И. П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі сезім мүшесі (рецептор), екіншісі



бет2/5
Дата19.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#94919
1   2   3   4   5
Байланысты:
үрдістер

Көру түйсіктері

  • Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ажыратады. Мәселен, қызыл түс үзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай үзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады.
  • Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі тусті және олардың сансыз реңцерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.

Есту түйсіктері

  • Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ
  • Аң-күстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке — 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық кұстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.

Дәм туйсіктері

  • Дәмді айыратын мүше-тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык зат-тар. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы-дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді тілдің үшы, ащыны-тілдің түбі, қышқылды-тілдің екі жақ шеті, түзды тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затгы тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажыра-та алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет