І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 8



бет1/19
Дата14.03.2023
өлшемі113,01 Kb.
#74058
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
stud.kz-97533 4


Жоспар

КІРІСПЕ 4
І ТАРАУ. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 8
І.1. Ғ.Мүсіреповтің өмірдеректері мен шығармашылығы 8
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ–ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСТЕРІ 18
ІІ.1. Жазушы шығармашылығының мектепте оқытылуы және тәлім–тәрбиелік мәні 18
ІІ.2. Ғ.Мүсірепов шығармашылық мұрасындағы оқу–тәрбие мәселелері 21
ІІ.3. Ғабит Мүсірепов – қазақ оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі 25
ІІ.4. Ғабит Мүсіреповтің ғылым – білім, өнер және тәлім–тәрбие туралы ғибратты сөздері 29
ІІІ ТАРАУ. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ 32
ІІІ.1. Ғ. Мүсіреповтің Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі 32
ІІІ. 2. Ғ.Мүсіреповтің пьесаларындағы әйел теңдігі, махаббат және адамгершілік қасиеттер туралы 42
ІІІ.3. «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясының тәлім-тәрбиелік жақтары 47
ІІІ.4. «Ұлпан» романы және «қазақ әйелі» бейнесі бойынша оқырмандар конференциясы 61
ІІІ.5. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі арқылы адамгершілікке, отаншылдыққа, достыққа тәрбиелеу 63
ІІІ.6. «Ғабит Мүсірепов тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны 65
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69



КІРІСПЕ




Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс тіршілігін өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру-қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.
Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан алуан мәселелері біздің еліміз жағдайында да біршама уақыттан бері зерттеу нысанына айналып келеді.
Соңғы жылдары жекелеген ағартушылардың педагогикалық мұралары жан-жақты қарастырылып, зерттеу нысанына айналуда. Мәселен, «С.Аспан-дияров мұрасындағы педагогикалық идеялар» (Б.Қиясова), «С.Көбеевтің педагогикалық көзқарастары» (С.Садуақасова), «С.Торайғыровтың педагоги-калық ағартушылық көзқарастары» (Р.Көшенова), «М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары» (А.Құдиярова), т.б. тарихи-педагогикалық зерттеулерін арнаған.
Аталған қайраткерлердің қай-қайсысы да туған елін, өскен жерін шексіз сүйген елжанды азамат, жалынды жазушы, арқалы ақын, зерделі зерттеуші, өз ұлтының шын мәніндегі ұлы ұстаздары іспетті еді. Олар өздерінің өнегелі істерімен, ұлағатты сөздерімен, қайырымды мінез-құлықтарымен сол дәуірдің өзінде де исі қазақ жұртының зор құрметін иеленген беделді рухани көшбасшыларымыз болды. Бұл зиялы азаматтарымыздың барлығы да халық-ағарту майданында ерекше көзге түсіп, тәлім-тәрбие, мектеп жұмысы салаларында өзіндік із қалдырған, туған халқының рухани үрдісіне бағыт-бағдар беріп жөн сілтеген қажырлы қайраткерлер. Олардың мұралары туралы зерттеулердің барлығы дерлік уақыт талабына сәйкес дүниеге келген қажет еңбектер екені талассыз.
Бұл ретте халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса көрнекті қаламгеріміз, қоғам қайраткері, академик - жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов есімінің алар орны ерекше. Ғабит Мүсірепов – өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ұлағатты ұстаз, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі.
2002 жылы ұлы жазушының туғанына 100 жыл толуының ЮНЕСКО деңгейінде мерекеленіп, аталып өтуі егемен еліміздің тәуелсіз мемлекеттігіміздің, дербес халықтығымыздың мәртебесін биіктете түскені күллі әлемге аян.
Бұл заңды да. Өйткені, Ғабит Мүсірепов - өзінің бүкіл жарқын талантын, күш-жігерін халқына, туған еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары – қазіргі қазақ әдебиетінің қалыптасып дамуына, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары – республикамыздағы педагогикалық ой-пікірлердің өсіп-жетілуіне, оқулықтары мен оқу құралдары – төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Міне, соның нәтижесінде ұлы суреткер есімі өз кезінде барша көпұлтты кеңес мәдениетінің оқу-ағарту ісінің тарихынан да ерекше орын алды.
Демек, оның педагогикалық ой-пікірлеріне арнайы зер салу – күн тәртібіндегі іргелі мәселелердің бірі.
Көрнекті қаламгердің танымдық-тәрбиелік мәні орасан зор көркем туындылары, ана тілі, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, оқу-білім, тәлім-тәрбие тақырыбына байланысты жазған мақалалары, баяндамалары, хаттары, ой-пікірлері, өткен ғасырдың 20-30 жылдары жарық көрген көптеген оқулықтары, оқу құралдары бірнеше салада зерделі зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Осы тұрғыдан алғанда біздің алып отырған тақырыбымыз бұл саладағы зерттеуіміздің өзектілігі мен қоғамға қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отырғаны айқын.
Ғабит Мүсірепов шығармашылығы қазақ тіл білімінде, қазақ әдебиеттану ғылымында, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде біршама зерттеліп, тиісті бағасын алып келеді.
Бірақ та ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау Ғ.Мүсіреповтің ұлттық тәлім-тәрбиеге байланысты айтқан ой-пікірлері, идеялары әлі де қарастырылмағанын көрсетеді.
Оның туған жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, ананы қастерлеу, қыз баланы қадірлеу т.б. туралы жазған құнды ойларын, демократиялық көзқарастарын жеткіншек ұрпақты, оқушы-жастарды тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы зор.
Алайда, Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығындағы адамгершілік, елжандылық, имандылық, тілін, ділін, дінін құрметтеу сияқты тәлім-тәрбиелік идеялардың жүйеленбеуі және сонымен бірге олардың жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне қажеттілігі, сондай-ақ мұның оқушы жастарға адамгершілік – патриоттық тәрбие беруде өз дәрежесінде ғылыми жұмысымыздың көкейкестілігін айқындап, зерттеу тақарыбын «Ғабит Мүсіреповтің еңбектеріндегі педагогикалық идеялар» деп алуымызға себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет