Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезенінде балалық мугедектіктің алдын алу, өзекті мәәелесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік денсаулык сақтау, білім беру және әлеуметтік корғау үйымдардын қызметінде кемтар балапар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады.
1997-1999 жылдар аралығында "ӘБЕО" орталығында ең алғаш бала дамуына ерте жастан көмек көрсетудің теориялық негіздері тақырыта ғылыми зерттеулер жүргізілген. Сол кешенді жұмыстың нәтижесінде түзету-педагогикалық көмекті ұйымдастыру жағдай мен дамуында кемістігі бар ерте жастағы балаларға көмек көрсетудің технологиясы мен әдіснамасы анықталған.
Отандық (Ерсарина А.Қ., Жалмұхамедова А.Қ., Сүлейменова Р.А. т.б.) және шетел (Bloom A.S., Goerdt А., Walton G.М., ВаnnisterС.М., Разенкова Ю.А., Стребелева Е.А. т.б) ғылыми зерттеулер бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмыстын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтар алдын алуға жол ашады. Осы бағытта жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен жүзеге асыру кемтар балалардың жалпы дамуы мен әлеуметтік бейімделу және қоғамға бірігу мүмкіндіктерін жоғарлатады. Аталмыш балалармен түзету жұмысын жүргізуде емдік шаралардан ерекше психологиялық-педагогикалық қолдауға көңіл бөлу қажет.
Қазіргі уақытта Ресей Білім Академиясының Түзету Педагогика институтының жетекші мамандары мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды дамытудың жолы ретінде ерте жастан кемістіктерді түзету жүргізуді ұсынады.
Түзету Педагогиканың Ұлттық Ғылыми тәжірибелік Орталығының мамандары да ерте жастан түзетушілік көмектің тиімділігің ғылыми түрде дәләлдеген. Қазір республикамызда бес деңгейлік мемлекеттік мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек керсету жүйесі әзірленіп (Сүлейменова Р.А.) жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе емханалар мен перзентханалардағы скрининг әдістемесінең басталады да, кейін арнайы білім беру ұйымдарында жалғасады. Нақты жүйе келесі деңгейлерден құрастырылған.
1 деңгей - дене және психикалык дамудағы ауытқушылықтарды скрининг әдістемесінен еткізу. Скрининг - қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру. Бұл міндетті медициналық қызметкерлер атқарады.
2 деңгей - дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды терең кешенді тексеру. Бұл кызметті психологиялык-медициналық-педагогикалық консультациялар орындайды.
3 деңгей - түзетшілік көмек көрсету кызметің оңалту орталыктары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен арнайы балабакшалар және жалпы үлгідегі балабақшалардагы арнайы топтар аткарады.
4 деңгей - ерте көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ғылыми зерттеу орталықтары мен зерттханалар жүргізеді.
5 деңгей -ерте көмек көрсету жүйесін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету қызметің мемлекеттік білім беру, денсаулық сактау және әлеуметтік корғауды басқару ұйымдары атқаруға тиіс.
Қазрігі уақытта бұл жүйе бойынша естуінде ауыткуы бар балаларға ерте жастан арнайы қолдау керсету үшін нақты жүзеге асыру жағдайлар жасалып жатыр. Аудиологиялық скрининг эдістемесін барлык перзентханаларда еңгізу, естудің катер тобындаға балаларды аныктауға мүмкіндік береді, келесе шара сол балаларды терең аудиологиялық тексеруден еткізіп, естуіндегі ауытқудың деңгейін біліп, ерекше қажеттіліктерін белгілеу. Бұл қызметтін барлығын естуінде ауытқуы бар түлғаларға арналған сурдологиялық көмек көрсету орталықтары (кабинеттері) атқаруға міндетті.
Отандық арнайы білім беру жүйесінде қазіргі уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы комек көрсету саласы езектілігін жоғалтпады. Жалпы білім беру ұйымдарынын мәліметтері бойынша мектеп жасына дейінгі есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 23 % аса саңы арнайы көмекпен қамтамасыздандырылган.
Ерекше мәселе ретінде ерте және мектеп жасына дейінгі терең кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиеуді қарастыру, зерттеу қажеттілігі.