Шекті мүмкіндіктегі шоғырлану (ШМШ): Қоршаған ортада тҧрақты
пайдалану немесе белгілі бір уақыт аралығында ықпал ету жағдайында адамдардың
денсаулығына мҥлдем дерлік әсер етпейтін және оның ҧрпағына жағымсыз салдарын
тигізбейтін зиянды заттардың болуы.
3.3
Платформа: Рампаға ҧқсас қолданылатын қҧрылыс; рампадан айырмашылығы,
екі жақты болып жобаланады: бір жағы темір жол бойында орналасса, қарама-қарсы жағы
автомобильмен кіретін жолдың бойында орналасады.
3.4
Ӛрт: Адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына, мҥлік пен қоршаған ортаға
зиян келтіретін, арнайы ошақтан тыс бақылауға көнбейтін жану.
3.5
Рампа: Бір жағы қойма қабырғасымен шектесіп, екінші жағы темір жолдың
немесе автомобильмен кіретін жолдың бойында орналасатын, тиеу-тҥсіру жҧмыстарын
жҥргізуге арналған қҧрылыс.
3.6
Қоймалар: Келіп тҥскен тауарларды қабылдау, сақтау, орналастыру және тарату
операцияларының кҥллі кешенін жҥзеге асыру ҥшін арнайы технологиялық жабдықпен
жарақталған ғимараттар.
3.7
Қоймалық логистика: Қоймаларда тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау және
жөнелту бизнес ҥдерістерін оңтайландыру жҥйесі.
3.8
Терминал: Қоймада жҥктің оңтайлы орналастырылуын, кіретін, шығатын және
ішкі ағындарды қамтитын сыртқы ортамен байланыстардың автоматты тҥрде
басқарылуын көздейтін, қойма ретінде пайдаланылатын қҧрылыс.
4 МАҚСАТТАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары Осы қҧрылыс нормаларының мақсаты қоймалық ғимараттар мен ҥй-жайларында:
- материалдық қҧндылықтардың тиісінше сақталуы;
- адамдардың өмірлері мен денсаулықтарының өндірістік және табиғи теріс
факторлардан қорғалуы ҥшін қолайлы микроклимат пен қауіпсіз ортаны қалыптастыру
болып табылады.