Оқу әрекет өнімдерін зерттеу. Бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму деңгейін анықтау үшін маңызы зор. Зерттеуші балалар салған сүреттер, түрлі материалдардан жасалған өнімдерді талдау арқылы бала дамуы туралы мәлімет алады. Талдау барысында нақты нәтижесінен басқа, сол өнімнің қалай орындалғаны зерттеуші үшін қажет. Ал, оқушылар дәптерін зерттеу мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастыруы жөнінде мәліметтерді толықтырады.
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратгы алу немесе бақылау барысында түсініксіз болған құбылыстың мәнін ашу мақсатымен қосымша пайдаланатын зерттеу әдісі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша алдын ала әзірленген жоспармен орындалады.
Анкеттеу - ауқымды мәлімет жинақтау әдісі. Анкетаның сұрақ пен жауптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу бетпе-бет әңгілесумен жүргізілсе, анкетаны сырттай орындауға болады. Анкетаның сұрақтары нақты тақырыпта болуы тиіс және орындаушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.
Мониторинг (қадағалау) - білім саласында нақты бір процестің аладын ала қойылған мақсат пен нәтижелердің сәйкестігін қадағапау әдісі. Бұл әдіс арнайы оқытуда өте маңызды мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқудағы қиындықтарын дер уақытында байқауға, оқыту мен түзету-дамыту жұмысының сапасын көтеруге жол ашады.
Арнайы педагогика осы әдістерді пайдалануда кемтар және қалыпты дамыған балаларды салыстыруды кең қолданылады.
Сонымен арнаны педагогика, ғылыми зерттеудің прициптерін басшылыққа алып, мақсат міндеттерін шешуде зерттеу әдістсрін кешенді пайдаланады.
Әдебиеттер: Еременко И.Т. Олигофренопедагогика. - М, 1985 г.
Сурдопедагогика / Под ред Е.Г. Речицкой М. - 2004.
В.П.Ермаков, Т.А.Якунин. Основы тифлопедагогики /Учебное пособие М. 2000.
Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) под ред. Б.П. Пузанов. Учебное пособие. - М, 2001.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" ҚР Заңы . - Астана. - 2002.