І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 8


ІІІ.3. «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясының тәлім-тәрбиелік жақтары



бет13/19
Дата14.03.2023
өлшемі113,01 Kb.
#74058
түріӨмірбаяны
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

ІІІ.3. «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясының тәлім-тәрбиелік жақтары


Бұл – халықты қайғыға душар еткен дүрбелең басылып, ел етегін жауып, есі кіре бастаған уақыт еді. Әйгілі опера және балет театры ашылып, еңсесін көтерген ел өнердің жаңа түріне керемет құштарлық танытқан түс болатын. Қаламгерлер де уақыт талабына сай көптеген пьеса, либретто жаза бастаған. Соны өнердің бір саласы халқымыздың орасан бай, алуан түрлі жыр дастанын қайта түлетіп қалың жұрттың игілігіне жаратуға кіріскен.


«Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» (1939) трагедиясы Ғабит Мүсіреповтің ең құнарлы, жемісті дәуірін – үшінші кезеңін бастайды. Ел таныған әйгілі туындыларының басым көпшілігі осы уақытта дүниеге келгенді.
Мәдениетті әдебиеттің негізгі талабына сай жазылған «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясына халықтың сүйікті көркем жыры өзек болғаны баршамызға аян. Бұрынғы балаң, жас сана–сезімнің туындысы өскелең реалистік әдебиет талабына сай өрнектелген осң, бағзы заман, бұлдыр тарих еншісі емес, ұзақ дәуірлеп кеше ғана өткен күрделі қоғамның шыншыл бейнесін танытып, көрермен қауыммен жылы ұшырай қауышты. Армандай елестеген Қоза мен Баянын сахнада көрген жұрт та Ғабеңе алғыс рахметін жаудырған–ды. Қаһармандары толысып, реалистік сипатқа ие болғандықтан, шығарманың зері де, зердесі де – бүкіл құрылыс да жаңа сыр–сымбатқа ие болды.
Егер жырда тартысқа негіз болған шытырман оқиға ескі салт – тумай жатып атастырудан туындап жатса, енді Қозы мен Баянын табиғи сезімінен өрбіп, адамгершілік пен жауыздық, шынайы махаббат пен содыр–сойқан зұлымдық арасындағы айқас домбыраның қатты тартылған ішегіндей шарықтады.
Қозылар мен Қарабайлар арасындағы арпалыс еркін махаббат пен ескірген салт–сана арасындағы қайшылықтан туындайды. Қаһармандар жүйесі шыншыл да табиғи болғандықтан, сол заманның келбеті ашылып, айқындала түскен. Мал десе көзі қанталайтын топас Қарабай қысқа ойлап, дөкір пішеді. Жантықтың көп қатпарлы қулығын түсінбейді. Дөкір Қодар екі жастың риясыз сезімін байқап, өзі де сәл жұмсара бастағандай еді. Жантық қайта өштестіреді. Бас бостандығы үшін талпынған жастар өмірін рақымсыз үзген Қодар, Қарабай, Жантықтардың зұлымдығы арқылы дәуірдің осы бір сыры айқындалады.
Тартыстың шиеленіскені соншалық, қыршынынан қиылып арманда кеткен ел ардақтысы Қозы мен Баяннан кейін Мақпал, Күнікей, Жарқыындар қайғы–мұңға малынып, запыран шегіп өтеді. Ғазиз жандар жауыздық пен дүние қоңыздықтың құрбаны, Қарабай малымды сақтап қалам деп, Жантық солмалға ие болам деп жүріп нақақ қанды төгеді, қос ананы айықпас дертке, арылмас қайғыға ұшыратады.
Қозылар мен Қарабайлар арасындағы тартыс – жас қауым, жаңа сезім–түсінік пен ескі салт–сана арасындағы тартыс. Жас жандардың қанын төккен Қарабай, Қодар, Жантықтардың бірі асқан сұм болса, бірі – шектен шыққан сараң, дүние қоңыз, тағы бірі – жуан жұдырық, даңғой, тоңмойын, топас Қарабай, найза тісін жымқырып жүрген қаражүрек Жантық, нойыс, дөкір Қодар.
Жыр мен пьеса арасында көп айырмашылық бар. Мысалы, қоғам сипатын айқындай түсу мақсатымен драматург Қодарды байдың «көк боздағына» айналдырған. Толқу, толғаныс та оған жат қасиет емес. Қозы мен Мақпал – жапанда өскен жарлылар. Баян – ірі іс-әрекет иесі. Ақ Баянның ерлік тұлғасын ақтара ашқан әрекет биігі – көкірекке салған қанжар. Жаңадан қосылған Жантық пен Жарқын бейнесі де негізгі мақсатты айқындайды. Әсіресе, трагедияның тартысы шыңдала, ширыға түскен. Екі күш түйіскенде, балауса гүлді дала құйыны жұлып, таптап тастайды, тиген жерінде қара мола қалдырады. Мұңлы махаббат күйін ызыңдап Сарыарқаның самалы айтады.
«Аппақ көрік маңдайы, қылығы наз, Малың түгіл басынды берсең–дағы» – деп қисса–жырда ақ махаббаттың ақ сәулесіне шомылған сұлу Баян енді бүкіл әйел қауымының мұң-зарын арқалаған айдынды бейне, ел тағдыры – енді жүз жылда бір кездесер ғажайып емес, қалың қауым тағдыры. Иә, ақ махаббаттың шырағындай Баянмен қайта кездесеміз, бірақ ол жан дүниесі күрделеніп, қоғам тартысының бел ортасында жүреді. Жырдың сыбызғы сырына драматург қиянат жасамаған, жаңа туындының эстетикалық ләззаты хиссамен сарындас, әуендес келіп отырады. Армандағы ақ періште Баян – жұдырықтай жүрек торға мықтап түскен, қан жылаған сырласымыз, мұңдасымыз болып қайта оралған. Атақты хиссада Баян Қодардан кегін қайтарып, азаматтықтың, адалдықтың шарықтау шегіне бір–ақ көтерілсе, трагедияда өмір неше түрлі тосқауылды алдыға тартып, Баян әкемен де, Қодар, Жантықпен де не сан рет бетпе–бет келеді және әсте есесін жібермейді. Трагедияның шырқау шегінде кегін алып, көз жұмады. Шығарманың өн бойында автор Банняң батылдығын, өжеттігін, шешендігін, ақыл–парасатын сәтті бейнелейді. Осы арада Ғ.Мүсірепов жасаған әйелдер галереясын саралап өтсек, жазушының эстетикалық, көркемдік көзқарасының бір сырына қанық боламыз. Әйгілі Қапия анадан бастап, Қыз Жібек, Баян, Ақтоқты, Ұлпанға дейін адамгершілік қасиеті бойынан табылатын, әдемілік пен азаматтық биікке қатар көтерілген әйел–жар, әйел – азаматтарды көреміз. Басқа түскен барлық қиянаттан сынбай, күйремей өткен бұл жандар халқымыздың рухани қасиетінің бір қырын әйгілейді.
Иә, ақылды жар, аяулы дос Баян сүйіктісі Қозының пәк жүрегін бір аяласа, панасыздың досы деп тағы да ардақтайды. «Қиялдағы қыранды көрдім. Ұрса – құлашы, сыбанса – білегі, ашылса – жүрегі, түйсе – жұдырығы – бәрі көз тойдырады!... Бәрі қызығуға жаралған! ... Асқар көрсек – биігі дерсің... Жібек жал арғымақ – Қозыны тауып қайттім!... Жауды сол қуып, сол алып келе жатыр...» – дейді Баян.
Жырда Баян Қодарды сан рет отырғызып кетсе, Қозысынан айырылғанда, ақ дүниемен мәңгі қоштасса, пьесада бұл ая кеңіп, өктем қимыл жасайды. Қарабай малын Қодар шауып кеткенде, артынан жоқтаушы болып Баян шығады. Қара күшке сүйенген сойқан Қодарға тайсалмай: «Баян сені сүйе алмайды, сүймесе тие алмайды... Қорқып, ықтай алмайды, Күтетіні – Көрпеш!... Енді ар жағын түсінерсің. Жөнің анау, жолың бос... Маза бер, Баянға!» – деп бетін қайтарады.
Шын сүйген кекшіл болмаса керек. Қозы мен Баян Қодардың бұрынғы қылығын ұмытып, достыққа шақырады. Жантық пен Қарабайға сый–құрмет көрсетеді. Бірақ не пайда, опасыз заманда есіл ажндарды қазулы орға апарып құлата салады.
Опасыз заманда Қарабайлар сенім тамырына балта шапса да, Баян мен Қозы адамға сеніп өледі. Сондықтан да драматург жырдың жан тебірентер азалы шешімін сол күйінде сақтаған: өзін өлімге қиған Баян ғашықтарға мәңгі адалдық, тазалық, сенім ескерткіші болып қалды. Таңсық өзенінің бойындағы (Семей облысы) Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлудың мәңгі ұйқыға көз жұмған жері (халық солай дейді) – күні бүгінге дейін ел ардақтап, тағзым ететін жер – мавзолей.
Баян трагедиясы – адамгершілікті аңсаған жас қауым трагедиясы. Өмір шындығы бұл. Қозы мен Баян бақытсыз қазақ ұл–қыздарының барша қияметін бойына жинап, арман елесіндей ел көкірегінде сақталып қалды, сол күйінде, сол болмысында жырдан сахнаға шығып, бізге қол созды, сыр–арманын шертті. Ромео мен Джульетта құрбылары Еңлік пен Кебек, Қарагөз бен Сырым, Жібек пен Төлеген, Қозы мен Баян... туған халықтың керемет сыршылдығына, жыршылдығына куә.
Қозы мен Баян бір сабаққа шыққан қос гүл тәрізді. Бұлардың ой–арманы, сезім–қиялы бір. Қос жүрек қатар соғады, қатар тоқтайды. Ақ Баянның адал жары әр сәт ар биігінен табылады. Көңілі де көкірегі де пәк, нәзік жан ол ақ махаббаты үшін ерлік жасады, жауын тізе бүктірді. Ақырында абзал жүрек арамдықтың құрбаны болды.
Қозы рөлінде он жыл ойнаған ұлттық театр майталмандарының бірі – Камал Қармысовтың пікірі мынадай: «Қозы қулық–сұмдықты білмейді. Жүрегі сондай таза, көкірегі сондай мейірлі. Қарабай ортасынан бөлек өскен ғой. Сол Қарабай, Жантықтарға қарсы тұру оңай болып па? Екі әуелттің өкілдеріне бірін–бірі түсіну жеңіл болып па? Қозы бойында әрі батырға тән қажыр–қайрат, әрі ғашыққа тән нәзіктік бар. Сондықтан осы рөлде лирикалық және романтикалық сәттер көп болды.
Қозы – махаббатты, еркіндіктік аңсаған жас ұрпақтың өкілі. Талантты, талапты, нәзік жан. Қараңызшы: «Қозы тадуың, даланың әсемдігін қалай нәзік түсінеді? Жаратылысында әсемдікті аңсап, түсініп өскен жан ғой.
– Жел Баян деп ызыңдайды, көл Баян деп теңселеді, өзен Баян деп ағады, тау Баян деп күңіренеді!...» Бұл – ақын аузынан шығатын ұшқыр қиял белгісі, тербеліс қылы махаббаттың гүл сезімі.
Қарабай сыры – бір Қарабай сыры Қарабай сыры – бір–ақ сыр. Дүние үшін, мал үшін ол жанын да, арын да құрбандыққа салуға дайын. Өмірдің бар қызығы, дүниенің бар шырыны Қарабай үшін малында, малының санында. Ол – ескі салт–сананың шырмауындағы жан. Әділетсіз ісінің мән–мәнісін ойлап, қиналып жатпайды. Бар зұлымдықты «атаның жолымен» ақтайды. Барша тіршілігі жиөаз жиюмен сарп болған Қарабай сол байлықтың қызығын да көрмейді. Әкелік мейірім, аталық сезімнен де жұрдай. «Қызды малым демегенде, балам демек пе, Қарабай!» – дейді бірде қатыгез әке. Жалғыз қызы Баянға тек сол мал қызығынан қарайды – малыма зияны тие ме деп шошынып, тез құтылмақшы, сатып байымақшы. Қодарға ұстата салып, шіріген байлықтың санын тез көбейтіп алғысы келеді... Мал үшін өтірік те айтады, берген уәдесінен де таяды. Ақыры айналаның бәрін ұмыттырған дүниеқорлық Қарабайдың өзінің де, малға көзін тіккен Жантықтың да, Баян мен Қозының да, Қодардың да түбіне жетеді.
Ұзақ жылдар бойы Қарабай образын кемеліне келтіріп сахналық тамаша классикалық бейнесін жасаған Серке Қожамқұлов түйгенінің біздер үшін сөзсіз мәні бар:
«Қарабай ескі танысымыз ғой. Бала кезімізден көзіміз көрген, көкейге сіңген. Біреу саран болса «әй, Қарабай–ай!» – деуші еді.
Қарабайды өмірдегі тірі қалпында көрдім. Таныдым. Тпатым. Ептеп қостым ба деймін.
– Қыз бере ғой деп, қашан сұрап ем құдайдан? – дейді бірде күйініп кеткен Қарабай. Бұл өмірден көрген, өмірден келген шындық – көкейге қона кетті. Әлдекімдер көз алдыма ентелеп келе қойды. Ал, Пушкиннің ақшаны уыстап, боздап отырған сараңын қайтесің?
Сірә, Қарабайдың жаяу қулығы болар. Дүние қоңыз не істетпейді ондайларға. Алдатады, арбатады адал жандарды. Күнікей ертіп келген Мақпалды көріп, Қарабай ұйықтаған болып, бүк түсіп жата қалады. Өтірік танымай қояды:

  • Мақпал? Осы төңіректікі ме? ... Есенсіз бе?

  • Қозы? Естімеген атым ...

Күнікей: – Қозыны бір күн көрмейй қалса, Баянның бебеу қағып, қолға тұрмайтынын неғып ұмыта қалдың?
Қарабай: – Қан жауғыр, баланың қай жылағаны есте тұратын еді!
Таныс психология! Естіген, құлаққа сіңген әуен. Өздері жетектеп отыратын жандар. Өмір, өмір... осы.
Қарабай Жантықтың тіліне ереді. Құрылған тұзаққа түседі. Қулық үйренеді. Бәрі де көңілге қонымды. Пенде болған соң, иек сүйер болмаса бола ма?»
Сатиралық планда жасалған Қарабай бейнесі Плюшкин, Горио, Гобсек, Гранде секілді әлем әдебиетіндегі әйгілі сараңдармен үндес. Сонымен бірге мінез-құлқы, ісі Қарабайды қазақ топырағында көктеген Қарынбай, Шығайбайдай сараң еткен.
Қарабай бейнесі де пьесада күрделеніп, жаңа мінезбен (қулық, сұмдықпен) байып, сипаты ашыла түскен.
Зерттеушілер арасында дау, қайшы пікір тудырған бейне – Қодар. Тахауи Ахтанов: «...Пьесаның ба кезінде Қодар – өз табының, өз ортасының аумай тартқан ұлы. Жазушы одан әрі Қодар образын басқаша дамытады. Кейінірек келе Қодардың Баянға шын ғашық екенін көреміз. Ал, шын ғашық болған Қодар Баян қабылдамаған өз бойындағы ескі әдетпен алыса бастайды. Оның ұғымында, психологиясында ішкі тартыс басталады. Осылай бір Қодар екіге бөлінеді. Оның бойына сіңген феодалдық қағида мен адамгершілік, махаббат сезімі алысады.. Ол енді Баянның махаббатын күшпен емес, адамгершілікпен оятпақ та болады... Ол – Баян, Қозы Көрпештермен шындап достасуға дейін барады... Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу арасындағы махаббат арқылы ол жарық дүниені көріп, келе–келе соны танып, соған ұмтылады да, бірақ ескінің ауыр салмағы басып кетіп, жеңе алмай қалады».
Нығмет Ғабдуллин: «Біздіңше, бұл пікірдің авторы образдың ішкі сырына терең үңілмей, сыртқы алдамшы көріністерге баса назар аударып алған секілді. Қодар образының ішкі өрісі бізге оның адамды аяуды, мүсіркеуді білмейтін, жүрегінде жылы сезімі жоқ, жауыз екендігін ғана танытады. Драматург Қодарды тек зұлым адам кейпінде ғана бейнелейді. Зұлымдықтың аты – зұлымдық, оған жақсылық мінез жанаса алмайды, зұлымдық – зұлымдығын жасайды. Қодар образы осы идеяны білдіреді».
Образдың даму логикасына жүгінелік. Өз табының төл баласы Қодар пьеса басында зорлықшыл, қиянатшыл, әпербақан. Сахнаға алғаш шыққанның өзінде Айдар, Таңқыларды кеуделеп, беттерін қайтарып тастайды. Баян иілмеген осң, әкесінің жылқысын шауып алады.
«Асқақтаған сұлу, сөз тыңда! Әкеңді сен үшін шаптым, соны айтқалы оралдым!... Шабылған сорлы Қарабай, сені қызыңның қырсығы әкетті, соны айтқалы оралдым! Әр аурудың емі бар: қызыңды өз қолыңмен әкеп беріп, жылқыңды айдап қайтасың!» – деп содыр сойқандыққа салынды.
Қарабайды «жұмсартып» батасын алған Қодар Баян алдында да онша сыпайылық көрсете қоймайды. Қайта өзінің табиғи дөрекілік мінезіне салынып күш көрсетеді. «Сөз қысқа! Әкең қосқан Қодарға құдайың қосты деп біл! Асауды ұстауға бұғалық бер, үйретуге тақым бар!»
Баяннан тойтарыс алған Қодар Қозының тақымына түсіп, алғаш беті қайтады. Намысқа Баянға деген құштарлық қосылып, қатты қиналады. Ашық айқас, қанды кек жолына түспек болып тас түйінеді. Бірақ Жантық қулық жолын сілтейді. Жантық ақылына құлақ ілсе де, ерлік жолы емес, ездік жолына түскенінен Қодар намыстанады, батпаққа батып бара жатқандай сезінеді. Жантықтың арамзалығынан жиіркенеді, түсіп бара жатқан тұңғиықтан шыққысы келген ақтық сөзін айтқандай болып Баянмен қинала тілдеседі. «Бикеш, байланған тіл шешілгелі, қансыраған жүрек ақтарылғалы тұр!... Бас – бәйгеде, білек – сында, сөз таласта тұр... Тұра бермек пе осылай?»
Қодар тілегін Баян, әрине, қабыл алмайды, жібімейді. Қапаланған Қодар көңіл күйін ақтарып, Жантықтан ақыл сұрайды:
«Жәке–ау, енді қалған не шара бар маған? Шын–ақ құлаған жерім осы болғаны ма? Жарға соққандай қирадым да қалдым, міне! Не деп қарғасам екен, бұл жолды... Несіне соқтықтым!...
Жантық: Ол оралмаса, өзің ора шылбырды, алма мойын үзіліп кетер деймісің! Әкесі айтты – бітті емес пе? Ел естіді – куә емес пе? Ендігісін оң жақтан көрмесе болар ма?
Қодар: Белге сал, талдыра соқ, қуаныш орнына қайғы сүй дейсің ғой? Мойынға орала ма деген жібек шашты, білегіне ора дейсің ғой? Қыз жүрегін қанға боя дейсің ғой?»
Махаббат па, құштарлық па, немесе Ақ Баянның алыднда бас ию ме, әйтеуір Қодар көп иіліп қалған. Сүйгенін ат артына салып емес, әлпештеп жорғаға мінгізгісі келеді, нәпсіден гөрі жүрегінің жылуын қалағандай. Бұл қиссадаға Қодар емес. Ағынан жарылып, жүрек сырын ақтарып тұр.
Қозымен табысып, көңілі шат болған Баян Қодарға да достық қолын ұсынады, аға, дос, құрбы болуды ұсынады. Дос қолды қаға алмайды. Қодар қабыл алады: «Шалқая алатын не жай бар менде!... Бойдың басылмай, ойдың жасымай тұрған кезінен қалған базына да әшейін... Сені сүйген Қодар отқа түсуге де әзір еді... Сол Баян достыққа шақырып, қолын ұсынса, алмасына не шара!... Міне, қолым! (қол алысады). Сенің алдыңда мен айыпты едім, енді ауызға да алғым келмейді... Айтуға жиіркенгендеймін... Кеш, Баян... Кеше гөр!
– Уһ!... Зілдей басқан салмақтан құтылғандаймын... Жарасқан жастардың қатарына қосылып, көңіл де жай тапқандай. Адасып тапқан, айырылып қосылған үйірім ыстық сияқты көрінеді... Оңалған деген осы да ... (Ойланып). Осы да деймін–ау!... Осы болмай жүрсе қайтермін?... Біреудің қызығы, біреудің тойы емес пе, бұл? Мұның маған несі қызық?... Көзің көргенін айтамысың? Қолыңа түскен не бар?... Жоқ, жоқ, жоқ!... Қызық дейік мұны да, қызықпайын біреудікіне... Қайта адастыра көрме, жасаған...»
Бұл – Қодардың жан сыры: «иә, Қодармысың?» дегізетін жырдағы Қодардың қолынан келмейтін сөз. Шекспирлік күшпен жазылған бұл монологте кейіпкердің ауыр күйзелісі – драмалық қуатқа толы. Қызу тебіреніс, аһ ұрған арпалыс жатыр. Зіл басқан салмақтан құтылған қуанышқа осы шешімім дұрыс па деген толқу қосылған. Сондықтан Н.Ғабдуллиннің «Қодардың ұр да жық мінезі, сырт қараған көзге дұмсарған секілденеді. Қодар бұрынғы райынан қайта бастаған сияқтанады. Бұл ... өзінен әлдіден жасқанып, тайсақтағандықтан мәжбүр болған амалсыз әрекет... Қодардың пиғылы әлі өзгерген жоқ, пейілі әлі де теріс. Мұның әлгі бір шегінісі – көңілдің жай бір қобалжуы ғана» – деуі кейіпкердің тебіреніс толғанысына қайшы.
Қатты толқып, достыққа бет бұрған Қодар көкірегіне Жантық тағы да у тастайды – ызы–кегі қайта қайнаған ол Қозыға қапыда қанжар салады. Егілген Баянды көріп, өзін аямай кінәләйды. «Не істедім, не істедім?.. Нге арқаладым қанын? Жарасқан жастардың жазығы не еді? Жазығы не еді? О, жауыз Қодар! (отыра кетеді)...
А, арам ит! Қозының қаны сенің мойныңда емес пе еді?
Тісіңді жасырып, тіліңжі шығарып, осы өлімнен де абырой алғың келід ме? Жібермейін саған Қозының қанын! (Жантыққа қанжар салады, Жантық құлайды).»
Қозыға жасаған сол қылмысының азабынан Қодар азып–тозып, елден безіп кетеді. Қодардың жан күйігіне, айтқан сөзінің ақиқаттығына бұдан артық дәлел бола ма? Сөйтіп, драматург жырдағы әпербақан, томырық Қодардан күрделі, толғанысы мен қатесі мол бейне жасаған. Біздіңше, образ шындығына Н.Ғабдуллиннен гөрі Т.Ахтанов жақын. Ал, Т.Ахтановтың Қодар толқуын ылғи «феодладық қағидамен» түсіндіруі – кейіпкердің адамдық құбылысын толық бағаламағандықтан болған кемшілік.
Жантық – жырда жоқ, жазушы қиялынан туған бейне. Ол дәуірдің барлық зымияндығын бойына жинаған шексіз зұлым, екі жүзді айлакер. Қойған мақсатын орындау үшін (Қарабайдың малына ие болу), ол неше түрлі сұмдық істейді. Өтірік те айтады, жала да жабады, адамды да өлтіреді – көп жанды бақытсыздыққа душар етеді. Қозы мен Баянның өліміне, Қарабайдың жындануына, Қодардың қылмысына – бәріне жауапкер Жантық. «Осы малға сол батырдың өзі де қызығып келе ме қалдым. Байдың еркек кіндіктісі жоқ па еді, қызының басы бос па деп, тым –ақ сұрастырып келеді?» - деп Қозыға өтіірк жала жауып, Қарабайды шошытса, Қодарды Қозыға тағы да айдап салады.
Жантық бейнесін жарқырата сахнаға шығарған тамаша актеріміз Камал Қармысов былай дейді: «Қозыдан кейін Жантық болдым. Екеуінің арасы жер мен көктей. Екі түрлы таюбиғат, екі түрлі мінез. Жантықты Ягоның («Отелло») інісі немесе қазақ Ягосы деуге болар. Қозыны құртып, Қарабайды байлап-матап, бай малына ие болмақ. Біріне-бірін шатыстырып, өшіктіріп, қырғи қабақ қылып құртып жібермек. Сөйтеді де.
Жантық пен ескі танысым Сердәлі («Ақан сері...») арасында жақындық бар. Жантық – мал, байлыққа құштар. Сердәлі атақ, даңққа құмар. Жантық тас түйініп алған шойын семсер, Сердәлі – күлкілдеген қулық, алдамшы түлкі, шұбыртпа сөз. Екеуі де жаныңды түршіктіреді. Бірақ өмір шындығы – тамыры терең тірі жандар. Әлем драматургиясының еңселі кейіпкерлерінің қатарында. Кесек, келісмді, естен кетпес кейіпкерлер... Жоқ, тірі жандар».
Әдетте, әдебиет тану ғылымымызда бейне жасау жолын ашудан гөрі, бейне сцырын сипаттаумен шұғылдану басым. Ал, ғылым үшін, әдебиет үшін образдың екі жағын да зерттеудің мәні зор. Ғабит Мүсіреповтің Жантық, Сердәлі сияқты бейнелерді жасау тәсілі қызық. Қарабай, Қодарларға сұмдық ой тастап, Жантық ылғи ізін білдірмей тайсақтап, бүйірлеп шығып кетіп отырады. Жантықтың Қодарды қалай байқатпай қармағына іліп алғанына көңіл бөліңіз:
«Жантық (Қодарға): Уа, көрінбе көзіме!.. Жәкең бір сүрлеу табар! Ал, сен ше? Сен бе? Қозы мен Баян қазір аттанады, бір қимылға жарамасаң, сен қаласың ұлып!
Бар сұмдықты үйіп-төгіп, бас салып тұрып қайрайды Қодарды Жантық.
Қодар: Жәке-ай, жаңа ұқтым ғой ойыңды.
Жантық: Қайдағы ойды дейсің?
Қодар: Қозы мен Қарабайды дегеніңді айтам...
Жантық: Қой, шырағым... Мен айтпайтын сөз мұның! Өз ойыңды жаппа, маған...»
Байқап отырсыздар, шоқ тастап, өзі сытылып шығып отыр. Ертең бірдеме болып кетсе, Жантық, әрине, шетте қалмақ. Қозыға да, Қодарға да жақсы көрінбек. Жантықтың ойлағанындай ызаға әбден булыққан Қодар өршелене түседі.
«Қодар: Кімнің ойы болса да бәрі бір... Ендігі қалғаны осы-ақ! Иә, Қозы! Иә, Қодар!
Жантық: Айтпашы, жаным!.. Тұла бойым дір ете түсті ғой... Батыл сөзді алмашы аузыңа... Бірдемеге ұшырап жүрсең, өкініші кетпес өмірде...»
Жантықтың аузынан шыққан әр сөз – у, асқан жәдігөйліктің белгісі. Өтірік жаны ашыған болып, өтірік қорыққан болып: «Батыл сөзді алмашы аузыңа» - деп Қодар сөзін шегелеп жатыр. «Батыл сөзді алмашы аузыңа» - деп Қодарды өтірік мақтап, белін бекем буа түсіп отыр. Еліккен Қодар тпті тасып кетеді.
«Қодар: Өкінбеймін! Ұста осы сөзімді... Иә, Қозы, Иә Қодар!
Жантық: Қой деймін, тілді алсаң... Қорлыққа көнген бас аман сауыңда еліңді тап...»
Бұл тіпті сұмдық, улы сөздер. «Қой деймін».. деп шын айтып тұрған жоқ. Қайта қайрап: «Қорлыққа көнген қорқақ еліңе ұялмай барасың, онанда өл!» деп тұр, Қодар да солай түсінеді.
«Қодар: Жердің астымен қайтам ба елге?
Жантық: Қуып жібермес... Аз жылдасын ұмыт болатын нәрсе ғой, тәңірі... Тіпті лайығы табылмаса, Қозы мен Баянның жолдасы есебінде бірге жөнел. Бұл да бір сый жұмыс... Жастар өздері орайласқан екен дер жұрт... Алысып кім жықты, қайсыңнан қан шықты, кім сұрар дейсің ол жағын...
Қодар: Менде ұят-намыс деген жоқ қой деп ойлайсың ғой, сірә?
Жантық: Ендігінің жасына ар-намыс деген не тәйірі!... Басынан аттап кетпесе, жығылғанды ұят санар кім бар...
Қодар: Шаңырақ түйенің басына мініп жүре бер дейсің ғой?
Жантық: Достық сөзім: айналып отырып осыған келер болсаң ашпай-ақ қой абыройыңды!... Қатты қимылға бара алмайтын жігітсің... Түнеруің бар да, жауарың жоқ жігітсің, сен... Сынға салмай-ақ қой өзіңді...»
Жантықтың әр сөзі мірдің оғындай қадалып, Қодарды жеп, буындырғандай болып жатыр. Бар бәлені бастаушы өзі. Қодарға жаны ашығансып, өртті сөндіргісі келген сырт сыңай көрсеткенімен, сөздің ішкі емеуріні ар-намысына тиіп, өлтіріп бара жатыр.
Бұл – шеберлік үлгісі. Кейіпкердің ашу-ызасы, арлану-қорлануы тасқа таңба бақсандай көрініп жатыр жаңағы әңгімеде. Екі кейіпкердің ішкі сарайы қатпар-қатпарымен ақтарылған. Ентігіп тұрған көкірек, қайнап жатқан қан! Бұл жалпы Ғабит драматургиясына, Ғабит кейіпкерлеріне монолог, диалогтеріне тән қасиет.
Сөйтіп, неше түрлі сұмдық айла-әрекет иесі Жантық қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігі мол жаңа образ болып тиянақты кірді. Ол – кейінгі Науан, Игілік, Құнанбай, Оразбай, Тәкежандардың ағайыны, сонымен бірге Алдаркөсе, Қожанасыр, Мырқымбайлар сияқты қалың жұртқа әйгілі әдеби образға айналды. Жантық бейнесі мен Сердәлі мінезін драматург көп жағдайда ұқсас тәсілмен жасаған.
Жантық бейнесіне барлық бітім-болмысымен, барша пәлсафасымен қарсы образ –Жарқын. Жантық дәуірдің барлық зымияндығын бойына жинаса, Жарқын адалдықтың, тазалықтың қараңғы түнде жарқ еткен елесіндей, келешектің белгісіндей. Мақпал мен Күнікей сынды мейірімді аналар Ғабиттің сүйікті образ галереясын байытып, жаңа бір қырынан көрінген. Қам көңіл аналар жалғыздарының қайғысына құса болып, қара түнек заманда зар еңіреп, тіршіліктен ғайып болады. Қазақ жазушыларының ІІІ съезінде (1954) жасаған қосымша баяндамасында М.Әуезов «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» драмасына жоғары баға берген еді: «Осы он бес жыл ішіндегі қазақ драматургиясының ең зор табысы... Пьесада өзінің поэзиялық, психологиялық шындықтарымен аса көркем кейіптелген адамдар бар.. Шиеленіскен қою құрылысты...» Пьеса авторының «халықтық тілге поэзиялық қасиет бітіріп, әсем күйлілік қалпында кестеленгенін» көрсете келіп, ұлы жазушы күшті сезім толқыны молынан ашылған характерлер мен тартыстың «шарықтап жетіп, шарт сынып аяқталуын» айрықша атап өткен-ді.
Шынында да «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясында тартыс бірден екпінді басталып, қатты шиеленісіп кетеді. Бірден-ақ Қарабайдың қаталдығы мен дүниеқоңыздығынан жас арудың тағдыры саудаға салынады. Мал үшін күрес барған сайын өрбіп, өрши түседі де, ақырында адам сол амалдың құрбаны болып, тартыс түйіні шешіледі. Қарабайдай сараңды, Жантықтай зымиянды тудырған дәуір, оның салт-санасы, философиялық, моральдық сиқы көз алдымыздан тізбектеліп өтеді. Сюжет пен композициясы тұтас, қаһармандары – ыстыққанды, қызу, өршіл жалынды, лепті сөйлейді. Тартыс күрес шыңынан жете тартылып, сезім дариясы сел болып биікте шарықтайды. Қаһармандар достыққа да, қастыққа да құлай жығылады.
Шымылдық ашылғанда айтылатын Қарабай монологі – дүниеқоңыз байдың жан сыры – бірден тргаедияның өзекті, күшті тартысын белгілейді. Қодар, Айдар, Таңқы күйеулер қақтығысы, Қарабай жылқысына көз алартқан Жантық, дүниелігін қызғыштай қорғаған Қарабай іс-қимылдары – Баян басына төнген қара бұлт тартысты шиыршық атқызып, сымша тартып жібереді. Қодар шабуылы трагелияның бір шыңына айналып, характерлердің көп сырын ашып береді. Сахнаға Қозы шығып, тартыс арнасы кеңи түседі. Мал, нәпсі қызығына махаббат, адалдық сияқты ардақты атаулар қосылады. Қақтығыс сала-сала болып дамып (Қодар мен Қарабай, Жантық пен Қодар және Қарабай,Қозы мен Қодар, Баян және басқалар), трагелия тартысының негізгі арнасын өрістетіп, күрделендіріп жібереді. Қозы өлімі – трагедияның шарықтау шыңы, ал Баян азасы – шешімі. Жантықтың өлімі, Қодардың қаңғуы, Қарабайдың жындануы, Мақпал, Күнікей, Жарқын шері – тартыстың бір-бір белес шешімдері. Конфликтің осынау желісінде, шешім, тартысында ұдайы, өне бойы, ауыр тағдырлы, күшті сезімді жандар тіршілік етеді. Трагедияның айрықша сипаты осында. Диалог, монологтердің де ішкі қуаты айрықша күшті. (Баян, Қозы, т.б. монологтерін еске түсірңдер).
Конфликтің өрстеуінде, шиеленісуінде айрықша рөл атқаратын кейіпкер – Жантық. Қарабай мен Қозы арасына шоқ тастап отыратын жан – Жантық. Қодар райынан қайтып, Қозыға қол салса, қастандық өртін алаулататын – Жантық, қанжар көтеруге беттемей, жалт бұрылған Қодарды қайрайтын – Жантық, Қозыны, Баянды алдайтын – Жантық. «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында Жантыққа ұқсас әрекет істейтін жан – Сердәлі.
Сөйтіп, күрделі әлеуметтік- психологиялық трагедия - «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» бұрынғы қазақ қоғамының бір дәуірі өзіндік тартыс-күресімен, алуан түрлі пенделік қасиет- сипатымен, түсінік-дүниетанымымен, романтизммен суарылған тшынайы реализм тұрғысынан кең келбетін тапқан. Махаббат пен малқұмарлықтың шайқасына құрылған жыр аясын өлшеусіз кеңітіп, сол қауымның белді-белді көрініс құбылысын арналы әлеуметтік тартыста, әрі қоғамдық психологиялық, әрі адамгершілік өреде ашық та ақиқат суреттелген. Уақыт шындығы драманың сюжет пен композициясына әрі тұтастық, әрі үйлесімді бірлік беріп, жаңа жанрдың, Мұхаң айтқандай, үлгі болардық белесті туындысын дүниеге әкелге. Шарпылған коллизияда белдескен сезім (ана әңгімесін еске түсіретін) иелері поэзияға толы, кестелі тіл, батыл іс-қимыл, адамдық қасиетімен дараланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет