I-нуска. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі



бет7/17
Дата23.09.2022
өлшемі53,12 Kb.
#39958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
17. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері және зерттеу әдістерінің мәні.Зерттеу мәселесін таңдау және негіздеу: кез келген зерттеудің нәтижелі аяқталуы, проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білуге байланысты. Көптеген зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеуде тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Өкінішке орай, сондай жұмыстар көп кездеседі. Зерттеудегі қойылған проблеманың шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.
Зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді, екеуінің де өзіндік мәні бар. Кейбір теориялардың жүзеге асуына белгілі бір уақыт, жағдай керек. Сонымен қатар, педагогикадағы кейбір теориялардың практика жүзінде толықтай іске аспайтындары да болады.
18. Теориялық деңгей әдістері.
Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез- келген ғылыми іс- әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай- күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеушіні мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне коректі әдебиетті таңдап альп, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
2. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда алкен рол атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
- педагогикалық мерзімді басылымдар;
- мектеп, тәрбие, мғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама қралдары:
- педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік – қолданбалар.
Әдебиеттермен танысудың арқасында ары қарай проблеманың қандай тақырыптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау – дамайлы және қай мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмнын қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
Теория педагогикалық қбылыстардың кез келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса сол танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы.

Педагогикалық ізденісте зертеу әдістерін шартты түрде теориялық және эмпирикалық деп бөлуге болады.


Теориялық зерттеу әдістеріне: формализация, аксиоматикалық, гипотетико-дедуктивтік әдісі жатады.
Логикалық-теориялық зерттеу әдістері: талдау, синтездеу, индукция, дедукция, абстрактілі, әдіс, аналогті әдіс, жалпылау әдісі, жүйелі келу, үлгілеу, салыстырмалы тарихи талдау, әдебиеттерге талдау, архивтік материалдар, зерттеудің базалық ұғымдарына талдау, зерттеліп отырған құбылысты себептік-тергеушілік талдау, алдын ала болжау. Бұл зерттеу әдістері теориялық ережелерді және эмпирикалық мәліметтерді жалпылау және талдау, интерпретациялау (түсіндіру) үшән қолданылады.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.
Жалпы теориялық – талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, конкретизация, жіктеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет