Грамматикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары 5. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз.
В) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Д) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.
6. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз.
А) Ыңғайлас
В) Шартты
С) Қарсылықты
Д) Кезектес
7. Сөйлем түрін анықтаңыз. Балалар келді.
А) Жайылма
В) Жақсыз
С) Жалаң
Д) Атаулы
8. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
А) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
В) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
С) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
Д) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.
9. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.
В) Алғашқы көргеннен – ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім.
С) Осы шабысымды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік.
Д) Түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты.
10. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жомарт биылғы демалысын шетелде өткізетініне қатты қуанды.
В) Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді.
С) Ес жиған соң, жұрт Көксеректің құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек атты күшікті таныды.
Д) Сөйлер сөзге, тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде- ақ ерекше мән берген.
11. Қандай байланысу түрі? «Мен естідім.»
А) матасу
В) жанасу
С) қиысу
Д) меңгеру
12. Матасу байланысты табыңыз
А) Бақытбек үйі
В) ренжіген әйел
С) күн сайын күтті
Д) жайын айтты
13. Матасуға қатысы бар септік қайсы?
А) барыс
В) ілік
С) жатыс
Д) атау
14. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз
А) Шарықтап тұр.
В) Сөреде тұр
С) Оқушының жабдығы.
Д) Тоқыма белбеу.
15. Меңгеруді табыңыз
А) аман келді
В) біздің өлке
С) сынға түсті
Д) кең дала
16. Меңгеруді табыңыз
А) қыспаққа төзбеді
В) елдің іші
С) қараңғы түн
Д) сағынған аға
17. Қабысуды табыңыз
А) үйінін қасына жетті
В) халықпен бірге жасайды
С) құрым қара құстар
Д) дүниенің өзгерісі
18. Жанасуды табыңыз
А) жұп-жұпқа бөліну
В) ғалымдардың пікірі
С) бірте-бірте ашылды
Д) алма алдырыпты
19. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.
B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
C) Не ексең, соны орасың.
D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.