I-нуска. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі



бет17/17
Дата23.09.2022
өлшемі53,12 Kb.
#39958
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
16. Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі
Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді
Бұл әдістемелік құралда мектеп психологына ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтауға және жақсартуға қажетті ақпаратпен қатар, классикалық әдістемелер, сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілген. Құралдағы жинақталған материалдар оқушыларға және ата-аналарға қарымқатынасты, тәрбие әдістері туралы диагностика мен дамытушылық, ағартушылық жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Мектеп психологтарына, мұғалімдерге және ата-аналарға қолдануға қажетті әдістемелік құрал.
3-деңгей – практикалық
1.Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: білім және ғылым ұғымдарын интерпретациялау және өзіндік анықтама құрастыру
2.Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: әдістеме, әдіснама ұғымдарын интерпретациялау және өзіндік анықтама құрастыру
3.Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: индуктивті және дедуктивті, абстракциялау т.б. мысал келтіре отырып, талдау жасау
4.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері (теориялық және эмпирикалық) байланысын кесте түрінде құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет