13. Тағамдық уланулар қандай топтарға бөлінеді топтастырыңыз Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың белгілері. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп.
Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.
Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.
Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі: Маусымдылығы жоқ. Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау. Токсикоинфекциялар - микроорганизммен көп дәрежеде тұқымданған (1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7) тағам мен азықтардың тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру.
Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер: Ішек таяқшалары-Е.coli:Протей таяқшасы; Cl.perfringens; Bac.cereus; Микробсыз тамақтан улану. Микробсыз тамақтан улану микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10 %-н құрайды. Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.
.
14. Тағамдық интоксикация, токсикоинфекциядан қалай ажыратылады тұжырымдаңыз.
Тағамдық интоксикация • Микроорганизмдердің токсиндері қоздырады • Тағамдық интоксикацияны қоздырғыштар 2-ге бөлінеді: бактериялық токсикоздар және микотоксикоздар Жиі кездесетін микотоксикоздар: • Fuzariotoksikozdar • Эрготизм ■ Тағамдық токсикоинфекция Көп мөлшерде микроорганизмдер түскен тамақпен тамақтанғанда пайда болатын инфекция. • Тағамдық өнімдер бактериялар, зең саңыракқұлақтар, паразиттер және вирустармен зақымданады. ■ Ең кең тараған микроорганизмдер:
• 1. Сальмонеллездар. • 2. Ботулизм. • 3. Clostridium perfingens. 4. Escherichiacoli және энтеробактериялар. 5. Proteus туысының өкілдері . • 6. Энтерококтар
Микотоксиндер микроскоптық зең саңыракқұлақтардың екіншілік метаболиттері – афлотоксиндер.
Тағамдық токсикоинфекция (ТТИ)
ТТИ-тұз алмасуының бұзылуымен, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінің симптомдарымен сипатталатын және адам ағзасынан тыс экзотоксин бөлуге қабілетті, шартты-патогенді бактериялар шақыратын жедел қысқа мерзімді аурулар.