I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Ана тілі бойынша (грамматика, жазу және сөйлеу мәнерін дамыту) көмекші мектептердің білім алушыларының білімін және дағдыларын тексеру



бет90/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

3. Ана тілі бойынша (грамматика, жазу және сөйлеу мәнерін дамыту) көмекші мектептердің білім алушыларының білімін және дағдыларын тексеру
15.Білім алушылардың ауызша жауаптарын бағалау:
1)білім алушыларды ауызша сүрау көмекші мектеп оқушыларының
білімін, дағдыларын есепке алу әдістерінің бірі болып табылады.
Грамматика бойынша ауызша жауаптарын бағалау кезінде мыналар
ескеріледі:
оқу материалын саналы түрде игеруді куәландыратын мазмұны
бойынша жауаптың дұрыстығы;
жауаптың толықтығы;
өз білімін практикада қолдана білуі;
жауаптың дәйекті түрде айтылуы мен сөйлеу көркемдігі.
2)ауызша жауапты бағалау кезінде окушыға, егер: материалды түсінетінін білсе, мұғалімнің көмегімен негіздей алса, жауапты өз бетінше айта алса, қажетті мысалдар келтірсе, аз қате жіберіп, оны езі түзете алса «5»
багасы қойылады;
«4» бағасының талаптарына жалпы сәйкес жауап береді, бірак ережені мысалдармен растағанда қателік жібереді және оларды мүғалімнің көмегімен түзетеді; сөйлеу кезінде кейбір кателіктер жібереді; мэтінмен жүмыс немесе сөйлемді талдау кезінде бір - екі қате жібереді, оны мүғалімнің көмегімен түзетеді;
«3» - осы мәтіннің негізгі қағидаларынан білім алады және оны түсінеді, бірақ сойлеу кезінде біркатар кателер жібереді; ережені мысалдармен өз бетінше растауға қиналады және оны мұғалімнің көмегімен жасайды; түрақы түрде мүғалімнің көмегіне мұқтаж;
«2» - зерделенген материалдың көбін немесе аса негізгі бөліктерін білмейді; ережені қалыптастыруда оның мағынасын бұрмалайтын қате жібереді; тестпен жұмыс жасаған кезде көп қате жібереді, мұғалімнің көмегін пайдаланбайды.
16.Жазба жұмыстарды бағалау:
1) сыныптағы және үйдегі оқыту сипатындагы жазбаша жұмыстарға окулык, карточкалар, мүғалімнің тапсырмасы, бақылау сипатындағы емес ескерту, түсіндірме және өзге де диктанттар, грамматикалық талдау, мазмұндама немесе шығарма жазар алдындағыдайындық жұмыстары бойынша дайындық мақсатында орындалған жаттығулар жатады;
бақылау жұмыстары бақылау көшіріп алудан, бақылау диктантынан, грамматикалық талдаудан тұрады және құрамдастырылған (әртурлі орфаграфиялық және грамматикалық тапсырмалармен бірге бакылау көшіріп алу, диктант және грамматикалық талдау) болуы мүмкін, II - IV сыныптардағы бақылау жүмыстарының негізгі түрлері - көшіріп алу және диктанттар, V - IX сыныптарда - диктанттар;
грамматикалық талдау үшін орфограмманы тануга, сөз қүрамын, сөз таптарын және сөйлем мүшелерін анықтауға, сөйлемдерді қүрауға, граммматикалық белгілері бойынша сөздерді жіктеуге арналған тапсымаларды пайдалануға болады.; грамматикапық тапсырмалардың мазмүны осы сыныпта ғана емес, бүрынғы сыныптардағы грамматика -орфографиялық материалмен байланысты болуы қажет;
диктантқа арналған мэтін байланысты немесе жекелеген сөйлемдерден түруы қажет, оған элі оқылмаған сөздерді қосудан жалтару қажет; егер ондай сөздер кездесетін болса, орфограмманы карайтып, оларды тақтаға жазып қою немесе дауыстап айту керек; сөйлемдердің мазмүны мен қүрылымы жағынан мәтін көмекші мектеп оқушыларына түсінікті болуы кажет;
5)бақылау диктанттары әрбір ережеге 2 - 3 орфограммадан келуі қажет;
I - сыныпта бакылау жұмыстары мэтіндерінің үлгілік көлемі - 8 - 10 сөзден, II - сынынта оқу жылының басында - 10 — 12 сезден, жылдың аяғында - 16 - 18 сөзден, III - сыныпта -20-25 сөзден, IV - сыныпта - 30 -35 сөзден, V - сыныпта - 45 - 50 сөзден, VI - сыныпта- 65 - 70 сөзден, VII - IX - сыныпта - 75 - 80 сөзден келеді; ссепке барлық сөздер, оның ішінде жалғаулар, шылаулар жатады;
жазба жұмыстарды үқыпсыз орындағанда, түзетулер көп болғанда, әріптерді жазуда және оларды қосып жазуда бүрмалау болган кезде бага бір балға төмендетіледі, егер бүл моторика бүзылуына байланысты болмаса;
логопедпен бірге дайындалатын балапар сыныпта бакылау диктанттар жазудан босатылмайды; осындай жүмыстар білім алушылардың жеке табыстарына қатысты бағаланады;
жазба жүмыстарын бағалау кезінде жүмыска қойылатын мынадай бағалардың нормалары басшылыққа алынады:
«5» - катесіз,
«4» - бір,үш қатемен;
«3» - төрт, бес катемен;
«2» - алты және одан да көп катемен;
10) жазба жүмыстарында бір - екі тузетулер немесе бір тыныс белгі
қатесі есептелмейді; ережені окуда жіберілетін үш тузету немесе екі
тыныс белгі қатесі бір орфографиялық қатеге сәйкес келеді, өтілмеген
жазу ережесіне байланысты қателер ескерілмейді.
Диктанттағы бір кате болып мыналар есептелінеді: 226
А) бір сөздегі қате бірнеше рет қайталанса, егер осы ережеге байланысты осындай қате басқа сөзде кездессе, онда ескеріледі;
Б) екі болымсыз қате: сөзде бір әріп қайталанса; сөз аякталмаса, тасымалдау кезінде бір тапты сөзді жазбай қалдырып кету; сөйлемде бір сөзді кайталап жазу;
сөйлеудегі және жазудағы күрделі бүзылыстарға байланысты кателер әрбір оқушы үшін жеке қаралады; айырықшылыкты қателер дауыссыздарды ауыстырып алу, создің дыбыстык - әріптік құрамын дүрыс айтпау (әріпті қалдырып кою, орындарын ауыстыру, артық әріптерді косып жазу, дауыстыларды ауыстырып жазу, сөз күрылымын жаман бұрмалау); баға қою кезінде барлык бір типті айырықшылыкты қателер бір орфографиялық қатеге теңестіріледі;
грамматикалық талдауды бағалау кезінде мынадай бағалау нормасын басшылыққа алу қажет:
«5» - егер оқушы грамматикалық талдау кезінде грамматикалық ұғымдар мен ережелерді саналы түрде игергенін білсе, жұмысты қатесіз орындаса немесе түзетулер жіберсе;
«4» - егер оқушы негізінен оқыған материалды игергенін білсе, 2-3 қате жібере отырып озінің білімін қолдана алса;
«3» - егер окушы зерделенген материалды жеткілікті түсінбесе, өз білімін қолдануда киналатын болса, 4-5 кате жібереді немесе тапсырмалардың бірін орындай алмаса;
«2» - егер окушы оқу материалын нашар білетінін білсе, грамматикалық тапсырмалардың көпшілігін орындай алмаса.
17.Мазмұндама мен шығарма. Мазмұндама мен шығарма көмекші мектепте окыту сипатында ғана болады. Мазмұндамаға дайындалғанда және өткізу кезінде мұғалім:
әңгіменің тақырыбын, оның көлемін, синтаксистік конструкциялардың каншалыкты ауыр екенін, сөздіктер мен орфографияны ескере отырып, материалды дәйекті түрде іріктейді;
сыныппен дайындык жүмысын өткізу, сабақта орфографияға катысты киын сөздерді тактаға жазып қою кажет, оқушыларға орфографиялық сөздікті қолдануға, мұғалімнен сүрауға рұқсат етіледі;
IV - V - сыныптарға арнапған мазмұндама үшін келемі 20 - 45 сөзден түратын хабарлы сипаттағы мэтіндер ұсынымдалады, келесі жылдары мэтіндер мазмұны мен көлемі жағынан күрделене түседі: VI - VII сыныптарда 45 - 70 сөз, VIII - IX - сыныптарда - 70 - 100 сез; балалар мазмұндаманы дайын немесе мүғалімнің басшылығымен үжым жасаған жоспар бойынша жазады, VIII - IX - сыныптарда окушылар жоспарды өз беттерінше күруларына болады;
Мазмұндама мен шығарманы тексерген кезде бір баға қойылады:
«5» бағасы - автор мәтінін (тақырыбын) сөйлем құрау кезінде сөздерді қолдана отырып, дүрыс, толык, дәйекті түрде қатесіз жазылғаны үшін; бір немесе екі орфографиялық кате жіберуге болады;
«4» бағасы - автор мәтінін (такырыпты) бұрмаламай, негізгі мәнін түсінуге ыкпап етпейтін көмекші буындарды қалдырып кетіп жазылған, сөйлем қүрауда катесіз жазылған мазмүндама (шыгарма) үшін; үш - төрт орфографиялық қате жіберуге болады;
«3» бағасы - автор мэтінінен (тақырыбынан) ауытқып, сөздің мэнін түсінуге ықпал ететін сөйлемді және сөздерді пайдалануда екі - үш қатемен жазылған, бес — алты орфографиялық қате жіберуге болады;
«2» бағасы — автор мәтінінен (такырып ашылмаған) маңызды ауытқулар бар, сөйлемді және сөздерді пайдалануда төрттен астам қате, алтыдан астам орфографиялық қате бар мазмүндама (шығарма) үшін; ерекшелік ретінде мазмүнын дүрыс дэйекті түрде жазған кезде жеті одан да көп орфографиялық қате жіберілсе, сауаттылығына және мазмүнына екі баға қоюға болады;
5) мазмұндаманы немесе шығарманы бағалау кезінде жіберілген аз түзетулер ескерілмейді.
18.Оқу және сөйлеу мэнерін дамыту.
Оқу дағдысын тексеру окуды күнделікті бақылау және оқу, әңгімелеу немесе құрамдастырылған сүрау бойынша арнайы сүрау жолымен окулық бойынша оқығанды түсіну негізінде жүргізіледі:
оқу бойынша жекеленген дағдыларды аныктау мақсатында агымдағы тексеру және білімді бағалау жүргізілуі мүмкін; жекеленген жағдайларда сабақтағы жауаптардық жиынтығы бойынша бағаны шығару мүмкін, сүраудың осындай нысаны қорытынды сабактарда пайдалагуы мүмкін;
оқу жылының басында, ортасында және аяғында оку техникасын тексеру жүргізіледі; оқу техникасын тексеру кезінде таныс емес, бірак кол жетімді мәтіндерді тандау үсынылады, мысалы мынадай көлемде (жылдың аяғында):
1 - сыныпта - 10 сез; II - сыныпта - 15-20 сөз; III - сыныпта - 25 - 30 сөз; IV - сыныпта - 35 - 40 сөз; V - сыныпта - 45 - 60 сөз; VI - сыныпта -70- 80 сөз; VII - IX - сыныпта - 90 - 100 сөз; әрбір оку жылы бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес багалау кезінде оку техникасын оқушының табысты игеруіне (дүрыс, тез оқу және мэнерлеп оқу) және окудың мазмүндылығына (басты ойға тоқталу, сүрактарга жауап, жатқа айту) көңіл бөлінеді;
кезекті оқу жылының басында оқу техникасы өткен жьшғы мәтіннін келеміне сәйкес мәтіннің келемі бойынша тексеріледі;
I - сыныпта оқушыға баға, егер ол:
«5» - сөзді, сөйлемді, қысқа мэтіндерді дүрыс немесе өзі түзеткен бір -екі қатемен буынға бөліп оқиды (жылдың аяғында бүтін сөзді);
«4» - бір - екі қате жіберіп, сөзді буынға бөліп оқиды, тыныс белгілерінде кідіріс сактайды; окығанынын мазмүны мен мэтінге берілген безендіру бойынша сүрактарға берген жауабында дэлділік жоқ, бірақ оларды өз бетінше немесе мұғалімнің болымсыз көмегімен түзетеді;
«3» - құрылымы қиын сездерді буынға бөліп оқыған кезде қиналады (үш киын буында, дауыссыздар қатар келгенде, Ъ әріпімен); оқыған кезде үш - төрт қате жібереді, тыныс белгілерінде кідіріс сақтамайды; оқығаны бойынша мазмұны мен мәтінге берілген безендіру бойынша сұрақтарға мүғалімнің көмегімен де жауап бере алмайды;
«2» - екі күрделі сөздерді буынға бөліп оқыған кезде қиналады; оқыған кезде бестен астам кате жібереді; тыныс белгілерінде кідіріс сақтамайды; оқығаны бойынша мазмүны мен мәтінге берілген безендіру бойынша сұрақтарға мұғалімнін көмегімен де жауап бере алмайды;
5)ІІ-сыныпта оқушыға бага қойылады, егер ол:
«5» - сөзді буынға бөліп оқыса (жылдың аяғына сөздерді түтас оқиды) синтаксистік кідірісті сақтай отырып, қыска мэтіндерді өзі түзеткен бір - екі қателермен, дұрыс оқыған мәтіннің мазмүны бойынша сұрақтарға жауап береді; оқығанын толық, дұрыс, дэйекті түрде ауызша айтып береді; тақпақгы жатқа біледі және оны мэнерлеп оқиды;
«4» - жеңіл сөздердің өзін толык оқығанда қиналып, буынға бөліп окиды, оқыған кезде және синтаксистік кідірісті сақтауда бір - екі қате жібереді, мазмүнын айтқан кезде сүраққа дүрыс жауап бермейді, бірак оларды өз бетінше немесе мұғалімнің болымсыз көмегімен түзетеді; такпақты жатқа айтқан кезде өзі түзеткен бір - екі қате жібереді және оны мәнерлеп дұрыс оқи алмайды;
«3» - күрделі сөздерді буынға беліп оқығанда қиналады, оқыған кезде және синтаксистік кідірісті сақтауда үш - терт қаге жібереді, оқығанының мазмұнын айтқан кезде сұрақка жауапты мұғалімнің көмегімен береді, тақпакты жатқа айтқан кезде мәтінді жақсы қабылдамағаны білінеді;
«2» - жеңіл сөздердің озін буынға беліп окығанда киналады, оқыған кезде және синтаксистік кідірісті сақтауда бестен астам қате жібереді, сұраққа жауап бергенде және оқығанының мазмұнын айтқан кезде негізгі ойды бұзып айтады, мұғалімнің көмегін қолданбайды; 6) оқушыға III-IV сыныптарда баға қойылады, егер ол:
«5» - III сыныпта сездерді толық дұрыс, бір екі езі түзеткен қателермен, синтаксистік және мағыналык кідірісті сақтай отырып, мәнерлеп оқиды; IV сыныпта логикалық екпінді сақтай отырып, мэнерлеп окиды, сүрақтарға жауап береді және оқығанынын мазмүнын толық, дүрыс, дәйекті түрде береді; тақпақты жатқа біледі және оны мэнерлеп оқиды;
«4» - бүтін сездерді, кейбір қиын сездерді буынға беліп окиды; оқыған кезде және синтаксистік кідірісті сақтауда бір - екі кате жібереді, IV сыныпта логикалық екпінді сақтайды, сүракка дүрыс жауап бергенде және мазмүнын айтқан кезде толық жауап бермейді, бірақ оларды ез бегінше немесе мұғалімнің болымсыз көмегімен түзетеді; тақпақты жатқа айтқан кезде өзі түзеткен бір - екі қате жібереді; оны мэнерлеп дүрыс оки алмайды;
«3» - сөздерді негізінен толық, ал күрделі сөздерді буынға беліп оқиды, оқыған кезде жәнесинтаксистік кідірісті сақтауда үш — терт кате жібереді, IV сыныпта логикалық екпінді сактайды, окыганының мазмұнын

айткан кезде сұрақка жауап мұғалімнің көмегімен береді, тақпақты жатқа айткан кезде мэтінді жаксы қабылдамағаны білінеді;
«2» - сөздерді негізінен жеңіл сездердің езін буынға беліп оқиды, оқыған кезде және синтаксистік кідірісті сактауда бестен астам қате жібереді, сұрақка жауап бергенде және оқығанының мазмұнын айтқан кезде негізгі ойды бұзып айтады, мұғалімнің кемегін колданбайды; жатка білуі керек мэтіннің үлкен бөлігін білмейді; 7) окушыға V - IX сыныптарда баға қойылады, егер ол:
«5» - дұрыс, жылдам, мәнерлеп, әдеби шығарманың нормаларын сактай отырып, оқыса, шыгарманың негізгі мағынасын немесе эңгіменің бөлігін мұғалімнің болымсыз кемегімен керсетеді (VIII - IX сыныптарда жеңіл мәтіндерді өз бетінше оқиды; шығарманың басты кейіпкерлерін атайды, олардың әрекеттерін сипаттайды; сұрақтарға жауап береді және оқығанының мазмұнын толық, дұрыс, дәйекті түрде береді; тақпақты жатқа біледі және оны мәнерлеп оқиды;
«4» - дұрыс және жылдам оқиды, оқығанда, маңызды кідірістерді, интонацияны беретін тыныс белгілерін, логикалық екпіндерді сақтағаыда бір - екі қате жібереді; шығарманың немесе әңгіме белігінің негізгі мағынасын көрсетуде дэлсіздік жібереді, оларды мұғалімнің кемегімен түзетеді; мэтінді бөліктерге белгенде және бөліктерін атағанда қате жібереді, оларды мүғалімнің кемегімен түзетеді; мұғалімнің көмегімен шығарманың басты кейіпкерлерін атайды, олардың әрекеттерін сипаттайды; сүрактарға жауап бергенде және оқығанының мазмұнын айтқанда дәлсіздік жібереді, оларды ез бетінше немесе мұғалімнің болымсыз көмегімен түзетеді; тақпакты жатқа айтқанда бір - екі өзі түзеткен қателер жібереді: және оны мэнерлеп окиды;
«3» - сөздерді жылдам оқымайды, кейбір сөздерді буынға бөліп окиды, оқыған кезде үш – төрт және синтаксистік кідірісті сактауда бір - екі қате жібереді, үш - терт катені мағыналык кідірісті сақтауда, интонация беретін тыныс белгілерін, қисындык екпінді сақтайды, мүғалімніц көмегімен шығарманың немесе әңгіме белігінің негізгі мағнасын керсетеді, мәтінді беліктерге беледі және мұғалімнің көмегімен беліктерді атайды; шығарманың басты кейіпкерлерін атай алмайды, олардың әрекеттерін сипаттай алмайды; сұрақтарға жауап бергенде және оқығанының мазмұнын айтканда толық, дәйекті емес,шығарманың негізгі магынасын дұрыс бермейді, тақпақты жатқа айтқанда мэтінді толық қабылдамағаны білінеді;
«2» - сөздерді буынға беліп оқиды, оқыған кезде және синтаксистік кідірісті сақтауда бестен астам кате жібереді, мұғалімнің кемегімен де шығарманың, әңгіме белігінің негізгі мағынасын айта алмайды, мэтінді бөліктерге беле алмайды, шығарманың басты кейіпкерлерін атай алмайды, олардын әрекеттерін сипаттай алмайды; сұрактарға жауап бергенде және оқығанының мазмүнын фрагментті, шығарманың негізгі мағынасын дұрыс бермейді, мұгалімнің көмегін пайдаланбайды, мәтіннің беліктерін жатқа білмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет