017» көрмесін өткізудің тарихи маңызы. 
2012 жылы Қазақстан Республикасы өз елінде халықаралық көрме өткізу құқығын ұлкен бәсекелестікте жеңіп 
алды.Бұл Қазақстанның зор табысы болды. Астана қаласында өтетін бұл көрме әлемдік экономика тарихында 
«ЭКСПО- 2017» деген атпен қалатын болады. «ЭКСПО- 2017» Орталық Азия өңірі және ТМД аумағында өткізілетін 
алғашқы бүкіләлемдік көрме болады. Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының мүшелігіне 1997 жылы 
қабылданған болатын. Экспо көрмесі-бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік 
тартымдылығы жағынан әлемнің ең танымал спорт жарыстарымен теңдес ауқымды оқиға. «ЭКСПО- 2017» көрмесінің 
басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы». 
 
3. Ортағасырлық ғұламалар Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридің
еңбектеріне талдау жасаңыз. 
Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари үш кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мәңгі өшпес мұра 
қалдырды. Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралып шыққан. Атақты орыс ғалымы 
А.Н.Кононов Махмуд Қашғаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түркі тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб 
тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды дейді. Ал екінші бір түркі тілінің маманы Н.А.Баскаков Махмуд 
Қашғари өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деген 
пікірді айтады.Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кезлдегі түріктердің мекен-жжжайлаарының аты-жөні, олардың 
тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Сондықтан өзінің деректілігі жағынан бұл 
ешбір баға жетпес еңбек болып табылады.
Жүсіп Баласағұни Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы , ақын. Оның атақты «Құт негізі-білік» («Құтадғу 
білік») атты еңбегі ХІ ғасырға дейінгі түркі тілдес халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұндағы 
ғылыми еңбек. Мұнда түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным-сенімдері туралы 
мағлұматтар көптеп кездеседі. Бұл еңбек бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ. Бұл еңбегін Сүлеймен 
Арслан ханға сыйға тартқаны үшін Ұлы хас-хажип деген лауазым алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет