Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
Отандық арнайы білім беру жүйесің қалыптастырудың алғы шарттары қандай?
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің дамуы алғашында қандай қиындыктарға ұшырады?
Ұлы отан соғыс кезінде арнайы мектептердің жұмысына сипаттама беріңіз.
Қандай негізгі өзгерстерді 50-70 жылдар аралығында арнайы білім беру жүйесінде байқауға болады ?
80-90 жылдардағы арнайы білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді атаңыз.
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз.
Кемтар балалардың сөйлеу тілін зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалымдар, еңбектерін айтып беріңіз.
Соңғы жылдарда ғылыми жұмыстар қандай бағытта, жаубыңызды дәлелдеңіз.
Әдебиеттер:
Луцкина Р.К. Обучение и воспитание аномальных детей в Казахстане. -Алма-Ата. - 1987.
Коржова Г.М. , Байтурсынова А.А. История специального образования в РК. Алматы.-2003.
Байтурсынова А.А. К вопросу о развитии научных исследований в специальном образовании РК. // вестник КазНПУ имени Абая. Серия "Специальная педагогика". 2004. - 2 (5).
Дәріс № 44-45
Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы және даму тенденциялары
Жоспары:
Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары
Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі
Шет елдердегі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру
ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту
Түсініктер: біріктіріп оқыту, ерте қолдау, скрининг, инклюзивті білім беру.
1. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары
Отандык арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы жетекші бағыттарына лайық даму жолында. Ең негізгі беталыстарын қарастырсақ, олар- ерте жастан түзету педагогикалық қолдау көрсету мен кемтар балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды дұрыс ұйымдастыру. Бірақ сонымен бірге арнайы білім беру жүйесі өз дәстүрлі дамуын жалғастыруда, оның көрінісі арнайы білім беру ұйымдарының кеңейіп, жаңа педагогикалық технологиялардың еңіп, кемтар балаларға арналған көмектің кешенді сипаттқа ие болуы (медициналық, әлеумеітік, психологиялық, түзеу арқылы қолдау).
Қазіргі уақытта арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының барлық түрі тек Алматы қаласы мен Қарағанды облысында қызмет етеді. Жалпы арнайы білім беру ұйымдарының саңы 102. Сонымен қатар "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңның жүзеге асыуна байланысты жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру ұйымдар еліміздің барлық аймақтарында белсенді ашылып жатыр.
Қазір ҚР терең кемістіктері бар балалар үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау аумағындағы балалар үйлері кызмет етеді, ол жерде кажетті түзетушілік көмек көрсету жағдайлары жоқтын қасында. Республика бойынша 18 медициналық-әлеуметтік мекеме, соның ішінде зиятында ауыткуы бар балаларға -17, дене дамуында кемістігі бар балапарға - I мекеме арналған.
Арнайы білім берудің жетістіктерінің бірі зиятында шамалы ауытқуы бар балаларды көмекші мектептерде оқыту мүмкіндіктердің кеңейтілуі, нақты арнайы білім беру бағдарламардың жобалары әзірленіп, тәжірибедеи өтуде.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңды қабылдау мен жүзеге асыру арнайы білім беру жүйесінде көптеген өзгерістерге себеп болғандығын дәлелі ретінде психологиялық-медициналық-педагогикалық коңсультациялардың бұрыңғы 120 мыңнан 60 мын балаға ашылуын келтіруге болады. 2008 жылы 206 республикамызда 56 ПМПК қызмет етуде, бірақ бұл санда әлі күнге дейін жеткіліксіз.
Қазір психологиялық-педагогикалык түзету кабинеттері белсенді барлық аудан орталықтарында ашылып жатыр, саңы 114. Оңалту орталыктары да белсенді мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсету қызметін атқаруда, олардын саны 14 жетті, логопедтік пунктердің саны -263.
Сонымен қатар кемтар баласы бар отбасымен жұмысты дамыту мәселелерімен әлеуметтік, денсаулық сақтау және педагогикалық мекемелер айналысып жатыр. Елімізде 212 әлеуметтік көмек көрсету орталықтары дамуында кемістіктері бар балаларға қызмет етуде.
Жоғарыда аталған Заңдың жүзеге асыу әлеуметтік, медициналық-педагогикалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін қалыптастыруға жол ашты және сол жүйені ғылыми-әдістемелік, материалды-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуды талап етті.
Қазіргі арнайы мектептердің саңы 101, көрсеткіштері төменгі кестеде (сурет-5).
Кесте-3 Арнайы мектептер және оқушыдар саны
Түрі
|
Саны
|
|
Саны
|
Арнайы мектеп
|
оқушылар
|
|
Арнайы мектеп
|
оқушылар
|
1
|
Көрмейтіндер -1
|
225
|
5
|
тіл кемістігі бар - 6
|
1104
|
2
|
Нашар көретіндер -7
|
892
|
6
|
ТҚҚҚ кемстігі бар - 3
|
395
|
3
|
Естімейтіндер - 8
|
1242
|
7
|
ПДТ үшін-9
|
1510
|
4
|
Нашар естийтіндер- 12
|
1465
|
8
|
зиятында аутықуы бар-54
|
10197
|
ПМПК қазігі уақытта 154870 мүмкіндіктері шектеулі баланы ресми түрде есепке алып отыр, бұл республика бойынша жалпы балалардың (4 659500) 3,4 % құрайды.
Республика бойынша арнайы балабақашалардың саны - 35 болса, жалпы балабақшаларда 239 арнайы топтар ашылғаны, мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға көмек көрсетудің бір жолы деп қарастыруға болады. Ал 7304 кемтар бала денсаулығына байланысты үйлерінде жеке бағдарлама бойынша оқып жатыр. Арнайы білім беру ұйымдарында оқып, тәрбиеленіп жатқан балалардың көрсеткіші төменгі кестеде. (сурет-6).
Кесте-4 Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы оқытумен қамту көрсеткіштері
Мүмкіндіктері шектеулі
балалар
|
ПМПК есепке алынған балалар
|
Арнайы оқытумен қамтыған балалар
|
Ерте жастағы
|
2,5%
|
39,5 %
|
Мектеп жасына дейінгі
|
21,7%
|
39,6%
|
Мектеп жасынлагы
|
76%
|
24,2%
|
Әрине, бұл көрсеткіштер мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау, есепке алу, статистикалық мәліметтерді жинау жұмысын жетілдіру қажеттілігін білдіреді.
Қазір арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі 16664 бала, жалпы мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда - 7582 бала оқып жатыр, ал жалпы мектептерде ешкандай педагогикалық колдаусыз оқып жаткан мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны 65 мыннан асты. Бұл ҚР білім беру саласындағы ауыр мәселенің бірі. Жалпы мектептерде ешқандай педагогикалық арқылы қолдаусыз оқып жатқан мүмкіндіктері шектеулі балаларға қастерлі, сапалы білім алу жағдайларын қамтамасыз ету мемлекеттік міндет. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы мектептерде оқып жатқаны, біріншіден балаға, қасынадғы құрбыларына, оқытып жатқан мұғалімдерге қиынға түседі. Бүл мэселені шешу үшін отандык ғалымдар шет елдегі және өз еліміздегі тәжірибені зерттеумен айналысуда.
Достарыңызбен бөлісу: |