ҚұҚыҚ Қолдану тәжірибесін нығайтатын құрал Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы а


Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің хабары



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата31.03.2017
өлшемі4,62 Mb.
#10931
1   2   3   4   5

10. Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің хабары

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналған банкнотты алдағы айналысқа шығару туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 

30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес, 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылы Қазақстан Рес-

публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, номиналдық құны 

10 000 (он мың) теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығаруды 

жоспарлап отыр.

12.  «Wealth  Capital»  акционерлік  қоғамы  (БСН 

071140001125) акциялардың шығарылымын жоюын туралы 

хабарлайды.

«Көршілерін  сұрау  барысында  45 

жастағы Л. есімді азаматшаның үйіне 

ішімдік құмарлар ұдайы келіп тұраты-

ны анықталды. Оған отбасына барғанда 

көзіміз анық жетті. Үйдегі бөгде еркек 

мас болып алдымыздан шықты. Оның кім 

екенін тұрғын үй иесі ақыры түсіндіріп 

айта алмады. Ал, егер қылмыс немесе 

бақытсыз оқиға болса, оған кім кінәлі 

болмақ?.. Русланның өмірін бақылау мақ-

сатында біздің бөлімше инспекторлары 

осыдан бастап, отбасына тұрақты келіп 

тұратын  болады.  Инспекторлар  көңіл 

бөлгеннен кейін жағдай жақсарады деп 

үміттенеміз. Маскүнем әйелдің баланы 

тәрбиелеу мен асырауда өз міндеттерін 

дұрыс орындай алмайтыны белгілі. Қазір 

бала екінші сыныпта оқиды және оның 

сабақ үлгерімі де жақсы», – деп хабарлады 

Алматы қаласының ІІД жергілікті полиция 

қызметінің ювеналды полиция бөлімінің 

бастығы Лейла Әліпбаева. 

Полицейлер қазірдің өзінде істі ау-

дандық әкімшілік жанындағы кәмелетке 

толмағандар ісі жөніндегі комиссияға 

қарауға қажетті материал жинастырылға-

нын айтып отыр. Мұндай жағдайда әйелге 

баланы тәрбиелеу мәселесіндегі кемшілік-

терді жоюға мүмкіндік беріледі. Алайда, 

алдымен ол ішімдік ішуді тоқтатуы тиіс. 

Егер Русланның анасы жаман әдетін қоя 

алмаса, оны мәжбүрлі түрде емдеу мәселе-

сі қарастырылады. 

«Мұндай жағдайда баланы анасынан 

айыруды ешкім мақсат етпейді. Ол практи-

када жоқ. Керісінше, мүдделі мемлекеттік 

органдарды тарта отырып, біз қалыптасқан 

жағдайдан шығудың жолын іздестіреміз. 

Бұл жерде бәріне ішімдік кінәлі. Ана-

сының бәрін түсініп, тиісті қорытынды 

шығарып, түзелу жолына түсуі қажет. Ба-

ланы махаббат пен мейірімге бөлеуі керек. 

Оның өмірге араласуына жағдай жасауы 

қажет. Баланың бақытты болуға толық 

қақысы бар. Ол толыққанды білім алып, 

өз мүддесіне сәйкес дамуға тиіс. Осының 

бәрі ата-ананың міндеті. Біз Русланның 

тағдырын тұрақты бақылап, оның дұрыс 

отбасында өсуіне барынша күш сала-

мыз», – деп сөзін нақтылады полковник  

Әліпбаева. 

Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА, 

Алматы қаласының 

ІІД баспасөз қызметі

Аталған бағдарламаны жүзеге асы-

ру барысында ағымдағы жылдың 8 

қараша күні Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрлігі Әйелдерді зор-

лық-зомбылықтан  қорғау  тобының 

басшысы, полиция полковнигі Р.Бекі-

шева және «Подруги» дағдарыс орта-

лығының директоры Н.Гладырь Қы-

зылорда облысына жұмыс сапарымен 

келіп, жергілікті полиция қызметінің 

және прокуратура, денсаулық сақтау, 

білім беру, экономика және бюджеттік 

ананы 


құқынан 

айыру мақсат 

емес

8 жастағы Руслан тәрбие­

ленетін отбасы таяуда «Жас­

өспірім» локальды іс­шарасы 

кезінде полицейлер назарына 

ілікті. Бұған ананың өз бала­

сына көңіл аудармай, ішкілікке 

салынуы себеп болып отыр. 

Тәртіп сақшылары «маскүнем 

әйелдің айналасына топта­

сқан жандар бала өміріне қауіп 

төндіруі мүмкін» деп алаңдай­

ды. 

Акция


«маған — 25!»

2014 жылы халықтың денсаулығын жақсарту, жасыл экономи-

каға ауысу, бизнес пен құқық кепілдігін дамыту, әсіресе халықтың 

осал топтарына арналған мәселелер бойынша Қызылорда мен 

Маңғыстау облыстарына демеу жасау мақсатында Бірлескен 

Ұлттық Ұйым мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен 

екі жылдық бағдарламасы әзірленіп, қабылданған болатын. 

Акция барысындағы жүрек тол-

қытып, жан тебіренткен сәттерге куә 

болдық. Айталық, «жиырмабестік-

тер» ау дандық орталық аурухананың 

жас дәрігерлерімен бірлесіп Ұлы 

Отан соғысының ардагері Александр 

Акутиннің денсаулығын байқастап, 

әңгімелесіп, оның көңілін көтеріп, 

естелік сыйлық тарту етті. Жастар-

дың тосын сыйынан кейін майдангер 

бір жасап қалды. 

Тәуелсіздік  құрдастары,  сон-

дай-ақ, Чапаев ауылындағы жалғыз-

басты қариялардың үй шаруашы-

лығына көмек көрсетті. Сондай-ақ, 

Жайық өзенінің Чапаев тұсындағы 

біраз жерін күл-қоқыстан арылтты. 

Осындай қоғамдық мерекелік ша-

раларға замандастарымен бірлесіп 

атсалысып, қариялар мен қоғамның 

алғысын алу  пробациялық бақылау 

есебінде  тұрған  тұлғалардың  да 

қоғамнан алыстамай, түзелу жолына 

түсіне септігін тигізетіні анық.  

Нұрлан САМиғАЛиеВ,

Батыс Қазақстан облысы 

бойынша ҚАЖД

№1 Ақжайық аудандық 

пробация қызметінің 

аға инспекторы 

Ел мерейтойына орай, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ау-

даны Чапаев ауылындағы тәуелсіздік құрдастары «Маған – 25!» 

акциясын өткізді. Аталған акцияға №1 Ақжайық аудандық про-

бация қызметінде есепте тұрған 25 жастағы сотталғандар да 

қатысты.

жоспарлау басқармалары қызметкер-

леріне арнап «Отбасындағы тыныштық 

– зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақыры-

бында қорытындылау конференциясын 

өткізді.


Аталған шараны Қызылорда облыс-

тық  әкімшілік  жанындағы  әйелдер 

ісі отбасылық-демографиялық саясат 

жөніндегі  ұлттық  комиссиясының 

хатшысы  Б.Үмбетова  ашып,  қаты-

сушыларға іс-шараның маңыздылығын 

және облыс көлемінде аталған бағытта 

атқарылып жатқан жұмыстар барысын, 

өзекті мәселелер жайын баяндады.

Сонымен қатар, шара барысында  

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың 

профилактикасы туралы» заң талап-

тарының жүзеге асырылу тетіктерін 

жетілдіру» тақырыбында видеоролик-

тер көрсетіп, теориялық қырлары мен 

құқықтық қолдану тәжірибесі тақыры-

бында баяндамалар оқылды.

Одан кейін министрліктің әйелдерді 

зорлық-зомбылықтан  қорғау  тобы-

ның басшысы, полиция полковнигі 

Р.Бекішева «Подруги» дағдарыс орта-

лығының директоры Н.Гладырь мен 

сарапшы-тренерлер А.Корнейчук және 

А.Ілиясованы алғысхаттармен марапат-

тап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 

алдын алу бағытында бірлесіп атқарған 

жұмыстары үшін алғысын білдірді. 

Қызылорда ОІІД 

баспасөз қызметі

елден-жерден



8

№127 (2905) 

15 қараша 2016

zangazet@mail.ru

БезБен

(Соңы. Басы 1-бетте)

– Дау мен келеңсіздіктің жақсысы 

жоқ, дегенмен, қарауыңызға түсетін 

істерде ешкімнің қиянатынсыз-ақ 

азаматтардың өздері қиындатып, 

сотқа келіп жүрген мәселелер бар ма? 

– Иә, өмір болған соң адамдар түрлі 

жағдайға тап келіп жатады. Мысалы, 

сотқа баланың тууы туралы куәлік не-

месе адамның қайтыс болғанын растай-

тын анықтамалар алуға байланыс ты 

шағымдар көп түседі. Оның негізгі 

себебі азаматтардың жеке өздеріне, 

яғни, бала ата-анасының не көз жұмған 

жанның туған-туысының уақыт өткізіп 

алуымен байланысты. Мүдделі жандар 

тиісті мекемеге дер кезінде барып қа-

жетті анықтаманы алмайды. Туу туралы 

куәлік неке туралы куәліктің негізінде 

жазылады және ол перзентхананың 

анықтамасынсыз берілмейді. Анықтама 

болмаған жағдайда ата-аналар баланың 

өздерінікі екенін растау үшін сотқа 

жүгінеді. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, 

қоғамымызда бала ұрлау не сату оқиға-

лары орын алуда. Біз мұндай істерге аса 

сақтықпен қараймыз. Тиісті куәгерлерді 

шақырып, жан-жақты тексереміз. 

– Бүгінде азаматтық некеде өмір 

сүретіндер жетерлік. Неке туралы 

куәлік болмаған кезде ата-аналар бұл 

тығырықтан қалай шығады?

– Заңды некеге тұрмай-ақ балалы 

болатындар көп. Егер баланың әкесі 

мойындаса, екі жақтың арызы арқылы 

неке  куәлігінсіз  туу  туралы  куәлік 

беріледі. Яғни, әкелікті анықтау туралы 

куәлікпен толтырылады. Ана баласы-

ның әкесі кім екенін біледі. Бірақ, кей 

жағдайда бала әкесі жауапкершілік 

алғысы келмейді. Егер әке баланы мой-

ындамаса, сот арқылы сараптама тағай-

ындалып, әкелігі анықталады.

– Туу туралы куәлікті бала туыла 

сала алмауына арызданушылар қан-

дай себеп айтады?

– Тәжірибеден байқағанымыздай, 

шеттен келетін қандастарымыз үйде, 

жолда босанып қалады. Перзентханаға 

құжаттарының жоқтығына байланысты 

бара алмайды. Солар баласының туу 

туралы куәлігін тек сот арқылы анықтап 

алады. Одан кейін туу туралы куәлікті 

баласы мектепке барар кезде ғана іздей-

тіндер де жоқ емес.



– Сонда мектепке барғанша құ-

жатсыз жүретін балалар да бар ма?

– Өкінішке қарай бар, тіпті, 5-сынып-

қа дейін туу туралы куәлігінсіз жүрген-

дер болды. Ата-ана әрнені сылтау етіп 

«Туу Туралы куәлікТі 

Баласы мектепке барарда 

іздейТіндер Бар»

Сот сөйлесін

жүре берген. Мектеп не емхананың 

сұратуымен ғана құжат іздейтіндер бар.



– Қазақ жігіттерінің жауапкер-

шіліктен қашуы адамның кінәсі ме, 

заманның ба?

– Бұл мәселеге, меніңше, заманның 

еш қатысы жоқ. Өйткені, бауыр еті 

баласынан бас тарту адамдық қасиетке 

жат. Ер жігіт қашанда, қандай жағдайда 

да қолымен істеген ісін мойнымен көте-

ре білуі керек. 

–  Сіздің ойыңызша, шаңырақтың 

беріктігі кімге байланысты?

– Шаңырақтың беріктігін бір мәсе-

лемен немесе бір жақпен ғана бай ла-

ныстыруға болмас. Отбасының сақ-

талуына екі жақ та – әке де, ана да 

жауапты. Талап арыз берушілер көп 

жағдайда мінез-құлықтарының жа-

распайтынын, бірге тұра алмайтынын 

алға тартады. Жанұяның бұзылуы тек 

екі адамның емес, бүкіл мемлекеттің, 

бәріміздің мәселеміз. Істі қабылдаған-

нан кейін ерлі-зайыптылармен әңгіме 

жүргіземіз.  Олардың  бөлінгенінен 

бала зардап шегетінін, оған психологи-

ялық тұрғыда соққы болатынын айтып 

түсіндіреміз. Тағы да ойлануға уақыт 

береміз. Көбісі сол уақыт аралығында 

талап арыздарын қайтып алып жатады. 

Бұл бізді қуантады.

– Бала тәрбиесіндегі қатаңдықты 



құптайсыз ба?

– Бала тәрбиесінде қатаңдық артық 

етпейді. Бауыржан бабамыз «Тәртіпке 

бас иген құл болмайды» дейді ғой, сол 

кісі айтқандай, ең алдымен тәртіпке бау-

лыған жөн. Баланы еркелетіп, бос етіп 

тәрбиелеу ата-анаға да, өзіне де пайда 

әкелмейді. 



– Соттың беделі неге тәуелді деп 

ойлайсыз? 

– Соттың беделі әділдікке тәуелді. 

Ғұлама ғалым Шоқан Уә ли ханов «Сот 

рефор ма сы  туралы  жазбаларында» 

«Билер сотының басты міндеті – жеңу 

не болмаса жеңілу емес – жеңілдету» 

деген ғой. Соған сай біз де басты мін-

детімізді адал атқарып, алдымызға 

келген жандардың ісін жеңілдетуге 

көмектессек, онда беделіміз өсіп, абы-

ройымыз асқақтайды. 

– Әңгімеңізге рақмет.

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

Заң талаптарына сай, заңды күшіне енген сот актілері 

жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қайта қаралады. 

Себебі, кезінде куәлар жалған деректер беруі немесе сарап-

тамада қандай да бір олқылықтар кетуі т.б. жағдайлар болуы 

мүмкін. Сондықтан, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін 

маңызы бар заңды фактілер ескеріледі. Сот актісі шыға-

рылғаннан кейін туындаған мән-жайлар істі қайта қарауға 

негіз болмайды. Сондай-ақ, сот актісі заңды күшіне енгеннен 

кейін тараптар арасында бітімгершілік келісім жасалып, оны 

сот бекітсе, алайда, ол келісімге сәйкес, даулы құқықтық 

қатынас бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері 

сот актісімен салыстырғанда басқаша болса, олар жаңадан 

анықталған мән-жайлар бола алмайды. Азаматтық іс жүргізу 

кодексінде заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен 

қаулыларға жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта 

қаралуы мүмкіндігі берілді, яғни, 455-бапта істі қайта қарау 

негіздері нақтыланған. 

Жаңа мән-жайларға істі қарау және шешу кезінде пре-

юдициалдық маңызы бар сот актісінің күшін жою, негізге 

алынған мәміленің жарамсыздығы туралы заңды күшіне 

енген сот шешімі және Конституциялық Кеңестiң сот актiсi 

шығарылған кезде қолданылған заңдарды, оған қоса, өзге де 

нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп та-

нуы жатады. 456-бап негізінде сот актілерін жаңадан ашылған 

немесе жаңа  мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған 

сот қайта қарайды.

 Ал, б


ірінші сатыдағы соттың шешімін өз-

герткен немесе жаңа шешім шығарылған апелляциялық және 

кассациялық сатылардың ұйғарымдарын, шешімдерін, қау-

лыларын қайта қарауды шешімді өзгерткен, яки, жаңа шешім 

шығарған сот жүргізеді.

Айта кетерлігі, аталған себептермен сот актілерін қайта қа-

рауға негіз болған мән-жайлар белгіленген күннен бастап үш 

ай ішінде беріледі. Ол арыз келіп түскен күннен бастап он бес 

жұмыс күні ішінде, ал, апелляциялық және кассациялық саты-

лардағы соттарға келіп түскен сәттен көрсетілген мерзімде қа-

ралуға тиіс. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 460-бабына сай, 

арыз тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданады. Және арыз ды 

соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп 

түскеннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья жеке-дара 

шешеді. Яғни, судья арызды іс жүргізуге қабылдау туралы 

ұйғарым шығарады. Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот 

отырысын өткізу күні мен орны көрсетіліп, оның көшірмелері 

іске қатысатын адамдарға жіберіледі.   Сот жаңадан ашылған 

немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды не-

месе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қа-

райды. Арыз берушіге және іске қатысатын адамдарға арызды 

қарау уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда, олардың 

келмей қалуы арызды қарауға кедергі болмайды.

Осы жерде ескерерлігі, судья сот актісін жаңадан ашылған 

немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз-

ды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде 

кодекстегі қағидалар бұзылса, белгіленген мерзім өткеннен 

кейін берілсе және оны қалпына келтіру туралы өтініш бол-

маса немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден 

бас тартылса, арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын 

талаптар сақталмаса, ол қайтарылуға жатады. Сондай-ақ, 

арыз аталған кодексте көзделген басқа да негіздер бойынша 

қайтарылуы мүмкін. Ол үшін арызды қайтару туралы ұйғарым 

шығарылады. Ұйғарымның көшірмесі арыз және оған қоса 

берілетін құжаттармен бірге кешіктірілмей арыз берушіге 

жіберіледі. Аталған ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық 

берілуі мүмкін. Бірақ, бірінші, апелляциялық және касса-

циялық сатылардағы соттардың жаңадан ашылған немесе 

жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы 

ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жат-

пайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық 

және кассациялық шағымдарға енгізілуі мүмкін.

 

Шешімнің, 



ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда сот 

істі осы кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.



Алтынгүл ҚАРАБЕКОВА,

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

Адам құқығы мен бостандығының қорғалуына тек қана заң кепілдік ете 

алады. Яғни, заң – күнделікті тұрмыстан бастап, айырбас, сыйға тарту, жалға 

алу не беру, қарыз, сақтандыру, несие, салық төлеу т.б. толып жатқан қажет-

тіліктерді реттеуші бірден-бір күш. Сондықтан, кез келген адам өзінің құқығы-

на нұқсан келмеуіне мүдделі болуы тиіс. Ол үшін, әрине, құқықтық біліктілікті 

арттырудың маңызы зор. Мәселен, несиеге қатысты келеңсіз жайттарда аза-

маттардың банкпен арада жасалған келісімшартқа назар аудармайтыны бай-

қалады. Немесе жұмысқа тұрарда өзіне заң беріп отырған мүмкіндікті дұрыс 

пайдаланбайды. Нәтижесінде өз құқықтарын қорғауда шарасыздық танытады. 

Қарапайым мысал айтар болсақ, тұтынушылар құқығына көзбе-көз нұқсан 

келтіретіндер бар. Әсіресе, базарлар мен шағын дүкендерде сатып алынған 

заттың қайтарылуға жатпайтындығы үлкен жазулармен жазылып, ілініп тұра-

ды. Бұл жерде сатушы тарап заңға қайшы әрекет етіп отыр. Бірақ, бұған са-

тушы да, сатып алушы да немқұрайды қарайды. Тұтынушылардың құқықтары 

көп жағдайда  тауарды қайтару немесе айырбастап алу кезінде бұзылатыны 

мәлім. Мұндай жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қа-

зақстан Республикасының заңына сәйкес, сатып алынған тауар 14 күнтізбелік 

күн ішінде тиісті сападағы тауармен алмастырылады немесе қайтарылады. 

Бұл қағида дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы заттар, киімдер, жануарлар 

мен өсімдік өнімдерінен басқа, барлық санаттағы азық-түлік емес тауарларға 

да қолданылады. Есте ұстарлығы, қайтарылатын тауарлардың тауарлық түрі, 

тұтынушылық қасиеттері сақталуы керек. Басқа  мәселелерде де сол сияқты 

белгілі заңдылықтар бар. Алайда, оны елемеудің зардабы азаматтарды бір-

бірімен соттасуға, орны толмас өкінішті жайттарға ұрындырады. Егер азамат 

заңды бес саусағындай білсе сотқа шағымдану да азаяды, өйткені, ол мәселені 

құқығы бұзылған жерде саналы түрде шеше алады. Осындай жағдайға жету 

әрқайсысымыздың өз қолымызда. Тек өз құқықтарымызға бейжайлық таныт-

пасақ болғаны. 

Құқықтық мемлекет құру, дамыған 30 елдің қатарынан орын алу біздің  

басты мақсатымыз. Сол мақсатқа жетуге әрқайсысымыз дайындалуымыз, жан-

жақты білімді, мәдениетті, өркениеттің талаптарына сай болуға ұмтылуымыз 

міндет. Ол үшін қазіргі күні елімізде барлық жағдай жасалған. Бұқаралық 

ақпарат құралдарында әрбір заң, азаматтардың оны пайдалану жолдары 

тұрақты жарияланып тұрады. Құзырлы мекемелер сайттарында да құқықтық 

біліктілікті арттыратын ақпараттар жеткілікті. Соттардан бастап, еліміздің 

барлық өңірлерінде құқықтық тақырыптарға байланысты түрлі шара өтеді. 

Оның бәрі ашық түрде жариялануда. Көңіл бөліп, көкейге түйе білген жанға 

мұндай ақпараттардың міндетті түрде пайдасы тиеді.  Құқығымызды сақтап 

үйренуіміз қажет, сонымен қатар, басқалардың құқығы барын естен шығар-

маған жөн. Себебі, даналар тұжырымдағандай, «Заң біткен жерде зұлымдық 

басталады». Құқықтық тілмен айтқанда, бұл – заңды білу, яғни, заңды білген 

адам өзгелерге құрметпен қарайды. Кез келген заң ел мүддесі үшін жасалады. 

Судьялардың VI съезінде Елбасының «Халқы заңын сыйлайтын, сотына се-

нетін қоғам – ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз – дәл сондай қоғам құру», 

– дегені есімізде. Ондай қоғамға жетуге үлес қосу бәрімізге міндет.



Айгерім ДОҒАЛОВА,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

АлМАТы ҚАлАСы

Бірде Жанқұтты шешен аға сұл-

тан Құнанбайдың үйінде отырған да 

оған Абай келіп сәлем береді. Ол кез 

Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. 

Абайдың тапқырлығын, өлең шыға-

ратындығын естіп жүрген шешен 

би баланы қасына отырғызып, оған 

бірнеше сұрақ қояды:

– Шырағым, дүние неге сүйенеді?

Абай:


– Дүние үмітке сүйенеді.

Жанқұтты:

– Көздің көрмесі бола ма?

Абай:


– Көз қабағын көрмейді.

Жанқұтты:

– Шам жарығының түспесі бола 

ма?


Абай:

– Шам жарығы түбіне түспейді.

Жанқұтты:

– Болат пышақтың кеспесі бола ма?

Абай:

– Болат пышақ өз сабын өзі кес-



пейді.

Жанқұтты:

– Тамағына тартпайтын махлұқат 

бола ма?


Абай:

– Өз тамағына тартпайтын мах-

лұқат болмайды.

Абай жауабына риза болған ше-

шен оған өлең түрінде жауап беруін 

сұрапты. Сонда Абай:



– Сіз сұңқар самғай ұшқан 

қиядағы,

Талпынған мен балапан ұядағы.

Өрнекті өлең сөзбен жауап 

берсем,

Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.

Көз көруі жетпейді қабағына,

Шам жарығы түспейді 

табанына,

Өз сабын болат пышақ 

өзі кеспес,

Мақлұкат тартпай қоймас та-

мағына, – депті.

Ет желініп, қымыз ішілгеннен 

кейін Абай:

– Ата, сізден сұрақ сұрауға бола 

ма? – дейді.

– Е, шырағым, сұрай ғой, – депті 

Жанқұтты.

– Ата, арзан не, қымбат не, да-

уасыз не? – депті Абай. Жанқұтты:

– Шырағым, арзан – өтірік, қым-

бат – шындық, дауасыз – кәрілік 

емес  пе?  Жанарың  отты  екен  – 

ақындығың, маңдайың жазық екен 

– ойлылығың шығар, халкыңның 

қалаулы азаматы бол! – деп батасын 

беріпті.


(Дереккөз: kk.wikipedia)

Пікір


Американың 3-інші президенті Томас Джефферсонның 

«Заңды орындау, жүзеге асыру оны дайындап, шығарудан да 

маңызды» деген сөзі бар. Саясаткер айтқандай, заң орында-

луымен ғана құнды. Өкініштісі, кей азаматтар заңды көбіне-

се қылмыспен ғана байланыстырады да, соның салдарынан 

түрлі келеңсіздікке ұрынып жатады. 

ҚұҚығын білгендер 

өзін қорғай алады

Тағылым

Жанқұтты бидің абайға 



бата беруі

Маман мінбері

заңды факТілер сот шешімі 

күшіне  енсе  де,  маңызын Жоймайды



біздің аныҚтама

аты-жөні – мақсат Бейсенбекұлы БелдікБаеВ

туған жылы – 1984

бітірген оқу орны – әл-фараби атындағы қазҰу

Хоббиі – футбол

Қызметі – алматы облысы еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет