Ойлау, сөйлеу тіл және қарым-қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ сөйлеу ортасында тәрбиеленіп және затты-әлеуметтік өмірмен белсене араласуға мүмкіндігі бар болуы, сөйлеу тілі мен ойлауды дамытуға, қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыруға қажетті барлық жағдайларды меңгереді.
Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталган. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда болады. Осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалык ойлауы дамиды. Кемтар балалардың сейлесу негізінде қарым-катынас дами бастайды, мінез-құлқы калыптасады.
Акыл-ой немесе дене дамуындағы кез-келген кемістік баланың ойлауына, сөйлеу тіліне, карым-қатынасына жагымсыз әсерін тигізеді.
Сейлеу, ойлау жэне қарым-қатынастағы кемістіктер мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердіц барлық категорияларына тән дамуындағы езіндік мэселелерді білдіреді. Сондықтан да, олар үшін маңызды кажетгі жагдайдын бірі сөйлеу, ойлау жэне қарым-қатынасты дамыту бағыты бойынша түзету-педагогикалык жұмысты ұйымдастыру.
Арнайы оқытудын түзету-теңестіру багыты туралы принцип Бұл принцип арнайы мектептердегі оқушылардың сақтаулы сау күшіне суйенуді талап етеді яғни закымдалмаған анализаторлар мен ағза мүшелері, жүйелерді пайдалана отырып әзірленеді. Психикалық жэне дене дамуындағы зақымдалған немесе әлсізденген функцияларды реттеуге багытталган түзету жүмысы үшін компенсациялау яғни теңестіру үрдісі қосымша құрал ретінде қарастырылады. Оқып үйрену көрмейтіндер үшін саусағының ұшымен сипау арқылы болса, естімейтіндер сейлеп тұрган адамның ерін қимылы арқылы сөйлеу мағынасын түсіне алады немесе ымдық қимыл арқылы үйренуге кабілетті.
Білім берудің түзету-теңестіру бағыты оқыту, түзету-дамыту процесін арнайы техникалық қүралдарының қазіргі жүйесімен, компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету талабын білдіреді.
Жаппы бұл принцип арнайы білім беруде жетекші деп айтуға болады, өйткені нақты дамудағы кемістіктерді түзетуді қамтамасыз етуін қадағалайды.