Жақсы мен жаман туралы Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Әйел, ана туралы Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.
Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет.
Ғылым-білім, өнер туралы Театр - хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Қызық емес пе, көзіңе көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ән өлең ғасырлар бойы ел ойында қорлана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті.
Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.
Данышпандықты танып, білген де - данышпан.
Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек.
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды.