Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ен қуатты нәтижелі түзету құралы екенің дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.
Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек.
Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі Кемтар балалар дамуындағы ерекшеліктер оқу-таным әрекетіне үнемі арнайы өзгерістерді еңгізуді талап етеді. Көптеген жағдайларда кемтар балалар таным ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасаудағы қиындықтар арнайы педагогтың басшылығын қажет етеді. Арнайы педагог оқу әрекетін, еңбек әрекетін барлық кезендерінде тапсырма беру мен бақылау арқылы басшылық жасайды.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеуде арнайы педагогтар кемтар балаларға жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс.
Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. Оқытудың ғылымилық, жүйелілік және қол жетерлік принциптерінің қажеттігін дәлеледеңіз.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларының оқытудағы саналылығы мен белсенділілігі принципін ашып көрсетіңіз.
Оқытудың беріктік принципін жүзеге асыру тұрғысында байқау негізінде арнайы мектептегі бір сабаққа талдау беріңіз.
Арнайы педагогиканың өзгеше принциптерін атаңыз.
Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принциптін қажеттілігін туралы айтыныз.
Әдебиеттер: ҚР "Білім туралы" Заңы.- Алматы.- Юрист.-2007.