И. П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі сезім мүшесі (рецептор), екіншісі



бет4/5
Дата19.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#94919
1   2   3   4   5
Байланысты:
үрдістер

Естің теориялары:
1. Ассоциативтік теория. Дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты “топталған не тізбектелген” қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстары түзіледі.
  • Нейрондық теория. Есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт.

Қысқа мерзімді ес
Ұзақ мерзімді ес
Қайталау
Қабылданған хабарлама
Ес – бұл мидың маңызды процестерінің бірі. Ес бізге әр кезде, яғни оқуда да, жұмыста да, күнделікті өмірде де қажет. Өкінішке орай, ес уақыт өте нашарлайды. Бұған себеп адамның жасының ұлғаюы, стресстік жағдайлар және т.б. Сіздерге есті жақсартудың бірнеше жолын ұсынамыз:
Естің қалыпты жұмыс істеуі үшін организмге А, С, Е, К және В тобы дәрумендерінің саны жеткілікті болуы қажет. Олардың әрқайсысы мидың жақсы жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды; тез шаршаудың алдын алады, жылдам сақтауды қамтамасыз етеді, жинақы жауап беруге көмектеседі. Сонымен қатар мидың жақсы жұмыс жасауы үшін темірдің, фолий қышқылының, жартылай қанық май қышқылының жеткілікті болуы маңызды. Сондықтан тұтынатын тағамның құрамында ет, сиырдың бауыры, картоп, нан, сүт, банан, йогурт, құмық, алма, балық, жаңа көкөністер мен жемістер, грек жаңғағы болуы қажет
Есте сақтауды дамытуға өлең шумақтарын, телефон нөмірлерді жаттау да өте пайдалы;

Ойлау

Ойлау – бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.

Ойлау - психикалық іс- әрекеттің ерекше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтық ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта өз тұжырымдарын экспериментальды дәлелдеуге ұмтылған ХХ ғасырдың басындағы неміс психологтары болды.

Ой қызметтері

  • Талдау-бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтін-нен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу.
  • Біріктіру-бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.
  • Салыстыру-бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті.
  • Дерексіздендіру (абстракция)-бұл зерттеліп жатқан нысанның қандайда бір белгісін бөліп алып, қалғандарын елемеу.
  • Нақтылау_ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы.
  • Қорыту-заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет