I-нуска. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалаудың тұжырымдамалық картасын құрастыру



бет12/17
Дата23.09.2022
өлшемі53,12 Kb.
#39958
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Гылыми сессия жауаптары

1. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалаудың тұжырымдамалық картасын құрастыру
2. Теориялық деңгей әдістерінің әдістемесі
Теориялық деңгей талдау, синтез, идеализация, дедукция, аналогия және танымның басқа да жалпы әлеуметтік әдістерін қолданумен сипатталады: Талдау-тұтас объектіні құрамдас элементтерге (белгілерге, қасиеттерге, қарым-қатынастарға) ойлы немесе практикалық (материалдық) бөлуден және олардың тұтас элементтерге қатысты зерттеуінен тұратын таным әдісі. Синтез-объектінің бұрын бөлінген элементтерін (белгілерін, қасиеттерін, қатынастарын) біртұтас тұтастыққа зерттеу процесінде алынған білімдерді есепке ала отырып, ойлы немесе практикалық біріктіруден тұратын таным әдісі.
3. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: индуктивті және дедуктивті, абстракциялау т.б. қолдану жолдары
Теорялық ғылыми зерттеулер барысында дедуктивті және индуктивті зерттеулер әдістері кеңінен қолданылады. Дидукця дегеніміз жалпыланған тұжырымдардан жеке тұжырмдар шығаратын зерттеу әдісі. Индукця дегеніміз жеке фактілермен құбылыстардан жалпы прициптерден заңдар шығармашылығын зерттеу әдісі. Теориялық ғылыми зерттеу жұмыстары барысында дидукця мен индукця кеңінен қолданылады. Теориялық ғылыми зерттеулер барысында абстрактілеу әдісі кеңінен қолданылады. Абстрактілеу әдісі екінші реттік фактілерден бас тарта отырып зерттелетін құбылыстың негізгі ерекшелігі бар зеттеуді шоғырландыру болып табылыды. Жоғарғы екі әдіспен қатар теориялық зерттеу барысында фармальдық әдіс қолданылуы мүмкін. Бұл әдіс бойынша зеттеуінің процесімен құбылыстарының негізгі мазмұны арнайы формулалар мен сиволика арқылы сипаттауға арналады.
4. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: талдау мен синтез, абстракциялау т.б. қолдану жолдары
Анализ – бұл нысанды ойша құрамдас бөліктерге бөліп, оларды жеке алдын ала зерттеу үшін оларға тән белгілер мен қасиеттерді анықтаудан тұратын теориялық зерттеу әдісі. Бұл зерттеу нысаны элементтеріне тән сипатты тез және шынайы тануға, олардың арасындағы басты байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
Синтез – негізінде зерттеу нысанын біріктіру және осыған орай нысанды кешенді қарау қағидасы жататын әдіс. Осы әдіс бойынша нысан немесе нысандар тобы тұтас дүние ретінде барлық құрамдас бөліктерімен бірлікте қаралады. Бұл әдіс күрделі жүйелерді зерттеу кезінде қолданылады, сондықтан да жүйе немесе системологияның жалпы теориясы деңгейінде қарастырылады.Абстракциялау – қарастырылып отырған үдерістің (құбылыстың) жалпы, қолданыста бар қасиеттеріне (заңдылықтарына) көңіл бөлу үшін, оның жеке, кейде жоқ қасиеттеріне ойша тоқталу. Абстракциялау, әдетте, екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде қолданыста жоқ байланыстар анықталады, екінші кезеңде зерттеу нысаны басты қасиеті сақталған қарапайым нысанмен ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет