И. П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі сезім мүшесі (рецептор), екіншісі
Тақырыбы: Психикалық таным үрдірістері.
Түйсік, Қабылдау, Ес, Ойлау.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті Қабылдаған: Дүйсенова Ж. Қ.
Орындаған: Әліайдар Е.
Тобы: ППП-211
Жоспар
1. Түйсік
2. Қабылдау
3. Ес
4. Ойлау
Психикалық үрдістер — жүйеленген және жүйесіз, ұғынылатын және ұғынылмайтын, даралық және әлеуметтік құбылыстардың, үлкен және шағын топтардың мінез-құлықтарының жиынтығы.
Психикалық үрдістер
Түйсік-адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы.
Түйсік-адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы.
Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы.
И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
Түйсіктің топтары
1. Экстероцептивтік түйсіктер – бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу.
2. Интотоцептивтік түйсіктер – бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы)
3. Пропраоцептивтік түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.