І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 8



бет18/19
Дата14.03.2023
өлшемі113,01 Kb.
#74058
түріӨмірбаяны
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ҚОРЫТЫНДЫ


Ғабит Мүсірепов шығармашылығына тәлімдік-тәрбиелік тұрғыда талдау жасау, қосымша әдебиеттерге зейінді зер салу, ой қорыту негізінде мынадай тұжырымдар жасаймыз:



  • Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы педагогикалық ой-пікірлер өз еліне сүйіспеншілігі жоғары адамдарды тәрбиелеумен, қазіргі қоғам өмірімен, оның болашақ азаматтарына игі ықпалымен тығыз байланыстылығы секілді мәселелердің көкейтестілігімен сипатталады;

  • ХХ ғасырда өмір сүрген дара тұлға өз шығармашылығында терең ізгілікті идеясын негіздеп, оны одан әрі дамытты; ол жан-жақты жарасымды дамыған азаматтарды тәрбиелеудегі тәрбиенің сан алуан түрлерін, атап айтқанда, имандылық, отансүйгіштік, адамгершіліктік, ақыл-ой, эстетикалық-экологиялық, еңбек, құқықтық, т.б. тәрбие салаларын өзіне жинақтаған;

  • Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы педагогикалық ой-пікірлердің теориялық тұжырымдары практикалық жұмыстармен қат-қабат мақсатты түрде ұштастырылғаны орынды.

Зерттеуде талданған шығармалар мен еңбектерді таразылау барысында өзінен өзі туындайтын ой түйіні – халқының аса көрнекті қайраткер қаламгері, ағартушы – ұстазы Ғабит Мүсірепов - өзінің барлық шығармашылық мұрасы мен ел жұртын адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеп, рухани мәдени өмірде халқына үлгі өнеге көрсетіп отырған тарихи тұлға.
Жазушының шығармашылық мұрасы тәлім-тәрбие құралы болуымен де, оны көркем кестелі сөздермен көркемдеумен де тағылымды. Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер мынадай қорытынды мен ғылыми әдістемелік ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  • Қазақстан Рсепубликасының тәуелсіздік мәртебесін алуына байланысты жеткіншектерді өз халқының тарихи, мәдени, рухани асыл мұралары арқылы тәрбиелеу және тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі екені анықталып, зерттеу тақырыбының көкейтестіігі дәлелденді;

  • Жазушы Ғабит Мүсіреповтың шығармаларына философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан талдау жасау нәтижесінде оның дүниетанымына, жеке тұлға болып қалыптасуына белгілі факторлар – туа біткен талант, қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық орта мен нысаналы тәрбиенің ықпал еткені айқын сезіледі;

  • Көрнекті жазушының жалпы білім беретін мектептер мен сауат ашу курстарына, сауатсыздарға арналған оқулықтар емн оқу құралдарын жазудағы танымдық тұжырымдары, тәлімдік ой-пікірлері, үлгі өнегесі тұңғыш рет арнайы қарастырылып, олардың мән мағынасы, мазмұн маңызы алғаш рет сараланды;

  • Ғабит Мүсіреповтың мұрасына талдау жасау арқылы тәлім-тәрбиелік үлгілердің мән мазмұнын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда айқындап, оқу тәрбие үдерісіне енгізілді;

  • «Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курстың оқу бағдарламасы жасалынып, оны жоғары оқу орындарының тәлім-тәрбие беру үрдісінде пайдаланудың педагогикалық әдістемелік мүмкіндіктері ашылды;

Зерттеу нәтижесіне орай біз, Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды егжей-тегжейлі қарастырып, бұл мәселе біржола зерттелді деп айта алмаймыз. Сондықтан еліміздің жас өркенінің санасын өркениеттік биік дәрежеге көтеру үшін Ғабит Мүсіреповтың қазақ руханиятындағы мол мұрасын тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін басқа да қырларынан саралау – алдағы уақыттың міндеті деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет