ҚұҚыҚ Қолдану тәжірибесін нығайтатын құрал Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы а


ІІД қызметкерлері  және прокуратура өкілдерінің қаты-



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.03.2017
өлшемі4,62 Mb.
#10931
1   2   3   4   5

ІІД қызметкерлері  және прокуратура өкілдерінің қаты-

суымен әкімшілік заңнаманың нормаларын қолдану 

тәжірибесіне қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Бас прокуратурада Жақып Асановтың төрағалық етуімен алқа отырысы 

өтті, онда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық-

бұзушылықтар профилактикасының мәселелері талқыланды. Шараға Президент 

Әкімшілігі басшысының орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент 

депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, БҰҰ Балалар 

қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдері, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар 

қатысты.

Бас прокурор 

Ж.АсАнов

гіне көшу, әскери соттардың соттылығы 

және олардың басқа жалпы юрисдикциялық 

соттардан айырмашылығы туралы сұрақтар 

қызықтырды.

Бұған қоса, С.Абдуллаев өз сөзінде ҚР 

Әскери сотының веб-сайтында «Төраға 

блогы» функционалының жұмыс істейтінін 

және соған әрбір ниет білдірген азамат өзін 

қызықтырған сұрақтарды қойып, жедел түр-

де жауап ала алатынын айтып өтті.

Кездесу соңында С.Абдуллаев мемлекет 

тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, 

мектептің жеке құрамына және ұландарға 

табыс тіледі. Іс-шара соңында ол мектептің 

оқу-материалдық базасымен және мұражай-

ымен танысты. Мектеп басшылығы өз кезе-

гінде сот төрағасына қызықты әрі пайдалы 

әңгімелесуге алғысын білдіріп, осындай 

кездесулер ұландардың құқықтық сауат-

тылығын арттыруға және өз елінің патриоты 

дейтін, жеке тұлғаны қалыптастыруға септі-

гін тигізетіндігін атап өтті.

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі


№127 (2905) 

15 қараша 2016

3

zangazet@mail.ru



қоғам

Бүгінгінің бас тақырыбы



ҚұҚыҚ Қолдану 

тәжірибесін 

нығайтатын құрал 



(Соңы. Басы 1-бетте)

Мәселе


алтын ұрлаушыларға 

тосҚауыл 

қашан қойылады?

Бүгінде  кодекс  осы  үдеден 

шығып отыр. Сондықтан Жоғарғы 

Соттың  бастамасымен  оған  ко-

ментарий жасалды. Төрт бөлім, 58 

тараудан тұратын бұл үлкен құжат-

ты дайындауға заңгер ғалымдар, 

Жоғарғы Сот судьялары, Жоғарғы 

Соттың доғарыстағы судьялары, 

жергілікті соттардың судьялары, 

жергілікті  соттың  доғарыстағы 

судьялары, Еуразиялық Экономи-

калық Одақ судьялары, Парламент 

Сенатының депутаты, Республика-

лық адвокаттар алқасының, Респуб­

ликалық нотариалдық палатаның 

төрағасы, Жоғарғы Сот аппараты  

құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің 

мамандары қатысты. Сонымен қа-

тар, кодекстің кейбір тарауларына 

Германия Демократиялық Респуб­

ликасының судьялары, «Орталық 

Азиядағы құқықтық мемлекеттікке 

жәрдемдесу» жобасының дирек-

торы Р.Книпер түсініктеме берді. 

Бұл құжат судьялар, прокурорлар, 

адвокаттар, заң фирмалары мен 

қызметтері өкілдеріне, студенттер 

мен аспирантттарға,  құқықты сот 

арқылы қорғау мәселелеріне  қы-

зығушылық танытатын  азаматтарға 

арналған. 

Комментарийдің таныстыры­

лымына Қазақстан Республикасы 

Конституциялық кеңесінің төраға-

сы Игорь Рогов, Қазақстан Респуб­

ликасы Парламенті Сенаты Кон-

ституциялық заңнама, сот жүйесі 

және құқық қорғау органдары ко-

митетінің төрағасы Серік Ақылбай, 

Президент әкімшілігі Мемлекеттік 

құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия 

Рақышева, орталық мемлекеттік 

органдардың басшылары мен өкіл-

дері;  Конституциялық  кеңестің 

мүшелері, судьялар, құқықтанушы 

ғалымдар,  халықаралық  және 

үкіметтік емес ұйымдардың өкіл-

дері қатысты. 

Жиынды Жоғарғы Сот төраға-

сы Қайрат Мәми өзі ашып, жүр-

гізді. Қайрат Әбдіразақұлы басқо-

судың беташар сөзінде Тәуелсіздік 

жылдарында Қазақстандағы аза-

маттар құқын сотта қорғау дең-

гейінің әлемдік талаптарға жақын-

дай түскенін, ұлттық сот төрелігі 

қоғамдағы заңдар үстемдігі мен 

тұрақтылықтың  сенімді кепіліне 

айналғанын атап көрсетті. Мәми 

мырзаның айтуынша, бұған өз ке-

зегінде жаңадан қабылданған  Аза-

маттық процестік кодекстің ықпалы 

бар. Қоғамда кең ауқымда талқыла-

нып қабылданған жаңа құжат елдегі 

құқықтық кеңістікті тиімді түрде 

жақсартты. Бүгінде оны пайдалану 

тәжірибесі жаңа заңды қабылдау-

дың арқасында бұзылған құқықтар 

мен заңды мүдделерді қорғаудың 

барынша тиімді жағдайы жасалға-

нын көрсетіп отыр.  

Мәселен,  биылғы  жылдың  

соңғы он айы ішінде соттарға түскен 

арыздар  мен  істердің  саны13,8 

пайызға артып, 675 360­қа жетті. 

Тәжірибеде  қолданылғанына  аз 

уақыт болғанына қарамастан оның 

низамдарының оң нәтижелері мен 

соттардың жұмысына тигізген са-

палы ықпалы анық байқалды.  Егер 

бұрынғы жүйеде істердің жекелеген 

бөліктері бір жарым жыл қаралса, 

бүгінде олар әрі кеткенде 8 айда 

шешіледі. Бұл ретте азаматтық 

істердің 82 пайызы бір сот оты-

рысында қаралып, ал 58 пайызы 



жеңілдетілген өндіріс тәртібімен 

қаралды. Дауларды шешудің ба-

ламалы жолдары қолданылып, 

аяқталған істер саны 70 пайыз­

ға артып, медиация қолданылған  

істер 3 есеге өсті.

Электронды  сот  өндірісі  де 

жетіле түсуде. «Сот кабинеті» қыз-

меті сот төрелігіне қолжетімділікті 

қамтамасыз етудің тиімді құралына 

айналды. Мәселен, оның көмегі 

арқылы биыл 621 190 электронды 

құжат түсті.

Бүгінде Азаматтық процестік 

кодекстің  тәуелсіз  сарапшылар 

құ растыратын  әлемдегі  беделді 

халық аралық рейтингтер бойын-

ша  Қазақстан  көрсеткіштерінің 

артуындағы рөлін де ерекше атап 

көрсетуге болады. Мәселен, биыл 

біздің еліміз Дүниежүзілік банктің 

бизнесті жүргізу және инвес ти­

циялық ахуалды жақсарту көрсет-

кіші  бойынша  190  мемлекеттің 

арасынан 9­орын алды. Бұл деңгей  

Қазақстанды әлемдегі озық 30 ел 

қатарына жақындауына елеулі үлес 

қосты. Бәсекеге қабілеттіліктің жа­

һандық индексінде «Соттар тәуел­

сіздігі» бойынша Қазақстан төрт 

позицияға алға жылжыды. Әлемдік 

рейтингте азаматтық сот өндірісі 

құқының үстемдігі де жақсарғаны 

көрінді. 

Алтыншы  шақырылған  Пар-

ламент сессиясының ашылуында 

Мемлекет басшысы «қазақстан-

дықтар құқының сот арқылы қорға-

лу деңгейі мемлекеттердің Эко-

номикалық ынтымақтастық және 

даму ұйымының жоғары талап-

тарына сай келеді» деп бағалаған 

болатын. Осы жайлы баяндай келіп, 

Қайрат Әбдіразақұлы ендігі мін-

дет  бұл  сенім  үдесінен  шығып, 

бірыңғай сот тәжірибесін қалып-

тастыру ерекше маңызға ие екенін, 

соған орай, сот төрелігін жүзеге 

асырудың сапасын арттыруға күш 

салу қажеттігін атап көрсетті. Бас 

судьяның  айтуынша,  бұл  орай-

да Азаматтық процестік кодекске 

беріліп отырған комментарийдің 

рөлі өте жоғары. Бұл дер кезінде 

жасалған маңыздылығы, өзектілігі 

жоғары шара. Сондықтан, коммен-

тарий соттар мен тәжірибеден өтіп 

жатқан заңгерлер үшін шын мәнін-

дегі  пайдалы оқулыққа айналады. 

Аталмыш құрал сот төрелігін жүзе-

ге асырудың көп қырлы проблема-

лық мәселелерін дұрыс пайымдап, 

азаматтар мен заңды тұлғалардың 

құқын тиімді қорғауға мүмкіндік 

береді. 


Сөзінің соңында Мәми мырза 

комментарийді әзірлеген жұмыс 

тобы  мен  редакция  алқасының 

күрделі де ауқымды қызмет жүр-

гізгенін, сондықтан оны осындай 

алқалы  жиын  алдында  тұсауын 

кесіп, таныстырудың өзі үшін  екі 

есе қуаныш сыйлайтынын зор қа-

нағаттанушылық сезіммен жеткізіп, 

оларға алғыс білдірді. 

Одан кейін сөз алған Жоғарғы 

Соттың  мамандандырылған  сот 

алқасының төрағасы  Айгүл Қы-

дырбаева комментарийдің сот ісін 

жүргізуде  судьялардың әдістемелік 

құралына айналып, құқық қолдану 

тәжірибесінде бағдаршам болаты-

нын айтса, Парламент Сенатының  

Конституциялық заңнама, сот жүй-

есі және құқық қорғау  органдары 

комитетінің төрағасы   Серік Ақыл-

бай Азаматтық процестік кодекстің 

«Қазақстанның 2010­2020 жыл-

дарға арналған құқықтық тұжы-

рымдамасы» мен Судьялардың VI 

съезінде Елбасы қойған міндеттерді  

жүзеге асырудағы сындарлы шара 

болғандығын, сондықтан, оған жа-

салған комментарий еліміздің сот 

жүйесі жұмысын алға жылжытуда 

өзіндік рөл атқаратыны жөнінде  сөз 

сабақтады.

Ал,  келесі  кезекте  сөз  тиген  

БҰҰ­ның  Қазақстан Республика-

сындағы тұрақты өкілі Алтангерел 

Мунхтия Азаматтық процестік ко-

декске сәйкес, инвестициялық дау­

лар бойынша мамандандырылған  

соттың құрылуын  Қазақстандағы 

сот  жүйесіндегі  жаңа  сапалық 

секіріс деп бағалады. Бұл ретте ол 

аталмыш шараның бизнес үшін 

қолайлы ахуал туғызып, еліміздің 

инвестициялық ахуалын барынша 

жақсартатын  қадам  екенін  атап 

көрсетті.

Жиында өз кезегінде Жоғары  

сот кеңесінің мүшесі, адвокату-

ра өкілі Балгүл Райсова, Әділет 

ми нистрлігі  Сот  сараптамасы 

орталы ғының директоры Исидор 

Бор чашвили, Бас прокуратураның 

Соттарда  мемлекет мүддесіне өкіл-

дік ету департаменті бастығының 

орынбасары Марат Әбішевтер де 

сөз алып, бұл комментарий Аза-

маттық процестік кодекстегі уақыт 

талаптарына сай енген жаңа өл-

шемдердің сауатты қолданылуына 

көмектесіп,  отандық  құқықтық 

тәжірибені  әлемдік озық талап-

тарға сай ететіндігі жайлы ойларын 

ортаға салды. 

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті»

«Салықты айналып өтіп, әлдекімдердің 

қалтасына құйылып жатқан заңсыз алтын 

өндіру бизнесі арқылы еліміздің алтын 

қорын құрауы тиіс бағалы металл арзанға 

шетел асып кетіп жатыр. Ақшаға құныққан 

жандар заңның солқылдақтығын пайдала-

нып, қазір мүлдем шектен шыққан» дейді 

компания басшысы.

Мұндағы ұрлықтың асқынып кетуіне 

алтын кенін қорғайды дейтін күзет қыз­

меткерлерінің қылмыскерлермен ауыз 

жаласуы да үлкен ықпалын тигізіп жатқан 

сияқты. Биыл бес күзет қызметкерінің ал-

тын кенін ұрлаушылармен бірлесе әрекет 

жасағаны анықталып, тұтқындалған.  Қы-

ркүйек айында 58 миллион теңгенің алтын 

кенін ұрлаған күзет басшысы мен күзетші 

тұтқындалып, олрға қатысты қылмыстық 

іс қозғалды. 

«Алтын кенінде орын алған ұрлық 

пен заңсыз алтын өндірудің белең алып 

кетуіне заңның солқылдақтығы ғана емес, 

құзырлы орган қызметкерлерінің бірлесе 

әрекет жасамауы және ақпараттық­насихат 

жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі 

де әсерін тигізуде» деп санайды облыс про-

куроры Мұратбек Исадилов. Осы орайда, 

ол «Заңсыздықпен күресуге тиісті құзырлы 

органдар арасында меморандум жасалуы 

қажет» деп санайды. Сондай­ақ, облыстың 

өкілетті органдары қолданыстағы заңдарға 

өзгерістер енгізуді сұрап, тиісті орган-

дарға хат жолдауы қажеттігі де айтылды. 

Мәселен, қазіргі заңда қымбат металды 

ұрлауға қатысы бар күзет қызметкерлерін 

жауапкершілікке тарту мүлдем қарасты-

рылмаған екен. Осыған орай, заңға «Өз 

өкілеттіктерін теріс мақсатта пайдаланған 

компанияның күзет қызметкерлерін жау-

апкершілікке тарту» бабын енгізу қажет 

деп санайды прокуратураның басқарма 

басшысы.

Биыл күзде Бестөбе кентінде тұратын 

тұрғындардан жерасты жарылыстары сал-

дарынан үйлерінің сылағы түсіп, қабыр­

ғалары шытынап жатқандығы жайында 

шағым түсіп, құзырлы орган өкілдері 

арнайы  келіп  тексеріп  көріпті.  Сонда 

мынадай жай анықталыпты. Жарылыс 

болар сәтті күтіп, автокөлікте отырған 

құзырлы орган өкілдері жерасты жарылы-

сы болған сәтте қайдан шыққаны белгісіз 

жүздеген адамның ойылған шұңқырға 

жан­жақтан лап қойып, қолдарына түскен 

алтын өндіретін жер жынысын алып тары-

дай шашылып кеткенін көріп, жағаларын 

ұстап қайран қалысыпты. 

Бүгінде Бестөбе, Ақсу, Жолымбет кент-

теріне еліміздің әр аймағынан оңай олжа 

табуға келіп жатқандар қатары көбеймесе, 

азаяр емес. Компания қызметкерлері жер­

асты шахталарын қанша бітеп, бекітсе де 

қуыс жол тауып, шахтаға еніп алтын кенді 

жыныстарды ұрлайтындар қатары көбей-

ген үстіне көбейіп бара жатқан жайы бар. 

Әзірге, компанияның бар қолынан келері 

бейнеқондырғылар орнатып, күзет қызмет-

керлерінің санын көбейту ғана. 

Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОлА ОБлыСы

– Елбасы атап өткендей, біз ЭДыҰ 

(ОЭСР)  стандарттарына  сай  келетін 

әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына 

кіруді мақсат етіп жатырмыз. Бұл нені біл-

діреді? Сарапшылардың пікірі бойынша, 

бұл елдерде болашақта жұмыс орындары-

ның 47 пайызы автоматтандырылған бо-

луы керек. Мұндай өзгеріс тұрғындардың 

50 пайызының өз­өзін жұмыспен қамтуы-

на алып келеді. Бұл – жаңа 21 ғасырдың 

талабы! Бізге білім­ғылым, заманға икемді 

әрі адамгершілік қасиеттері жоғары аза-

маттар керек. Сондықтан, мысалға, мектеп 

қабырғасынан­ақ балаларды ақпаратпен 

жұмыс істеуге үйретіп, оларды өмір та-

лаптарына сәйкес қалыптастыра отырып, 

болашақ патриот, ұлтжанды азаматтарды 

тәрбиелеуіміз керек, – деді облыс әкімі. 

Сондай­ақ, аймақ басшысы форумның 

құрметті қонақтары – Қызылорда облысы 

Азаматтық Альянсы қауымдастығының 

бұрынғы төрайымдары Дариға Ақмағам-

бетова мен Әлима Әбдіхалықоваға алғыс 

хат табыстады, иықтарына ақ орамал жап-

ты. Жиын барысында VII Республикалық 

Азаматтық форум делегаттары сайланды. 



Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз 

қамтылған  топтарын қолдау мақсатын-

да қызмет етіп келе жатқан «Сыр мей-

ірімі» жобасына бірнеше жыл қатарынан 

қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп ке-

леді. Елбасы бастамасымен «Мерейлі от-

басы» ұлттық байқауы әлеуметтік жоба 

ретінде жыл сайын өткізіліп, осы күнде 

көпшілікке мәлім, халықтың ықыласына 

бөленген ауқымды әлеуметтік жобаға 

айналды. Жыл сайын облыста әртүрлі 

сала өкілдерінің қатысуымен еңбек ди-

настияларының форумы өтеді. Сасқанға 

сая бола білген «Қамқорлық» дағдарыс 

орталығы, «Ұмай» қайырымдылық үйі, 

«Шапағат»  жобаларын ерекше атап 

өтуге болады. Екінші жыл қатарынан 

облыста «Әлеумет» жобасы жүзеге асы-

рылуда. Аталған жобаны ұйымдастыруға 

салалық принцип негізінде 60 үкіметтік 

емес ұйым тартылып, жүйелі жұмыс 

жүргізілуде. 2009 жылы үкіметтік емес 

ұйымдардың жобаларына облыстық, қа-

лалық және аудандық бюджет арқылы 45 

млн теңге қаржы бөлінсе, өткен 6 жылда 

қаржы көлемі 18 есе өсіп, биыл 811 млн  

теңгеге жетті.

Қызылорда облысы әкімдігінің 

баспасөз қызметі

(Соңы. Басы 1-бетте)

Азаматтық форум



ХХі ғасыр талабы

Қызылордада «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік 

жаңғыру» тақырыбында VII Азаматтық форум өтті. Форумды аша 

отырып, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта 

үкіметтік емес ұйымдар денсаулық сақтау, білім, мәдениет және 

спорт саласын дамытуға, әлеуметтік қолдауға бағытталған көпте-

ген жобаны жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. 

4

№127 (2905) 

15 қараша 2016

zangazet@mail.ru

Тәуелсіздікке — 25 жыл

1991 

жылғы  тамыз  айы­

нан бастап бұрынғы 

КСРО­ның құлдырау, күйреу кезеңі 

басталғаны баршаға аян. Осы жыл­

дың тамыз айында Мәскеуде өт­

кен  дүмпуден  кейін  Коммунистік 

партия таратылды. 1991 жылы 24 

тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 

«Ағымдағы жағдайды бағалау және 

Республика  егемендігін  нығайту 

шаралары туралы» қаулы қабылда­

ды. Ал, осы жылдың 29 тамызында 

Қазақ КСР Президентінің «Семей 

ядролық сынақ полигонын жабу ту­

ралы» Жарлығы шығып, 40 жылдан 

астам сынақ жүргізілген ядролық 

қаруға тыйым салынды. 

Қазақстан  Республикасы  тұңғыш  Прези-

дентінің осы батыл тарихи шешімі дүниежүзі 

елдеріне озат үлгі ретінде танылуда. 2009 жылы 

желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан-

ның  ұсынысы  бойынша  бұл  күнді  ядролық 

сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні 

деп жариялауға шешім етті. Қазір бүкіл әлем Қа-

зақстанды ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш 

мемлекет ретінде таниды. 

Бұдан кейін 1991 жылы 12 желтоқсанда Қа-

зақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-ін-

дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа 

тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан 

Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жар-

лығы қабылданды. Осылайша тәуелсіздікті аң-

саған, ел бірлігін ойлаған көптеген ұлт патриот-

тары жазықсыз жаладан босатылды.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ 

КСР Президентінің жалпы халықтық сайлауы 

өтті. Осы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-

баев бірауыздан ел Президенті болып сайланды. 

Конституцияға сәйкес, Н.Назарбаев Қазақстан 

Респуб ликасы Президентінің антын берді. Депу-

таттар «Қазақстан Республикасы Президентінің 

лауазымына кірісуі туралы» қаулы қабылдады. 

Осыдан  кейін  мінберге  ақын  Шәкір  Әбенов 

шығып, халық атынан халқы сүйген перзентіне ақ 

батасын берді:

Сарыарқа – туған жерім, елім – қазақ, 

Қазақ елі ежелден көкседі азат.

Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,

Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.

Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін, 

Енді ешкім көрмес үшін қанды қырғын, 

Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған

Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін. 

Абылайым бүгінгі Сен емес пе? 

Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?! 

Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың, 

Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.

Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан,

Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!

Одан кейін небәрі 15 күн өткенде – 1991 жылы 

16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігі жария-

ланды. Әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты 

жаңа мемлекет пайда болды. 

Біз тәуелсіздікке қол жеткізген кезде елдің 

тұрмыстық жағдайы ауыр болатын. Қаржы да 

жоқ, қажетті тауар да жоқ, сол бір қиын кезеңнің 

де қисынын таптық. Жоққа жетпейтін жүйріктің 

бабын келтіріп, шідерін шештік. Тірліктің түн-

дігін түріп, жоқты барға, барды базарға, базарды 

ажарға айналдыра алдық. Әрине, бұл айтуға ғана 

оңай. Бірақ, көппен бірге жол таптық, жұрт боп 

жұмылып, азды көпке айналдырдық. Сенім неси-

есін орнықтырдық, үмітті  үкіледік (Н.Назарбаев. 

Ұлы дала ұлағаттары. «Егемен Қазақстан», 2 

қараша 2016 жыл). Қазақ халқының сан ғасырлар 

бойы арман тілегі орындалды, ел тарихының жаңа 

Жиырма бес жылдың ішінде елдің 

әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз 

бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде 

қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде 

білім, ғылым, денсаулық, спорт сала-

лары айрықша даму үстінде. Тәуел-

сіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға 

жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет 

тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуел-

сіздіктен бастау алады. Қазақ халқының 

дәуірі басталды. Яғни, 1991 жылдың 16 желтоқса-

ны мемлекетіміздің өз тағдырын өзі айқындаған 

алғашқы қадамы болды. Осыған орай бұл күннің 

мемлекеттік мереке болып белгіленгені өте қу-

анышты. Биыл еліміз тәуелсіздіктің 25 жылдық 

мерейтойын атап өтіп отыр. 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Моңғолия 

астанасы Улан Баторға Нұрсұлтан Әбішұлы 

барғанда сондағы жиналған қауымның арасынан 

суырылып шыққан бір қазақ қызы Нұрекеңе бы-

лай деген еді:

Уа, Дариға-ай,

Жүректі шоқ қариды-ай

Алты Алашта қол бастар, 

Абылайдай аға жоқ.

Жауды жасқап жол бастар, 

Жәнібектей дара жоқ,

Азған елге Абайдай,

Ақыл айтар дана жоқ,

«Өтеміз-ау өксумен

Басқаларға таба боп» –

Деп аһ ұрып жүргенде, 

Денеде дерт, сана серт. 

Келдіңіз бе өмірге,

Еліңізге пана боп,

 Сол жобадан табылсақ,

Бізде арман, нала жоқ! – 

дегенде Елбасының өзі толқып, көзіне жас алған  

екен. 

Енді міне, бүгінде тұңғыш Президент – Н.На-



зарбаев бүкіл қазақ  жұртының сан ғасырлар 

бойғы тілегін жүзеге асырған, елін асқақ биіктен 

көрсеткен дара, дана тұлға ретінде дүниежүзіне 

танылып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді 

басқарған уақыт – тарихи оқиғаларға толы кезең. 

Бұл кезең еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін 

жариялаған Декларациясын, Қазақстанның жеке 

мемлекет екендігін көрсеткен Ата Заңын, мем-

лекеттік рәміздерін қабылдап, елімізді егемен 

мемлекет ретінде көптеген шет мемлекеттердің 

таныған кезеңі болып отыр.

Егемендік алғалы бас-аяғы жиырма бес жыл-

дың ішінде Қазақстанды әлемнің барлық елі та-

ныды. Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымынан 

бастап, көптеген беделді халықаралық ұйымға 

мүше болды. Қазақстан барлық елдермен достық 

қатынасын нығайтты, еліміздің экономикасы, 

мәдениеті, саяси жүйесі бекіді, демократия мен 

заңдылық,  құқық тәртібі жетілді.

Осы тәуелсіздік алған аз уақыттың ішінде 

елімізде 1993 және 1995 жылдары екі бірдей 

Конституция қабылданды. Еліміз Президенттік 

басқару жүйесіне өтті. Биліктің барлық салалары 

Конституцияға сай қызмет атқаруда. Мемле-

кетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көп-

теген заңдар, кодекстер, заңнамалар қабылданып, 

мемлекеттік құрылыстың өркендеуіне сүбелі үлес 

қосылып жатыр.

Елімізде халықтар достығы нығайды, дүние-

жүзіне үлгі болатын Қазақстан халқы Ассам-

блеясы құрылып, адам және азамат құқықтары 

мен бостандықтарының өркениетті қағидалары 

толық жүзеге асырылды. Қазақ тілі мемлекеттік 

тілге айналды. Ғасырлар бойы шет жерде жүрген 

миллиондаған отандастарымыз, қандастарымыз 

өз атамекеніне оралды. Статистикалық мәлімет-

терге сәйкес, 1991 жылдан басталған ұлы көш 

нәтижесінде 981 743 қандасымыз елге оралды. 

Бұл ел халқының 5,5 пайызын құрайды. Осы 

оралмандардың 61,5 пайызы Өзбекстаннан, 11,6 

пайызы Қытайдан, 19 пайызы Моңғолиядан, 7,3 

пайызы Түрікменстаннан, 3,9 пайызы Ресейден, 

3,7 пайызы өзге елдерден келген. Әлі күнге  елге 

оралып жатқандар баршылық.

1992 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда Дүние-

жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтіп, 

дүниежүзі қазақтары өкілдерінің басы қосылып, 

ел тәуелсіздігінің мәртебесі шарықтай түсті. 

Осындай ұлы басқосулардың арқасында қазақ 

елі абыройлы, ай астындағы Алаш жұртының 

даңқын биікке көтерді. Осы жылдың 5 қазаны 

күні Президент Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамбле-

ясының 47-ші сессиясында сөз сөйлеп, Егемен 

Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын дүние 

жүзіне танытты. 

Жиырма бес жыл ішінде Қазақстанда тұратын 

барлық ұлттар тілінің, дінінің дамуына толық 

мүмкіндік жасалды. Қазақстан бірінші болып 

ядролық қарудан бас тартты, ядролық шикізат 

бейбіт өнім өндіру затына айналды. Қазақстанда 

ұлттық валюта – теңге іске асырылды, еліміздің 

экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосты. 

Мемлекеттік шекара белгіленіп, көршілес мем-

лекеттермен бұл тұрғыдағы құжаттарға қол қой-

ылып, қауіпсіздік нығайтылды.

Қазақстан аумағының орталығында елдің, 

жердің тұтастығын сақтау мақсатында жаңа Аста-

на салынды. Осындай жетістіктер мен табыстар 

Қазақстанды әлемге танытты. Республикамыздың 

жедел өркендеу қарқынына дамыған елдердің қай-

раткерлері де оң бағасын беруде. 

Елбасының алға қойған ең басты мақсаты да 

адам және азамат құқықтары мен бостандықта-

рын Конституцияға сәйкес іске асыру, халықтың 

әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау, 

мемлекеттің экономикасын және саяси жүйесін 

дамыту, халықтар достығын нығайту, елімізді 

өркениетті елдер қатарына қосу екені баршаға 

аян. Осыған орай Президенттің тікелей Жар-

лығымен «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму 

жоспары бекітілді. Осы жоспарда мынадай жеті 

ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық 

қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғам-

ның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі 

жинақтардың деңгейі жоғары ашық нарықтық 

экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының 

денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика 

ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе, көлік және 

байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар 

елдің өркендеуінің, дамуының, халық беделінің 

артуының негізіне айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 

жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен «Қа-

зақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі 

стратегиялық даму жоспары» бекітілді. Бұл 

жоспар Қазақстан өркендеуінің, гүлденуі мен 

қауіпсіздігін арттырудың, экономикалық биікке 

көтерілуінің, құқықтық мемлекет орнатуының 

алғышарты болып отыр.

Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе 

жатқан ең жоғары лауазымды тұлға Президент 

Н.Назарбаев Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде 

еліміздің абыройын, атағын асқақтатты. Қа-

зақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік 

пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, 

2011 жылы  Ислам Конференциясы ұйымына 

төрағалық етуі соның дәлелі.

2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көр-

мелер бюросының №152 Бас Ассамблеясында 

өткізілген құпия дауыс беру нәтижесінде 163 мем-

лекет арасынан 103 дауысты иеленген Қазақстан 

2017  жылы  кезекті  халықаралық  «ЭКСПО» 

көрмесін Астанада өткізу құқығына ие болды. 

Бұл халықаралық көрменің дайындық барысын 

Президенттің өзі тікелей қадағалап отыр.

2012 жылы Қазақстанның БҰҰ Адам құқықта-

ры жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайлануы 

мемлекетіміздің биік беделінің тағы бір көрінісі 

болды. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарба-

евтың бастамасымен Еуразиялық одақ құрылды. 

Ежелден достығы жарасқан мемлекеттер Бела-

русь, Ресей, Қазақстанның экономикалық одағы 

құрылып, мемлекеттер дамуының, өркендеуінің 

алғышарты жасалды. Қазіргі кезде бұл одаққа 

кіруге тілек білдіруші мемлекеттердің саны 

арта түсуде. Ел-жұрты құрметтеген, мемлекет 

дамуының ұйымдастырушысы болған тұңғыш 

Президент – Елбасының конституциялық құқығы 

заңмен қорғалады. Мысалы, 2014 жылы қабыл-

данып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген 

Қылмыстық кодекстің 177-бабында тұңғыш рет 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прсзидентінің 

– Елбасының өміріне, оның қызметіне кедергі 

жасау, осындай қызметі үшін кек алу мақсатында 

жасалған қолсұғушылықтар үшін Қылмыстық 

кодекстің 373-бабында Қазақстан Республи-

касының  Тұңғыш  Президентін  –  Елбасын 

көпшілік алдында қорлау және оның абыройы 

мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан 

Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасы-

ның бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті – Елбасының заңды қызметі-

не кедергі жасағаны үшін арнайы жауаптылық 

белгіленген.  Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан 

эволюциялық жолмен, бейбіт дамудың нәти-

жесінде саясатта, экономикада, халықаралық 

қатынастарда Елбасының басшылығымен биік 

белестерге көтерілді. «Тәуелсіздік – ел тілегі, 

ал, Елбасы – ел тірегі» екенін өмірдің өзі растап 

отыр. 


2016 жылы Президент Н.Назарбаев БҰҰ Бас 

Ассамблеясының биік мінберінде «Бейбітшілік 

манифесін» дүниежүзіне паш етті. Бұл манифест 

– біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде жария-

ланып, жер жүзі халықтарының тіліне аударылды. 

Қазақстан тұңғыш рет 2016 жылы 28 маусымда 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 

тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұның 

өзі Қазақстанға – халықаралық бейбітшілік пен 

қауіпсіздікті қамтамасыз  етуге сеніп тапсырылған 

зор жауапкершілік. Бұл да біздің жас тәуелсіз мем-

лекетімізге тапсырылған үлкен сенім, зор құрмет.

Тәуелсіздік ұлы мәртебе. Еліміздің мәңгілік 

ел болуы негізгі міндет. Осы ұлы істерді жүзеге 

асыру үшін ел бірлігі, халықтар достығы нығаюы 

керек, әрбір азаматтың өз Отанын сүйгіштік па-

триотизмі, елі мен жері үшін жанқиярлық еңбегі, 

заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, сыбайлас 

жемқорлықпен күресу, көршілес мемлекеттермен 

достықты, экономикалық ынтымақтастықты да-

мыту, алыспен де, жақынмен де бейбіт қатар  өмір 

сүру,  аймақтық жанжалдарды араағайындық, 

бітімгершілікке шақыруға, адамгершілік тұрғыдан 

шешуге атсалысатын ел қатарына  енуіміз қажет. 

Алдағы жылдарға белгіленген меже осы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет