І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін өз сөзіңізбен жазыңыз



бет36/70
Дата13.12.2022
өлшемі221,53 Kb.
#57014
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Байланысты:
Санитар сессия ответы толык еместт

12. Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оларды пайдалану кезінде адам денсаулығы үшін қауіптілігі тұрғысынан қатты жағымсыз әсер етуі (тағамдық улану және тағамдық инфекциялар), әртүрлі кейін көрінетін зардаптардың (канцерогендік, мутагендік және тератогендік әсер) тұрғысынан да қауіптіліктің болмауы деп түсіну керек. Басқаша айтқанда, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды, қолайсыз әсер етпейтін тамақ өнімдерін қауіпсіз деп санауға болады. Адам ағзасына азық - түлікпен бірге оның денсаулығына қауіпті заттардың едәуір мөлшері келіп түсуі мүмкін. Сондықтан тұтынушылардың денсаулығы үшін олардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін тамақ өнімдерінің сапасын бақылаудың тиімділігі мен объективтілігі үшін жауапкершілікті арттыруға байланысты өзекті проблемалар болып тұр.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі биологиялық объектілерді, қауіпті химиялық қосылыстарды, радионуклидтер мен зиянды өсімдік қоспаларын қамтитын гигиеналық нормативтер бойынша бағаланады. Олардың тамақ өнімдерінде болуы зерттелетін өнімнің көрсетілген салмағында (көлемінде) рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
Көрсетілген қауіпсіздік көрсеткіштері өнімнің 11 тобы үшін белгіленген:
1. ет және ет өнімдері; құс, жұмыртқа және оларды қайта өңдеу өнімдері; 2. сүт және сүт өнімдері;
3. балық, балық өнімдері және олардан өндірілетін өнімдер;
4. астық( тұқым), ұн-жарма және нан-тоқаш өнімдері,
5. қант және кондитерлік өнімдер;
6. жеміс-көкөніс өнімдері;
7. майлы шикізат және майлы өнімдер; 8. сусындар;
9. басқа өнімдер;
10. тағамға биологиялық белсенді қоспалар; 11. балалар тағамы.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының көрсеткіштері
санитарлық ережелер мен нормалармен (СанПин), ГОСТ және басқа да өнімдердің нақты түрлеріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттармен белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Бұл ретте тамақ өнімдерінің қауіпсіздік және тамақ құндылығы талаптарына сәйкестігін өндірістік бақылауды дайындаушы кәсіпорындар жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды МемСанЭпид қадағалау мекемелері жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет