Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері Арнайы педагогика жалпы педагогикадағы ғылыми-зерттеудің барлық әдістерін белсенді пайдаланады. Ал өзгешелігене сәйкес ғылыми-зерттеулер жүргізе отырып жалпы педагогиканың принциптерін басшылыққа ұстанады, олар:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттаскандығын ескеру;
- құбылыстар мен процестерді даму барысында зерттеу:
-құбылыстарды мен процесгерді өзара қатынастар байланысында зерттеу;
-зерттеуде ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтыру үшін зерттеу әдістерді кешенді түрде пайдалану қажеттілігін ескеру;
-зерттеу әдістерді зерттеленін нысан мен пәннің мән-мағынасына сай келуін қадағалау;
-даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму себебі саналатын оның қарама-қайшылығына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
-сынақталушыға, білім тәрбие процесіне зиян келтірмейтін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаның намысына тиістін зерттеулерді өткізбеу.
Арнайы білім беру саласында зерттеулер арнайы білім беру заңдылыктарды, мазмұны, принциптері, оқыту технологиялары мен әдістерін, арнайы оқытуды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған педагогикалық жүйелер жөніндегі жаңа мәлеметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс, күрделі процесс.
Арнайы педагогиканың ғылыми әдістер мен әдістемелерін келесі принциптер бойынша топтастыруға болады.
1. Ғылыми таным деңгейі бойынша теориялық және эмпирикалық әдістер.
Теориялық таным әдістері - модель құрастыру, экстраполяция т.б.
Эмпирикалық әдістер - бақылау, әңгімелесу, эксперимент (табиғи, зертханалық, қалыптастырушы және оқытушы), психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеттеу, социомстрия, сұхбаттасу).
Арнайы педагогика көбінесе эмпирикалық әдістер пайдаланады.
Бақылау - зерттеу барысында нақты деректерді жинақтау үшін қажетті педагогикалық құбылысты назарға алу. Бақылау әдісін жүзеге асыру үшін алдын ала жоспар дайындау қажет және бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталуы тиіс. Бақылаудың міндеті деректерді жинақтау мен жүйелеу және ғылыми тұрғыдан педагогикалық талдау. Арнайы білім беру ұйымдарында зерттеуші сабақ пен сабақтан тыс уақытында мұғалім мен оқушылардың әрекеттерін бақылайды. Білім-тәрбие жұмыс толыққанды зерттеу үшін әртүрлі (жағымды, жағымсыз) деректерді жинаған тиімді. Хаттау үшін дәстүрлі стенограммадан басқа да әдістерді пайдалануға болады, олар: фотосуреттер, бейнетаспаға түсіру, магнитофонға, диктофонға жазу т.б.