1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды., кейінірек ол басқа қалаларға да
таралды. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер де әсер етті.
Желтоқсан қозғалысы-ұлт-азаттық тарихында ерекше орын алды.
Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түле
кезеңінің басы болды.Ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. Ол бүкіл халықтың рухани өміріне ісер етіп, ұлттық
сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды.
3. Сақтардың Шығыс Қазақстан өңіріндегі археологиялық
ескерткіштерін картаға белгілеңіз.
Шығыс Қазақстанның
далалық аймақтарында, қазіргі Зайсан ауданының жерінде- Шілікті ескерткіштері.
Шілікті жазығында 200-дей ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 50-ден астамы патша немесе ақсүйектер
ескерткіштері саналады.
Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымынан 40-тан астам обалар табылған.Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9
метр.
28-билет
1.
Қыпшақ мемлекеті (территориясы,
этникалық құрамы, саяси тарихы)
2.
Патшалық Ресей және Кеңес империяларының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптары.
3.
Сақ тайпалары: аргиппей, исседон, аримаспылардың алып жатқан аумақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.
Қыпшақ мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Территориясы-Алтай мен Ертістен басталып, батысында Днестрге дейінгі
кең-байтақ аймақтарын алып
жатыр.Этникалық құрамы екі бөліктен тұрған. 1-ші қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлар он бір тайпадан тұрады.
Елбөрі, тоқсоба, йетиоба, дурут тағы басқалар. Екіншісі-
қыпшақтардың шығыс бірлестігі,бұлардың тайпалық құрамы
он алты тайпадан тұрған.Олардың 8-і негізгі тайпалар, ал 8-і ұсақ тайпалар.Ең беделдісі бөрілер.Қыпшақтар Есіл мен
Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген.Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі
таптық құрылыс болды. Ақсүйектер-шонжарларға хандар,
оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар
және ру –тайпалар жатты. Құлды «яланкуг» деп атады.
Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, Донға дейін келді. Орыс
деректерінде оларды «половшылар» дейді. Венгрлер «кундар» немесе «командар» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: