I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары



бет35/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

Дәріс № 15-16
Арнайы білім берудің оқыту әдістері


Жоспары:

  1. Арнайы білім беру технологиялары.

  2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері.

  3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары.



Түсініктер: білім, оқыту, әдіс, тәсіл, технология.
1. Арнайы білім беру технологиялары
Түзету педагогикалық процесінде арнайы оқыту принциптер түрлі әдіс-тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Оқыту әдістер кешені - қоршаған шындықты тану жолы. Оқушылар ақыл - ойының даму сипатын анықтайтын, білімді игеру мүмкіндігін жүзеге асыратын, оқушының қоғамдық мәнінің сапаларын қалыптастыру жолы. Оқыту тәсілдерінің жиыны - таңдап алынған жолдың бағыты.
Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі баланы оқыту үшін арнайы білім беру технологиялар және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін пайдаланылады.
Ал қазіргі педагогика жеткіншек ұрпақтың дамуы мен әлеуметтенуін білім алуынан ажыратпайды, яғни оқыту мен тәрбиелеу арқылы екенің білдіреді. Сол себепте, оқыту әдістер мен тәрбиелеу әдістерін жасанды ажыратылуы байқалады және арнайы білім беруде білім беру технология ұғымын енгізуді көрсетеді. Білім беру технологиясы - бұл алдын ала жобаланған педагогикалық мәселені шешуге бағытталған арнайы педагогтың бір бірімен байланысты әрекеттер жүйесі . Педагогикалык технология нақты нәтиже жөнінде кепілдік беретін педагогикалық әрекеттерді ғылыми тұрғыдан жобалау арқылы жүзеге асады.
Қазіргі жалпы және арнайы дидактикада әрқилы технологиялар көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізуіне байланысты. Жалпы педагогикада технологиялардың түрлі нұсқалары жүзеге асырылып нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады.
Бағдарламастырылған оқыту оқушылардың арнайы өңделген оқу материалымен өз бетімен жұмыс істеуінің ерекше түрі болып табылады.
Бағдарламастырылған оқыту ой - пікірдің өзінше дамуына көмектеседі, оқушыларға логика негізделген, берілген қалыпқа келтірілген ойлау операцияларының тізбегін меңгеруте мүмкіндік береді, ал бұл, сөз жоқ, өз кезегінде ұсынылған оқу материалын игеруге әкеледі. Бағдарламастырылған жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстар өз бетімен оқудың бір жолы ретінде қолданылуы мүмкін. Бағдарламастыру технологиясы бойынша оқыту жабдықтары мен компьютерлері көп жағдайда балалардың танымдық белсенділігін, қызығуын, білуге құштарын дамыту мақсатында, әрекеттің тізбектестігін, ұласымдылығын, логикалық операциялар мен оқу біліктілігін қалыптастыруда пайдаланылады.
Кез - келген оқу материалын бағдарламастыруға болмайды. Нақты логикалық математикалық құрылым түрінде беруге болатын оқу материалы ғана бағдарламастырылады. Логикалық құрылым деп ерекше белгілерді дәл бейнелеуді, бұл белгілерді бөліп алуға көмектесетін ойлау операцияларын бейнелеуді түсінуіміз керек. Қазіргі кезде бағдарламастырылған оқу кұралдары және жеке мәтіндер, тестер жасалуда. Олар оқушылардың өзіндік танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруға ыңғайлы оқу материалдары жеке бөліктерге бөледі, олар өзара логикалық байланыста болады. Алдыңғы бөлікті игергеннен кейін ғана соңғыны игеруге болады. Материалдың әр бөлігіне оның игерілуі дәрежесін өз бетімен тексеру құралдары беріледі. Әрине бұл технологияны арнайы мектепте жүзеге асыру қиын мәселе, көптеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді қажет етеді.
Оқытуда шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп оқушылардың таным әрекетін белсендіруді проблемалық оқыту деп атайды. Мұндай жағдайды бала санасында кез - келген оқыту әдісі арқылы жасауға болады.
Жалпы оқытуда мұғалім, қоғам, оқушы үшін шешімі табылуға тапсырма беру тиісті мәселе болып табылады. Өсер ұрпақ алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін саралап игеруі керек. Бұл - қоғамдық дамудың кез - келген кезеңінде оқыту жүйесінде шешілетін мәселе.
Оқушы үшін де кез - келген оқыту - шешімі табылуға тиісті мәселе, себебі ол осыған дейін оған таныс емес нәрселерді таныстырады. Оқушы жаңа материалды игеруі, мұғалім мен мектептің өзіне қоятын барлық талабын орындауы керек. Әрине, балаға, әсіресе, кіші мектеп жасындағы оқушыға, өмірдің өзгерген жағдайына бейімделуі оңай емес.
Оқушының ойлау іс - әрекетінде мәселенің шешімін табу күйін қалыптастыру оның бойында білім кұмарлық, зеректік, өз бетіндік, оқуға қызығу, жасампаздыққа талпыну сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал жасайды. Шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп танымдық әрекет күйіне келістіруін қалыптастыру - оқушылардың ойлау іс - әрекетін ұйымдастыру жолдарының бірі, ол басқа оқыту әдістерімен бірлесе оқу материалын табысты және пайдалы зерттеуге көмектеседі.
Сонымен, арнайы білім беру үшін білім беру технологияларын әзірлеу мәселесі өзекті сала, болашағы бар беталыс (жаңа компьютерлік технологиялар сияқты: "Видимая речь", "Мир за твоим окном" т.б.). Өзекті мәселе бар технологияларды мемлекеттік тілге аудару, бағдарламаларды бейімдеу.
Оқыту технологияларды жетілдірудің психологиялық педагогикалық бағыттағы негізгісі-төмендегі тұжырымдар арқылы сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрыңғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазіргі уақытта оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай тандап, тәжірибе сынап қараудың маңызы зор.
Жаңа технологияларды іздестіру - бұл жинақталған тәжірибені беру тәсіліндегі объективті құбылыс екенін атап өткен жөн. Егер классикалық технологиялар белгілі білім мазмұның меңгеруге, оның денгейіне сүйенсе, бүгінгі тандағы жаңа технологиялар оқушылардың танымдық әрекетін және метатанымдық дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделеді. ( мысалы, нәтижеге бағытталған оқыту технологиясы).
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет