9. Санитарлы-гигиеналық бақылау туралы жазыңыз. Санитарлық-гигиеналық қадағалау, денежаттығуларымен шұғылданатын орындар мен жағдайларды қадағалау - дене тәрбиесіндегі дәрігерлік бақылау жөніндегі жүмыстың негізгі бөлімдерінің бірі, жаттығулар мен спорттық жарыстарды өткізудің тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге көмектеседі. Дене жаттығуларымен шұғылданатын орынды санитарлық-гигиеналық қадағалауға жұмыс жасап тұрған ережелер негізінде мемлекеттік санитарлық инспекцияның жергілікті органдары жүзеге асыратын спорттық құрылыстарды жобалау мен салудағы сақтандыратын санитарлық қадағалау және жаттығу орнының ұсталуының белгілеген санитарлық ережелерінің орындалуына күнделікті қадағалау жатады. Соңғысы спорттық базаны қамтитын дәрігерлер сондай-ақ жергілікті санэпидстанция қызметкерлері тарапынан жүргізіледі. Тексеруге залдардың, алаңдардың, мұз айдындарының және басқалардың қызмет көрсететін бөлмелердің (шешініп киінетін, шайынатын орындардың және басқалардың) уақытылы тазалау, желдету жағдайы, жарық, жылу, әуіздегі судың тазалығы, құрал-жабдықтардың жағдайы және басқалары жатады. Шұғылданушылардың денсаулығына зиян келтіретіндей, гигиеналық талаптардың бұзылғанын байқағасын дәрігер жаттығу жетекшісі, жарыс төрешісі немесе спорттық базаның әкімшілігі арқылы кемістіктерді тез жоюдың шарасын алуы тиіс. Ағымдағы (күнделікті) санитарлық қадағалауға қондырғылар мен ғимараттарды пайдалануға бергеннен кейінгі тұрақты түрдегі бақылау жатады, сондай-ақ қоршаған орта нысандарының (атмосфера, су, топырақ), елді мекен жұмыс, тұрмыс, дем алу және басқа да жағдайларды үнемі бақылау болып табылады. Оның негізгі мақсаты – сақтық санитарлық қадағалауда алдын-ала бекітілген жобаға, техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру болып табылады.Санитарлық қадағалау елді мекенді, ғимараттарды салуды, су құбырын,канализацияны және басқа да объектілерді жоспарлау жобасы бойынша қорытынды жазумен аяқталатын болса, ал күнделікті қадағалау олардың санитарлық жағдайын тексеруден тұрады.Санитарлық қадағалаудың құқылық негізіне санитарлық заңдылық жатады,оған кіретіндер: мемлекеттік стандарттар (МЕСТ), санитарлық ережелермен нормалар, әдістемелік нұсқаулар, құрылыс нормалары мен ережелері,техникалық жағдайлар, ДСМ бұйрықтары мен қаулылары, салалық стандарттармен және т.б.Санитарлық қадағалауды ұйымдастыратын негізгі мекемеге санитарлық-эпидемиологиялық станса (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық СЭС) жатады.Санитарлық қадағалау жоспарлы түрде немесе жоспардан тыс өтуі мүмкін.Жоспарлы санитарлық қадағалау жыл бойына құрастырылған және жергілікті басшылармен бекітілген жоспар бойынша бақылау шараларынан тұрады. Бір бақылаудың өту мерзімі 1айдан аспауы қажет.Жоспардан тыс санитарлық қадағалау: авария,технологиялық процестердің өзгеруі, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына туындайтын қауіп қатерлер, қоршаған ортаның ластануы, санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден шағым түскен кезде жүргізіледі.