І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 8


ІІІ.6. «Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны



бет17/19
Дата14.03.2023
өлшемі113,01 Kb.
#74058
түріӨмірбаяны
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
stud.kz-97533 4

ІІІ.6. «Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны


Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер өрнегін оқып-үйренуді жоғары оқу орындарында да жүргізіп байқауға болады. Біз «Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курстың оқу бағдарламасын жасадық (кесте-1) және тақырыптарға сәйкес материалдар жинақталды. Курс «Педагогика және психология» мамандығының студенттері үшін дайындалды.


кесте-1





Тақырыптар

Сағат саны

лекция

семинар


«Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

2





Ғабит Мүсірепов және ХХ ғасырдағы педагогикалық ой-пікірлер

2





Қаламгер шығармашылығының танымдық-тәрбиелік маңызы

2

2


Ғабит Мүсіреповтің педагогикалық –психологиялық көзқарастары

2

2


Ғабит Мүсірепов еңбектерінің тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері

2

2


Ғабит Мүсірепов және экологиялық тәрбие

2





Орта мектепте Ғабит Мүсірепов шығармашылығынан білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі кездегі жай-күйі

2

2


Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы жасөспірімдер мен балалар бейнесі

2





Жазушы және ана тілі

2





Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы отаншылдық идеясы

2





Ғабит Мүсіреповтің «Ана» тақырыбына жазылған еңбектерінің тәлім-тәрбиелік астарлары




2




Барлығы:

20

10

Ғабит Мүсірепов – отансүйгіштік тәрбиеге ерекше көңіл бөлген қаламгер. Ол – отансүйгіштікті тәрбиенің ең биік шыңына балайды. Өйткені әрбір адам өз Отаны туралы толғанбауы, тебіренбеуі, оны сүймеуі мүмкін емес. Сондықтан да ұлтын сүюге, азаматтыққа тәрбиелейтін тәрбиенің бұл түрі жас ұрпаққа өте қажет. жазушының пікірі бойынша, отансүйгіштік тәрбиенің қозғаушы күштері – ұлттық мақтаныш пен ұлттық намыс болып есептеледі.


Ал имандылық тәрбиелеу – қайырымды, қаһарман, шешен, өнерпаз, еңбекшіл, қабілетті қазақ халқының ұлттық намысын қорғау – сол халықтың ұрпағы ретінде, оның ұлттық қасиеттерін сақтап, жас ұрпақты нағыз азамат болып өсуге тәрбиелеудің негізі іспетті. Қаламгер әрбір адамды елін, жерін, мемлекетін сүюге, Отаны үшін ерінбей еңбек етуге, иманды, инабатты болуға шақырады.
Еңбек тәрбиесі адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, ақыл-ойын қалыптастырады. Ұрпағын мал өсіруге, егін егуге баулыған қазақ халқы оларды қол өнеріне, түрлі кәсіптік мамандықтарға үйретіп, тәрбилеу ісін жаңғыртады.
Жеке адамды тәрбиелеуде, әсіресе, отбасының әсері зор. Сондықтан ата-ана отбасындағы тәрбиеге жауапкершілікпен қарап, оны реттеп отырады. Ұлттық тәрбие дәстүрлері бойынша ата-ананың қамқорлығы арқылы инабаттылық, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, көпшілдік, меймндостық – бәрі-бәрі отбасындағы тәрбие жұмыстары негізінде қалыптасатындығын жазушы көрсете білген.
Арнаулы курс бағдарламасымен таныстыру барысында студенттердің өткен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуына үлкен үлес қосып, педагогика ғылымының дамуына ерекше әсер еткен ұлт зиялыларының, оның ішінде аса көрнекті қаламгер Ғабит Мүсіреповтің өнегелі өмірі мен педагогикалық ойлар жүйесі жөнінде қаншалықты хабардар екендігі, зерттеу мәселесіне байланысты алғашқы мағлұматтары анықталды.
«Ғабит Мүсірепова тағылымы» атты арнаулы курстың семинар-сабақтарында лекциялық тақырыптардағы көтерілген мәселелер талқыланып, студенттердің өздік жұмыстары (баяндама, реферат, ғылыми-зерттеу бағытындағы мақалалар) қарастырылып талқыланды. Міне, осы аталған жайттардың негізінде студенттердің жас жеткіншектерді тәрбиелеуде жазушы мұраларындағы ана тілі, әдебиет, педагогика, психология, ұлттық тарих, өлкетану, өнертану мәселелері бойынша жаңа мағлұматтарды, өмірлік мәні бар материалдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіші анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет