І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Микро және макроорганизм арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы неге әкеледі анықтаңыз



бет18/70
Дата13.12.2022
өлшемі221,53 Kb.
#57014
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
24. Микро және макроорганизм арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы неге әкеледі анықтаңыз.
Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды. Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (пҺ<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, НаЦл-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.
Макроорганизмдердің табиғи резистанттілігі туралы түсінік
Инфекцияға қарсы күреске организмнің арнайы емес анатомиялық-физиологиялық факторлары және маманданған иммундық жүйе қатысады. Қоздырғышқа қарсы күресте иммундық жүйе анағұрлым әффективті, бірақ организмнің қарсы тұру қабілеті көптеген арнайы емес факторлар мен механизмдерге байланысты болады (тері- сілемей қабаты, секреттердің бактерицидтік әсері, лизоцим, комплемент т. б.)
Организмді инфекциядан қорғауда жедел қабынудың рөлі өте үлкен. Қабыну ұлпаллардың бөтен микробтар мен құрылымдық бұзылуына қарсы жауабы болып табылатын организмнің өмірлік маңызды қорғаныс механизмі Бұл процеске фагоцит, антидене, комплемент қатысады Жедел қабыну реакциясы ұлпалардың бұзылуына кейін бір сағат ішінде дамиды және хроникалық қабынудан әжептеуір айыршашылығы болады .
Оның классикалық формуласы: қызару, ісіну, температура түсінің өзгеруі, ауырсыну, қабынудан соң қызметінің өзгеруі Қабыну реакциясы ұлпалық бұзылу нәтижесінде организмде жаңа белоктар синтезделіп температура көтеріліп нейтрофилия, апатия бұлшық ет әлсіздігі сияқты қорғаныстық реакциялар жүреді Реакциялардың негізгі медиаторлары интерлейкиндер оларды макрофагтар бөліп шығарадьг И интерлейкиндердің әсерінен гепатоциттер белок синтезі мен секрециясын күшейтеді Мұндай жауап зақымданғаннан кейін бірнеше сағаттан соң басталып 24-28-сағатқа созылады Жедел инфекция мен қабыну кезінде түзілетіндіктен оларды жедел фаза белоктары деп аталады олардың көпшілігі инфекция қоздырғышын өлтіріп организмді қорғайды
Мұндай белоктар мыналар
1 Комплемент жүйенің белоктары
2 Қан ұюына қатысатын белоктар
3 Протеаза ингибиторлары
4 Метал байланыстыратын белоктар
Организмдердің қорғаныстық бейімділіктері түрлердің эволюциялық дамуының нәтижесі Мұндай қорғаныстық баръерлерді 3 түрге бөлуге болады
1) Тері сілемеилі
2)Лимфатикалық
3)Қантамырлық
Инфекциялық аурулардың патогенезінде организм арнайы қорлар мен күштерді ғана пайдаланып қоймай зат алмасудың деңгейін кейбір физилогиялық процестерді де өзгертуге қабілеттіМысалы көптеген инфекциялық аурулар кезінде дене температурасы артады несеп-тер бөлінуі артады. Бұзылмаған тері мен сілемейліқабаттар механикалық кедергі ғана емес сонымен қатар көптеген микробтар үшін стерилдейтін факторлар бөледі. Тер және май бездері әртүрлі бактерицидті заттар май қышқылдарын бөледі Көз алмасының сыртқы қабаты коньюктиваның мұрынның сілеймелі қабатының айқын баръерлік қасиеттері болады.
Лизоцим ацетил мурамидаза молекуласы шағын фермент Белокты зат лизоцим көптеген бактерия түрлерінің клетка қабықшасының муреин қабатын күшті ерітуге қабілетті зат. Ол көз жасында сілекейде, қанда, лимфада, сүтте, балық уылдырығында ,жұмыртқа белогында болады. Мұрын сұйықтығы, көз жасы көптеген микробтарды өлтіріп грипп полимиелит герпес вирустарын инактивтеуге қабілетті болады .Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары тері сілемейлі қабатынан өтіп кетсе ол учаскеде тез арада қорғаныштық бекет жергілікті қабыну процесі түзіледі. Бұл кезде фагоцитоз процесінің маңызы зор. Қабыну зонасында бактериялар фиксациаланады. Себебі қабынған жерде фибрин жіпшелері түзіледі. Кан ұю жүйесі фибринолитикалық жүйе, комплемент жүйесі эндогенді медиаторлар барлығы қабыну процесіне қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет