ҚұҚыҚ Қолдану тәжірибесін нығайтатын құрал Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы а



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.03.2017
өлшемі4,62 Mb.
#10931
1   2   3   4   5

Арықбай АҒЫБАЕВ,

заң ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың профессоры

БейБітшілік пен татулықтың бесігі

Тәңірдің 



сыйы

егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен 

жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – 

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дер-

бес қазақ елі келді. Осыдан жиырма бес 

жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік 

тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан 

кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, 

шынайы тарихы мен мәдениетін қай-

та түлетуге жігерлене құлшыныспен 

кірісті, елдің ішкі және сыртқы саяса-

тын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан 

түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық 

қоғам құру принциптерін дербес ай-

қындады.

Әрине, ең алдымен бұрынғы жүй-

енің құлауының зардаптарын, әлеумет-

тік-экономикалақ күйреу мен дағдарыс-

ты бастан кешірдік. Соған қарамастан 

Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын 

таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса 

бастады. Бұл ретте осы уақыт ішінде, 

яғни, жиырма бес жылда Елбасымыз-

дың атқарған еңбектері орасан зор, атап 

айтсақ:

Нұрсұлтан  Назарбаев  еліміздің 



Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ-ның 

шешімімен тарихқа «Бейбітшілік мис-

сиясы» ретінде енген, Семей ядролық 

полигонын  жабу  секілді  ғаламдық 

маңызға ие шараларға қол жеткізді. 

Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттір-

мес басты мәселеміздің бірі болып са-

налатын – тіл саясатын тәуелсіздіктің 

алғашқы күндерінен бастап біз пара-

сатты байыптылық танытып жүргізіп 

келе жатырмыз. Дегенмен, Қазақстан 

халқы мынаны түсінуі керек: қазақ тілі 

осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. 

Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір 

елде дами алмайды, бұл тілдің басқа 

Отаны жоқ. Мемлекеттік саясатта бұл 

тілге алдағы уақытта да басымдылық 

беріледі. Қазақстанды өз Отаным деп 

есептейтін әрбір азамат бұл тілді білу-

ге міндетті. Тіпті, қазақстандық патри-

отизм бізді осыған жетелеуі қажет. 

Қазақстан  Республикасындағы 

ұлт саясатының бағдарламасы саяси 

тұрақтылықтың  кепілі  болып  қала 

бермек. Барлық қазақстандықтардың 

теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік 

принцип пен ұлтаралық татулық сана-

сын қалыптастыру маңызды. Ол үшін 

Қазақстанда бірінші қазақ халқының 

түпкілікті ұлттық мүдделері дұрыс 

шешілгенде ғана өзге ұлттар мен эт-

ностық топтардың дамуына жол ашы-

лады. 

Әрбір азамат «Қазақстан – менің 



Отаным, менің елім» деген ұранның 

маңайына топтасуы керек. Болашақта 

еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қа-

білетті озық мемлекеттердің қатарынан 

орын алатынына барлық қазақстан-

дықтар  күмәнсіз  сенеді.  Осындай 

секіріс жасау үшін барлық қоғамдық 

ресурстарды топтастыру мен жұмыл-

дыруға тура келеді. Бай да бақуатты 

Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі 

ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді 

біртұтас рухани, мәдени, экономикалық 

және саяси жүйенің желісін айқындап, 

олардың қалыптасуына оң ықпалын 

тигізеді.

                                                            



Дастан СЛЯМКУЛОВ, 

Алматы қаласы мамандандырылған                

ауданаралық әкімшілік сотының   

    судьясы 

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қа­

былданды. «Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен 

бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі 

барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жет­

кіздік», – деген Елбасының сөзі шындық. Шындығында егемен 

ел болмасақ, бүгінгідей жетістіктің бірі де болмас еді.

25


№127 (2905) 

15 қараша 2016

5

zangazet@mail.ru



мінбер

Қылмыстық теріс 

қылық

Қылмыстық кодексте қоғамға зор 

қауіп  төндірмейтін,  болмашы  зиян 

келтірген, не адамның жеке басына, 

ұйымға, қоғамға немесе  мемлекетке 

зиян келтіру қатерін туғызған, оны 

жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу 

жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға 

тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көз-

делген, айыпталушы жасаған іс-әрекет 

(әрекетсіздік) қылмыстық теріс қылық 

деп танылады. Осындай қылмыстық 

теріс қылық ұғымының енуіне сәй-

кес, қылмыстық іс жүргізуде де тиісті 

жаңалықтар енгізілді. Жаңа кодекстегі 

елеу лі өзгерістің бірі – қылмыстық теріс 

қылыққа байланысты істердің созылып 

кетуіне жол бермеу мақсатындағы та-

лаптар. Мұның барлығы жаңа заңда 

қаралған, мерзімдері айқындалған. 

Яғни,  Қылмыстық процестік кодекстің 

55-тарауы қылмыстық теріс қылықтар 

туралы  іс  жүргізу  ерекшеліктеріне 

арналған. Атап айтқанда, осы тарауда 

қылмыстық теріс қылықтар туралы 

істер бойынша іс жүргізу тәртібі, сотқа 

дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық 

нысаны, хаттама жасау және сотқа жібе-

ру тәртібі, қылмыстық теріс қылықтар 

туралы істерді сотта қарау ерекшелік-

тері    мен  мерзімдері  айқындалып, 

қылмыстық теріс қылық бойынша іс 

жүргізу тәртібінің жеңілдетілген мәсе-

лелері белгіленген. Өткен жылы біздің 

сотта барлығы 75 теріс қылық бойынша 

іс қаралса, биылғы жылдың 9 айында 

бұл 54 істі құрап отыр.  

Қылмыстық  кодекске  енгізілген 

қылмыстық теріс қылықтың іс жүзінде  

қолдану нәтижесі және оның тиімділігі 

туралы қазіргі кезде пәлен деп айту, 

менің ойымша, ертерек. Себебі, оқып 

қарасаң, ғалымдар арасында да, сол 

заңдарды күнделікті қолданып жүрген 

практик заңгерлер арасында да бір-

жақты пікір қалыптаспаған сияқты. 

Дегенмен, қылмыстың үлкен-кішісінің 

болмайтынын  ескерсек,  кез  келген 

теріс  қылық  үшін  жауаптылықтың 

болатынын заңдық тұрғыдан түсіндіру 

керек сияқты. Өйт кені, біз заң арқылы 

азаматтарға ортаны, қоғамды сыйлау-

ға үйретіп, әрбір ұсақ бұзақылықтың 

ақыры  өкінішке  ұрындыратынын 

түсіндіргеніміз абзал. Сайып келгенде  

ауыр қылмыстардың алдын алу үшін 

бұрын елеусіз болып көрінген құқық 

бұзушылықтарды да елеусіз қалдырмау  

керек. Ал, ол өзін қаншалықты ақтайды, 

оны уақыт көрсетер.



Процестік 

келісімнің нәтижесі 

қалай?

Жоғарыда  айтып  өткендей,  қол-

даныстағы кодекстерде жаңалықтар 

жетерлік. Соның біреуі – процестік 

келісім мәселесі. Бұл жаңалық тергеу 

органы өкілдерінің де, прокурорлардың 

да, біздің сала өкілдерінің де көңілі-

нен шыққан секілді. Процестік келісім 

– қылмыстық процестің кез келген 

саты сында прокурормен күдікті, айып-

талушы не сотталушы арасында жаса-

латын мәміле. Оны жасаудың тәртібі, 

негіздері, мерзімі ҚПК-де толық және 

жан-жақты айқындалған. Ал, Қылмыс-

тық кодексте қатесін мойындағанға 

қандай кеңшілік пен жеңілдік жасала-

тыны көрсетілген. Процестік келісім 

кінәні мойындау туралы мәміле және 

ынтымақтастық туралы келісім нысан-

дарында жүргізіледі. Кінәні мойындау 

туралы мәміле онша ауыр емес, орташа 

не ауыр қылмыстар бойынша күдікті, 

айыпталушы не сотталушы келтірілген 

барлық  санкциялау өкілеттігін 

сотқа берген жөн

Өткен жылдың басында елімізде 4 бірдей кодекс қолданысқа 

енгізілді. Солардың ішінде  Қылмыстық кодексте де, Қылмыстық 

процестік кодексте де ауыз толтырып айтатын жаңалықтар 

жетерлік. Қылмыстық кодексте 467 бап бар, бұрынғы құжат-

та 393 бап бар болатын. Және мұндағы  таразыланатын құқық 

бұзушылықтар енді қылмыс және қылмыстық теріс қылық болып 

жіктелген.

күдікпен (айыппен) келіскен жағдайда  

процестік келісім жасалады. Ал, ынты-

мақтастық туралы келісім қылмыстық 

топ  жасаған  қылмыстарды,  өзге  де 

адамдар жасаған аса ауыр қылмыс-

тарды, сондай-ақ, экстремистік және 

террористік қылмыстарды ашуға және 

тергеп, тексеруге ықпал ету кезінде жа-

салып, жүргізіледі. Әйтсе де процестік 

келісім кез келген адаммен, кез келген 

қылмыс  түріне  қарамастан  жасала 

бермейді. Оның да заңмен белгілен-

ген шектеулері бар. Оның барлығына 

тоқтап, уақыттарыңызды алғым кел-

мейді. Ең бастысы, мұндай келісімнің 

жасалуы қылмыстың созбалаңға са-

лынбай ашылуына, тергеу әрекеттерінің 

сағыздай созылмай аяқталуына және 

әрине, сот үкімінің де ақылға қонымды 

мерзімде шығуына ықпал етеді. Мұның 

барлығы сайып келгенде халықтың 

құқық қорғау органдары мен сотқа де-

ген сенімін арттыратыны сөзсіз.

Осы жаңа кодекс 

енгізілген 2015 жы-

лы 37 іс 51 адамға 

қатысты  про-

цестік келісім 

жас аумен 

аяқ талса, 

биыл ғы 


ж ы л -

д ы ң 


9 айында 

60 іс 75 адамға 

процестік келісімді 

қолданумен қаралып аяқ-

талған.

Тергеу судьясы 

сот бақылауын 

арттырды

Жаңа кодекстегі тағы бір айтулы 

өзгеріс  тергеу  судьясы  институты-

ның енгізілуінен көрінді. Бұл – сотқа 

дейін гі тергеп-тексеру сапасын артты-

ру, азаматтар құқығының жан-жақты 

қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 

енгізілген сот бақылауы. 55-бапта тер-

геу судьясының өкілеттіктері көзделген. 

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында 

тергеу судьясы күзетпен ұстауды, үй-

қамақты, лауазымнан уақытша шет-

тетуді, жақындауға тыйым салуды, 

экстрадициялық қамақты, күзетпен 

ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ  

мерзімдерін ұзартуды, кепілді қолдану, 

мүлікке тыйым салуды санкциялауды 

жүзеге асырады. Сондай-ақ, күзетпен 

ұсталмайтын адамды сот-психиатрия-

лық немесе сот-медициналық сарапта-

ма жүргізу үшін медициналық ұйымға 

мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне 

қатысты күзетпен ұстау қолданылған 

адамның  психикалық  ауру  фактісі 

анықталған кезде, оны ауруларды қа-

таң  оқшаулау  жағдайында  ұстауға 

лайықталған, психиатриялық көмек 

көрсететін арнаулы медициналық ұй-

ымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, 

күдіктіге, айыпталушыға халықаралық 

іздеу жариялау мәселелерін қарайды. 

Қамауда ұсталмайтын адам ды сот-пси-

хиатриялық немесе сот-меди циналық 

сараптамаларды жүргізу үшін медици-

налық ұйымға мәжбүр леп орналастыру 

туралы, қабірдегі мәйітті қазып алу, 

мүлікке тыйым салу, халықаралық іздеу 

туралы, кәмелетке толмаған тұлғаны 

арнайы мекемеге орналастыру, уақытша 

қызметтен шеттету және жақындауға 

тыйым салу туралы қолдау хаттарды 

қарайды. Сотқа дейін іс жүргізу кезінде, 

соның ішінде қинау туралы тараптар-

дың шағымдарын және өтініштерін 

қарау тергеу судьясының құзырында. 

Адвокат тергеу судьясына айғақтарды 

сақтауға беру туралы, тиісті заң көме-

гін көрсету және лауазымды тұлғалар-

ды сұрауды орындаудан бас тартқан 

жағдайда қорғаушының мүдделерін 

қорғау үшін қажетті мәліметтерді, құ-

жаттарды, заттарды талап ету хаттама-

сымен өтініш білдіре алады. Осылайша, 

қорғау тарапының қылмыстық іс тен 

кез келген мәліметті алуына, соның 

ішінде техникалық құралдарды пайда-

ланып, көшірмесін түсіріп алу құқығы 

(мемлекеттік құпиялары бар мәлімет-

терді  қоспағанда),  қорғалушының 

қатысуымен іс жүргізу әрекеттерін өту 

уақыты мен орны туралы күні бұрын 

хабар алуына, қорғалушы адамға бұл-

тартпау шарасын қолдану және тергеуге 

байланысты басқа да мәселелер бойын-

ша барлық жиналған материалдармен 

танысуына, құжаттардан өзіне қажет-

ті мәліметтерден үзінді алу немесе 

көшірмесін түсіруіне мүмкіндік береді. 

Тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу 

барысында жәбірленуші мен куәның 

айғақтарын сақтауға қояды. Прокурор-

дың ұсынуымен қылмыстық іс бойын-

ша процестік шығындарды  өндіріп алу 

туралы мәселені қарайды. Сұрау салуды 

орындаудан бас тартылған не ол бой-

ынша үш тәулік ішінде шешім қабыл-

данбаған жағдайда қорғаушы ретінде 

қатысатын адвокаттың уәжді өтінішха-

ты бойынша (мемлекеттік құпияларды 

құрайтын мәліметтерді қоспағанда), 

қылмыстық іс үшін маңызы бар кез кел-

ген мәліметтерді, құжаттарды, нәрсе-

лерді талап етіп алдыру және қылмыс-

тық іске қосып тігуге тергеу судьясы 

құқылы. Қорғаушы ретінде қатысатын 

адвокаттың уәжді өтінішхаты  бойын-

ша, егер қылмыстық қудалау органы 

осындай өтінішхатты қанағаттандыру-

дан негізсіз бас тартса, не ол бойынша 

үш тәулік  ішінде шешім қабылданбаса, 

сараптама тағайындау туралы мәселені 

бекітеді. Қылмыстық процесті жүргі-

зетін органға айғақ беру үшін келуін 

қамтамасыз ету қиындық тудыратын, 

б ұ р ы н 

ө з д е р і 

жауап алған 

к у ә н і ,   қ о р -

ғаушы ретінде қа-

тысатын  адвокаттың  

өтінішхаты бойынша мәжбүр-

леп әкелу туралы мәселені шешеді.

Кодекстің 56-бабы тергеу судьясы-

ның өкілеттіктерін жүзеге асырудың 

жалпы шарттарын белгілейді. Тергеу 

судьясы өз құзыретіне жатқызылған 

мәселелерді сот отырысын өткізбей, 

жеке-дара қарайды. Егер заңды және 

негізделген шешім шығару үшін маңызы 

бар мән-жайларды зерттеу қажет бол-

са, тергеу судьясы  тиісті тұлғалардың 

және прокурордың  қатысуымен сот 

отырысын өткізуге құқылы. Мәселен, 

кодекстің 55-бабында көзделген күзет-

пен ұстауды санкциялау, үйқамақты 

санкциялау, экстрадициялау, экстра-

дициялық қамақ мерзімін ұзарту, тез 

бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні 

бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы 

елеулі материалдық шығындарды қажет 

ететін заттай дәлелдемелерді өткізу ту-

ралы мәселені, сотқа дейінгі іс жүргізу 

барысында жәбірленуші мен куәның 

айғақтарын сақтауға қою мәселелерін 

қарау кезінде сот отырысын өткізу 

қарастырылған. Сот отырысын өткізу 

міндетті болған жағдайда қорғаушы та-

рап пен прокурорға сот отырысының 

уақыты мен орны туралы күні бұрын 

хабарланады. Сот отырысы тергеу судья-

сының өкімі бойынша бейнебайланыс 

режимінде жүргізілуі мүмкін. Сот оты-

рысы барысында хаттама жүргізіледі. 

Мұндай жағдайда тергеу судьясы  сотқа 

дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын 

органнан қаралып жатқан мәселе  бой-

ынша қосымша ақпаратты талап етуге, 

тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық 

материалдарымен танысуға және оларды 

зерттеуге, процеске қатысушыларды сот 

отырысына  шақыртуға және олардан 

қылмыстық іс бойынша қажетті ақпарат-

ты алуға құқылы.

Бірақ, тергеу судьясы кодекске сәй-

кес, істі мәні бойынша шешу кезінде 

сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін 

мәселелерді алдын ала  шешуге, тергеп 

тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін 

жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа 

дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын 

адамдардың және қадағалаушы проку-

рордың, сондай-ақ, істі мәні бойынша  

қарайтын соттың орнына әрекет жасау-

ға және шешім қабылдауға тиіс емес. 

Күдікті өзіне азаптау және басқа да 

заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы 

арызданған немесе онда күш қолдану-

дың іздері болған кезде тергеу судьясы 

қадағалаушы прокурорға көрсетілген 

фактілерді дереу тексеруді жүзеге асы-

руды тапсыруға міндетті.  

Жалпы, тергеу судьясы – сотқа дей-

інгі іс жүргізудің сапасын арттыруға 

септігін тигізіп, ең бастысы, азамат-

тардың құқығын жан-жақты қорғауды 

қамтамасыз етуге кепіл болатын инс-

титут. 

Айтарым бар...

Бір мақаланың шеңберінде жаңа 

кодекстердегі жаңалықтарды, оның 

жетістігі мен кемшін тұсы болса айтып, 

талқылап  бітіру мүмкін емес екен-

дігі белгілі. Дегенмен, өмір (уақыт) 

өз түзетулерін енгізетіні аян. Мыса-

лы, тал қылап отырған қолданыстағы 

кодекс теріміздің қолданысқа енгеніне  

2 жыл болмастан-ақ өмір өзінің түзету-

лерін енгізіп, нәтижесінде Қылмыстық 

кодекс ке де, Қылмыстық процестік 

кодекске де өзгерістер енгізіліп үлгерді. 

Әлі  де  талай  өзгерістер  болатыны 

анық. Сондықтан, мен бірнеше ұсыныс 

а й т қ ы м 

ке леді. Бұл 

менің субъек-

тивті  пікірім.

Біріншіден, есте рі-

ңізде болса, осыдан 10-15 жыл 

бұрын күдіктілерді қамауға алуға санк-

ция беруді сотқа беру немесе бермеу 

туралы  қызу  пікірталас  туды.  Оны 

қолдағандар да, қарсы пікір айтушылар 

да жеткілікті еді. Сонымен, әйтеуір, 

2008 жылы бұл өкілдікті сотқа берді. 

Өздеріңіз  куә  болғандай,  судьялар 

бұл сенімді абыроймен ақтап шықты. 

Нәтижесінде 2015 жылдан бастап қол-

данысқа енгізілген кодексте тергеу су-

дьясы институты ашылып, тергеуге сот 

бақылауының аясы кеңіп, міне, 2 жылға 

жуық  уақыт жұмыс жасауда. Мысалы, 

біздің соттағы тергеу судьясына өткен 

2015 жылдың 9 айында 309 материал 

түсіп қаралса, үстіміздегі жылдың 9 ай-

ында 880 материал түсіп қаралған, яғни, 

571 материалға көбейген. Бұл сотқа 

деген сенімнің айғағы. Дегенмен, жаңа  

кодексте де бұлтартпау шарасының көбі 

қылмыстық процесті жүргізетін орган-

ның құзыретіне жатқызылған. Мәселен, 

ҚПК-нің 137-бабында көзделген жеті 

шараның тек екеуі ғана тергеу судья-

сымен санкцияланады. Бұл – үйқамақ 

және күзетпен ұстау. Күзетпен ұстау 

түріндегі бұлтартпау бас шарасын қол-

дану туралы ұсыныстан бас тартқан 

кезде ғана судья кепіл түріндегі бұл-

тартпау бас шарасын қолдана алатыны 

шындық. Ал, «ешқайда кетпеу және 

тиісті мінез-құлық туралы қолхат, жеке 

кепілдік, әскери қызметшіні әскери 

бөлім басшысының бақылауына беру, 

кәмелетке толмағанды  қарауға беру» 

бұлтартпау шаралары әлі күнге дейін 

айыптау  тарабымен  қолданылады. 

Айыптау тарабына (сотқа емес) бапта 

көзделген бес қосымша шараны қол-

дануға мүмкіндік берілген. Өкінішке 

қарай, Қылмыстық процестік кодексте 

тергеу судьясының негізгі юрисдикция-

лық қызметінің бірі болып табылатын 

тұлғалардың конституциялық құқықта-

ры мен бостандықтарын шектейтін, 

тергеу әрекеттерінің өндірісіне жедел 

сот бақылауын қамтамасыз ететін нор-

малар жоқ. Барлық жасырын тергеу әре-

кеттерін санкциялау (адам мен орынға 

дыбыс және бейнебақылау жүргізу, 

байқау, сөйлесулерді тыңдау мен жазу, 

барлық құрылғылардан ақпараттарды 

алу, пошталық және басқа жөнелтілім-

дерді бақылау, тұрғын және басқа да 

жайларға кіру және тағы басқалар) 

прокурорға қалдырылған.

Бұл тұлғалардың конституция лық 

құқықтары мен бостандықтарын шек теу-

мен байланысты әрекеттерді жүргізуге 

мемлекеттік айыптау тарабы ретінде 

прокурорға құқық берілгені түсінікті, 

басқа тарап тұрғысынан, қорғаушы та рап 

тұрғысынан, айыптау мен қорғау тарабы-

ның жарыспалылығы және тең құқықты 

қағидасына сәйкес келмейді. Тұлғалар-

дың конституциялық құқықтары мен 

бостандықтарын шектейтін, тергеу әре-

кеттерінің өндірісіне соттың өкілеттігін 

кеңейтуден бас тарту қылмыс тық қудалау 

органдарының азаматтар құқығын бұзу 

деректерінің кең етек алуына ықпал етуі 

мүмкін. Сондықтан, жоғарыда айтқан-

дай, барлық санкциялау өкілетін сотқа 

беріп, қосымша штат бөлмей-ақ, қолда 

бар штат бірлігін пайдалана отырып осы 

мәселелерді қарайтын арнайы мамандан-

дырылған соттар ашса, бұл өзін толық 

ақтар еді деп есептеймін. 

Екінші бір көкейде жүрген мәсе-

ле  –  сот  шешімдерінің  орындалуы 

жа йы. Қазақстан Республикасының 



Ж.БЕКЖАНОВ, 

Бостандық аудандық

№2 сотының төрағасы

жаңа Қылмыстық атқару кодексі 2015 

жылдан бастап қолданысқа енгізілді. 

Алайда, «Сот орындау өндірісі және 

сот орындаушылар мәртебесі туралы» 

заңның 138-бабына өзгеріс енгізгеннен 

бастап сот үкімі бойынша жазылған 

атқару парақтарын мемлекеттік сот 

орындаушылар мен жеке сот орындау-

шылар палатасының бір-біріне допша 

лақтыруы басталды. Қала берді, атқару 

парағын әртүрлі себептермен сотқа кері 

жолдай салатын әдет пайда болды. Кей-

де тіпті негізгі жаза ретінде тағайын-

далған айыппұлдың өзін дүние-мүлкі 

жоқ болуына байланысты деп атқару 

парағын орындамай кері қайтаратын 

жайттар да бар. Ал, заң бойынша айып-

пұл орындалмаған жағдайда ол басқа 

жазаға ауыстырылуы қажет. Оған бай-

ланысты ұсынысты сотқа сот орындау-

шылар беруі тиіс. Сот орындаушылар 

өз өкілеттігін пайдаланып сондай шара 

қолданамын десе, мүмкін, олар тезірек 

төлер ме еді?! Қаржының тиыннан 

құралатынын ескерсек, оның артында 

ел қазынасына түсетін қаншама қаржы 

жатыр. Осы мәселе әлі де болса нақты 

бір жолға түспей тұр.

Себебі, ҚАК-нің 24-бабында «Айып-

пұл, сондай-ақ, мүлікті тәркілеу түрін-

дегі жазаларды мүліктің тұрған жері 

бойынша және сотталған адамның жұ-

мыс орны бойынша әділет органдары 

орындайды» делінген. Ал, сот орындау-

шылар заңнамадағы «жеке сот орындау-

шы өндіріп  алу мөлшері бір мың айлық 

есептік көрсеткіштен асатын соманы 

мемлекет пайдасына өндіріп алу және 

басқа да істердің санаттары туралы атқа-

рушылық құжаттарды қоспағанда, осы 

заңда көзделген барлық атқарушылық 

құжатты қабылдайды» деген талапты 

негізге алып, жаза ретінде тағайын-

далған айыппұлдарды жеке сот орын-

даушыларға жіберуде. Сондықтан, осы 

мәселені жоғарыда көрсетілген заңдарға 

қайта өзгерістер мен толықтырулар енгі-

зу арқылы шешсе жөн болар еді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республика-

сының Қылмыстық процестік кодексі 

мен Азаматтық процестік кодексінің 

мемлекеттік тілдегі атауы да көңіл-

ден шықпайды. Бұрынғы қолданыста 

болған осы тектес кодекстердің мем-

лекеттік тілдегі атаулары Қылмыстық 

іс жүргізу кодексі және Азаматтық іс 

жүргізу кодексі деп аталған болатын. 

Сол атаумен аталған кодекстер 15-16 

жыл әп-әдемі, жемісті жұмыс жасады. 

Қазіргі кодекстің атауындағы «іс жүр-

гізу» деген сөзді «процестік» деген 

сөзбен ауыстырғанда пәлендей өзгерген 

еш нәрсе жоқ. Бұл кодекстер жаңадан 

қабылданып жатса заман талабына 

сай қоғамдағы өзгерістер мен оның да-

муына байланысты қабылданып отыр, 

олардың мемлекеттік тілдегі атауына 

байланысты емес. Оның үстіне жаңа 

кодекстерде «сот ісін жүргізу тәртібі» 

«сот ісін жүргізу» деген сөз тіркестері 

жиі қолданылған. Сондықтан, аталған 

кодекстердің бұрынғы мемлекеттік тіл-

дегі атауларын қайтарып, Қылмыстық 

іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу 

кодексі деп атаған орынды.

Қорыта айтқанда, жаңа кодекстерде-

гі жаңалықтар мен ерекшеліктер қоғам-

ның құқықтық дамуы мен еліміздегі 

жүргізіліп жатқан құқықтық реформа-

ның талабына сай келеді.

АлМАТы ҚАлАСы



6

№127 (2905) 

15 қараша 2016

zangazet@mail.ru

темірқазық

Орайы келген әңгіме

Көкейкесті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет