5. Психикалық дамуы тежелген балалардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар 30.Психикалық дамуы тежелген (бұдан әрі ПДТ) балаларды даярлау деңгейіне койылатын талаптар жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Осы талаптарды орындау кезінде білім берудің міндетті деңгейіне ПДТ - мен ауыратын баллардың даму ерекшеліктерін, сондай - ақ әрбір пэн бойынша білімді, дағдыларды игеру мүмкіндіктерін ескеру қажет.
31.Локальдік жетіспеушіліктері ерекше байқалатын балаларға (аграфия, акалькулия) оны игеру локальдык кемісті киындататын пэн бойынша бағдарламаны толық игеру кезінде келесі сыныпқа ауысуына мүмкіндік туады.
32.ПДТ - мен ауыратын балаларға арналган мектептердегі окушылардың оқу жетістіктерін өлшеу параметрлері жалпы білім беретін мектептердегі білім алушы балалардың параметрлеріне бара - бар. Нақты тапсырмаларды ПДТ - мен ауыратын балалардың клиникалық -психологиялык ерекшеліктерін және олардың білім алудағы мұмкіндіктерін ескере отырып, педагогтар әзірлейді. Тест сипатындағы тапсырмаларды жауапты таңдаумен бірге қолдану максатқа сай болады. ПДТ-мен ауыратын балалардың есте сақтау қабілетінің жеткіліксіздігіне байланысты білімді игергеніне агымдағы бакылау жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жиі өткізілуі тиіс.
33.Түзеу циклының пэндері бойынша білімді бағалау жүзеге асырылмайды.
6. Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар 34.Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзеу) ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердегі сиякты окудың барлык кезеңдерінде оқу жетістіктерін багалау қолданылады, бірақ бүл ретте окушылардын көру мүмкіндіктері мен психикалык жағдайы ескеріледі:
оқудың кезеңдері бойынша, көру қабілеттерін дамытуды қоса жетістіктер деңгейін анықтау үшін тестті тапсырмалары;
оқудың барлық кезеңінде негізгі пәндер бойынша бакылау - тексеру кезеңіне арналған тапсырмалар;
жеке тұлғалық қызығушылықтарын және нашар көретін оқушылардың қажеттіліктерін аныктау үшін шығармашылық өзіндік жұмыстары;
оқушылардың әлеуметтік - тұрмыстык және кеңістікте жүру бағдарын дамыту деңгейін тексеру жөніндегі тапсырмалар;
түзеу циклының пәндеру бойынша білімді бағалау жұзеге асырылмайды;
арнайы мектепті бітіру үшін жалпы білім беретін мектепгерге арналып кұрылған емтихандык билеттер пайдаланылады.
35-Емтихандар тапсыру белгіленген тәртіппен денсаулығына байланысты босатылған окушылар үшін міндетті емес.