4. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
А) Кезектес.
В) Ыңғайластық.
С) Талғаулы.
Д) Түсіндірмелі
Е) Себеп-салдар.
А) Қонақтар түгел келді,- сен жоқсың.
В) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
С) Уақытым болмады, сондықтан мен келе алмадым.
Д) Сыныпқа қонақ кірді және оқушылар орындарынан тұрды.
E) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Оқушы балы
|
Оқу сауаттылығы бойынша тест
|
1
|
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
|
4
|
|
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды
|
2
|
сөйлемді талдайды, салаластың түрін ажыратады
|
3
|
|
Тілдік бағдар бойынша тест
|
3
|
тест сұрақтарына жауап береді
|
5
|
|
Барлығы
|
|
|
12 балл
|
|
Сыныбы: ________ Күні: _______ Білім алушының аты-жөні: ________________________
Қазақ тілі, 9- сынып ББЖ №1 (3-тоқсан)
II нұсқа
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі
Оқу мақсаты: 9.1.4.1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
9.4.4.2. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Азаматтық сана - қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бірақ кейде осы қасиет жетіспей жатады . Нарықтық қоғамда адамдар көбінесе өз мүдделерін ғана ойлап , белгілі бір іс - әрекеттен материалдық пайда алуды ғана көздейтіні жасырын емес . Азаматтық сана - осындай жеке мүдделерден биік тұратын сана. Ол - жеке бастың қамынан елдің қамын, тұтас қоғамдық ізгілікті жоғары қою деген сөз . Отаныңды өз отауыңдай сүю, өмір сүріп отырған ортаңды қастерлеу , құрметтеу.
Азаматтық сананың басты көріністерінің бірі - өмір сүріп отырған қоғамың үшiн қамкөңілділік, оған бей - жай қарай алмаушылық. Өзі үшін ғана өмір сүру - азаматтық сананың басты жауы . Хакім Абай « Өзің үшін еңбек қылсаң , өзі үшiн оттаған хайуанның бірі боласың ; адамдықтың қарызы үшiн еңбек қылсаң, Алланын сүйген құлының бірі боласың », деп азаматтық санаға тән ерекшелікті дөп басып айтқан . Азаматтық сана жоғары парасат биiгiне көтерілгенде,ол« Адамзаттың бәрін сүйeтін» бауырмалдылыққа , адам баласы үшін қамкөңiлдiкке бастайды . Азаматтық сана - жеке адамның қоғамдағы үрдістерге бей - жай қарамай , оған өзiнiң азаматтық парасаты тұрғысынан қарауы. «Жұмыла көтерген жүк жеңiл» демекші , адами капиталдың сапасын арттыруда азаматтық санаға тән қасиеттерді бойға сiңiрудiң манызы зор .
Әр адамдағы бұл менiң елімдікі , бұл менің замандастарымның игілігі , бұл өзім өмір сүріп отырған ортаның мүлкі , тазалығы , ортақ жетicтiгi деген сана қоғамды гуманизмге бастары анық . Нарыктық қоғамда адамдар қатал , мейірімсіз , менмен бола бастайды . Онда көбінесе әркім өзінің қамын ойлап жүріп , өзгені , тұтас қоғамды ұмытып кетеді . Бұл «өзімдікі түгел болса болды, басқасы маған көк тиын » деген ойға бастап , адамдарды қатыгез етеді . Сонда ортақ ізгілікті кім жасамақ ? Осы тұста әр адамның бойындағы азаматтық сана- сезiмнiң болуы шешуші фактор болмақ . Ал азаматтық сананы қандай факторлар құрайды деген заңды сұрақ туындайды . Олар : парыз , ар - ұждан , қоғам алдындағы жауапкершiлiк , адамилық мiндет , намыс , арлы ақыл . «Ақын бол , болма өз еркің , ал азамат болу мiндетiң » , деген орыс ойшылы Н.Некрасовтың заманындағы айтпағы да осы азаматтық сана жайлы болганы күмәнсіз .
1. Мәтінге қандай мәселе арқау болған?
А) психологиялык үдерiстер
В) нарық заманындагы әлеуметтік проблемалар
С) қазiргi адам мен қоғамның арақатынасы
D) ұлттық келбетті сақтаудың маңызы
Е) нарықтық қоғамдағы адамдардың ұлттық санасы
2. Абай өзі үшін ғана еңбек қылған адамды кімге теңейдi?
А) еркін адамға В) қайырымсызға С) арамға D) қуға Е) хайуанға
3. Мәтіннің идеясына сәйкес тұжырым:
A) Ең бірінші орынға адам әркез өзін қоюы тиіс.
B) Барлық адамзат үшін өмір сүру қажет.
С) Заман өзгерер , бiрақ адам өзгермес.
Д) Азамат болу - барлығымыздың міндетіміз.
Е) Адалдық , отаншылдық – біздің басты қасиетіміз.
4. Азаматтық сананы құрайтын факторлардың бiрi:
A) ақылдылық B) әдiлдiк C) ынсапсыздық D) қаталдық Е) парыз
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса, құрмаластың түріне ажырат
Өзің үшін еңбек қылсаң , өзі үшiн оттаған хайуанның бірі боласың.
Азаматтық сана - жеке адамның қоғамдағы үрдістерге бей - жай қарамай , оған өзiнiң азаматтық парасаты тұрғысынан қарауы.
3-тапсырма. Тілдік бағдар бойынша тест сұрақтары
1. Бірде жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз
A) Кезектес салалас
B) Талғаулы салалас
C) Қарсылықты салалас
D) Түсіндірмелі салалас
E) Ыңғайлас салалас
2.Кезектес салаласты табыңыз
A) Жұмыс бабымен бірде отбасымен қауышады, бірде қоштасып іссапармен жолға шығады.
B) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.
C) Тәртіпке бас иген құл болмайды.
D) Қалада жаңа үйлер салынды.
E) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды: құрғақшылық жылы тартылып қалады.
3.Адамды екі нәрсе қартайтпайды бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. Тиісті тыныс белгісін қойыңыз
A) Үтір
B) Қос нүкте
C) Тырнақша
D) Сызықша
E) Үтір, сызықша
4. ыныпЖай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысатын салалас:
A) Шартты бағыныңқы сабақтас
B) Ыңғайлас салалас
C) Себеп-салдар салалас
D) Талғаулы салалас
E) Қарсылықты салалас
5. Жалғаулықты шылаусыз іргелесе байланысатын салаласты белгілеңіз
A) Түсіндірмелі
B) Себеп-салдар
C) Ыңғайлас
D) Қарсылықты
E) Талғаулы
Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Оқушы балы
|
Оқу сауаттылығы бойынша тест
|
1
|
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
|
4
|
|
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды
|
2
|
сөйлемді талдайды, құрмаластың түрін ажыратады
|
3
|
|
Тілдік бағдар бойынша тест
|
3
|
тест сұрақтарына жауап береді
|
5
|
|
Барлығы
|
|
|
12 балл
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |