Материалистік тұрғыдағылар: ойлау- өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан іс- әрекет формаларын сипаттайтын тарихи қалыптасқан құрал- жабдықтарға сүйенеді және тілдік жүйені негізгі құрал ретінде пайдал
Материалистік тұрғыдағылар: ойлау- өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан іс- әрекет формаларын сипаттайтын тарихи қалыптасқан құрал- жабдықтарға сүйенеді және тілдік жүйені негізгі құрал ретінде пайдаланады.
Ойлау формалары
Бір нәрсені ойлағанда адам ұғымға сүйенеді. Ұғым дегенімі- зат немесе құбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. Ұғым – заттың бейнесі елестен ерекше.
Пікір дегеніміз ойлау формасы, мүнда бір нәрсе не мақүлданады, не теріске шығарылады. Пікірде, көбінесе, ұғымның мазмұны ашылады.
Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қортындылары деп аталады. Ол Индуктивтік, дедуктивтік болып бөлінеді.
Қолданылған әдебиет
Психология және адам дамуы – Алматы, 2017 ж. Р.С. Қасымова