I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға білім берудің педагогикалық жүйелері



бет65/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

2. Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға білім берудің педагогикалық жүйелері
Қазіргі сурдопедагогикада естуінде ауытқуы бар балаларды ерте жастан анықтап, түзетушілік көмекпен қамтамасыз ету және үздіксіз білім беру жетекші бағыт.
Естуінде ауытқуы бар балаларға ерте жастан педагогикалық көмек көрсету, олардың екіншілік кемсітіктерін алдын алып, жалпы білім беру мекемелерге беру жағдайын жасайды (Шматко Н.Д., Пелымская Т.В. т.б.)
Перзентханаларда аудилогиялық скрининг өткізу арқылы "қатер" тобындағы балаларды анықтауға болады. Кейін "қатер" тобындағы баланы сурдологиялық орталықта сурдолог арнайы терең аудиологиялық тексеру жүргізеді. Сол әрекеттің нәтижесінде баланың диагнозы анықталады және қажетті шаралар бекітілеті ( кохлеар операциясы, дыбысты жақсы қабылдау үшін операция, протездеу, т.б.). ҚР естуінде ауытқуы бар тұлғаларға сурдологиялық көмек көрсету жағдайлары қарастырылып, ережелері әзірленген.
Естімейтін және нашар еститін балалар арнайы бала бақшаларда және жалпы бала бақшалардағы арнайы топтарда және қалыпты балалар мен бірге қосылып тәрбие алуда. Мектеп жасына дейінгі естуінде ауытқуы бар балалар арнайы бала бақшаларға 1,5-2 жастан қабылданады, тәрбиелеу процесі бес алты жылға созылады. Бұл бала бақша құрамында күрделі кемістігі бар балалар үшін арнайы топтар ашылуы мүмкін. Арнайы бала бакшада диагностикалық, тэрбиелік-білім беру жэне түзету-дамытушы міндеггер жузеге асады.
Естімейтін жэне нашар еститін балаларды тэрбиелеу мен оқыту бағдарламасы балалардың жас, психофизиологиялык ерекшелікгеріне сүйене отырып қалыпты құрбыларына дэйекті құбылыстарды жалпы жан жакты меңгеруін камтамасыз етуді көздейді. Ерекше калдық естуін дамыту үшін қазіргі дыбысты күшейткіш аппаратураны кеңінең пайдалану (жске, гоптық, жалпы сыныпта). Оқу бағдарламасындағы коршаған орта туралы мәліметтерді менгеру үшін үш тәсіл бірлесе жүреді: әрекет ету, бейнелеу, сөйлеу (ауызша, жазбаша дактиль арқылы). Бағдарламаның өзгеше тарауы -"Естіп кабылдауын дамыту мен дыбыс айтуға үйрету".
Мектеп жасындағы балалар арнайы мектептерде (естімейтіндер бөлек нашар естийтіндер бөлек), жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда, қалыпты балалармен бір сыныпта оқытылады. Дәстүрлі тараған тәжірибе ол арнайы мектептерде оқыту. Білімнін мазмұны балалардың даму мүмкіндітеріне негізделген білім беретін оку бағдарламасында бекітіледі.
Естімейтін балаларды оқытуда екі педагогикалық жүйе жүзеге асады, олар: билингвистикалық оқыту және сөйлеу тіліне негізделеген оқыту жүйесі, қарым-қатынастыстық (коммуникациялық).
Билингвистикалық окыту жүйесі өткен ғасырдың 80-ші жж. дамыған, оның мәні - естімейтін тұлғаларды оқытуда сөйлеу тілімен бірге жест тілін бірге пайдалану (Г.Л.Зайцева). Екінші жүйе естімейтіндерді оқытуда сөйлеу тіліне үйретуді жетекші деп есептейді (С.А. Зыков). Коммуникациялық оқыту жүйесінің негізгі ережелері:
- естімейтін балалардың сөйлеу тілің заттық-тәжірибелік әрекет арқылы қалыптастыру;
- сөйлеу тілін дамыту үшін арнайы сөйлесуді қажет ететің ортаны дайындау. Бұл жерде дыбыс күшейткіш аппаратураны тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды. Барлық арнайы түзету ұйымдарда оқыту процесі оқу жоспары, сабақ кестесімен реттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет