Маңырақ тауының тарихы Зайсан көліне жақын маңда Маңырақ атты тау бар. Әсем жартасты, биік құз-шыңды тay туралы мынандай аңыз бар.
Таудың айналасында бұрын қазақ халқы көшіп-қоньш жүрген екен. Жаугершілік заман болса кepeк, тосыннан тиген жау қазақтың малын айдап, қыздарын күңдікке әкетіп, әбден әбігерге салады. Сол кезде ақсақалдар бас қосып, жау тағы тимей тұрғанда таудың ішіне барып жасырынуды ұйғарады. Аз-маз қалған қойларын айдап, дұшпан көзінен тысқары кетуге тырысады. Бірақ қойлардың ішінде бір ақсағы жоғары шыға алмай, артга қалып, мазаны әбден алады. Сонда біреуі ол қойды жоғарыға көтеріп шығарайық дегенде, басқасы жаудың жақындап қалғанын айтыл, тастапкетелік деп кеңес айтады. Ақыры ақсақ қой сол мавда қалып қояды. Ентелеген жау тауға да жетіп, ары- бері іздеп жасырынған қазақтарды таба алмай жүргенде, маңыраған қойдың даусын ecтіп қалады. Жылдам басып қойдың жанына келсе, айналысында әлі суи қоймаған адам іздері жатыр екен. Сол ізбен жүріп отырьш, акыры казақтардың жасырынған жеріне де жеткен екен. Содан бастап тay Маңырақ аталып кетіпті.
1. Таудың Маңырак атануына себеп
A) Ақсақ қойдың қалып қоюы
B) Етегінде қойдың жайылуы
C) Халықтың әбігерге түсуі
D) Қойларды айдап κeтуі
E) Қой іздерінің қалуы
2. Мәтін мазмұнына сай мақал
A) Арық малдың жілігі татымайды
B) Бірдің κecipi мыңға тиеді
C) Жан жұтамай мал жұгамайды
D) Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар
E) Құтты қонақ келсе, қой егіз табар
3. Мәтін мазмұнына сай ойдың peτi
1. Жаудың ізге түсуі
2. Ақсақ қойдың мазаны алуы
3. Тауға барып жасырыну
A) 3,2,1
B) 1,3,2
C) 1,2,3
D) 2,1,3
E) 3,1,2
4. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
A)Тауға барып тығылуды ұйғарған кімдер?
B)Оқиға қай заманда болған?
C)Қойды неліктен τacτaπκeττi?
D)Қазақтар айласын қалай асырады?
E)Жаудың қазақтарды тауып алуына не себеп болды?