ІІІ.5. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі арқылы адамгершілікке, отаншылдыққа, достыққа тәрбиелеу
Тақырыбы: «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі
Мақсаты:
А) Білімділігі: Шығарма арқылы Қайрош бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу;
Ә) Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін қорғауға дағдыландаруға, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету;
Б) Тәрбиелігі: Қайрош бейнесі арқылы адамгершілікке, жинақылыққа, Отаншылдыққа, достыққа қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру.
Түрі: Танымдық сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, ұнтаспа, көрме, компьютер, теледидар,газет-журнал жинақтары.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география , саз
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын сұрай
Мұғалімнің сөзі:
Батыр боп,
Жаудың бетін қайтарып ең
Ұстаз боп,
Бейбіт күнде жайқалып ең
Қазақтың тұңғыш туған батыры беп,
Қашанда
Мақтанышпен айтамын мен,
– деп бүгінгі сабақта Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері Қайрош бейнесін, роман-мазмұнына сүйене отырып талдаймыз.
Дәптерлеріңізге бүгінгі күн мен тақырыпты жазып алайық.
Біздер өткен сабақта «Қазақ солдаты» романының шығу тарихымен және мазмұнымен таныстық. Олай болса бәріңізге ортақ сұрақ:
1. «Қазақ солдаты» романы алғашқыда неге «Қазақ батыры» деп аталады? Бұл туралы өз ойларыңыз қандай?
2. Майталман жазушы, сөз зергері Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетін өркендетуге сіңірген еңбегі үшін алған қандай атақ дәрежелері бар?
3. «Қазақ солдаты» романын жазғандағы жетістігі қандай?
4. «Қазақ солдаты» романы ұлттық әдебиетімізде көп тараған және шет елге аударылған шығармалардың бірі дейміз. Роман қай тілдерде аударылған?
5. Көркем әдебиетте Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған тағы кімдердің шығармаларын білеміз?
6. «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері өмірде болған адам, ол туралы қандай өмірлік деректемелер келтіруге болады? (Компьютерге назар аударайық)
7. «Қазақ солдаты» романы кімнің атынан баяндалады?
8. Шығарма қалайбасталады, автордың идеясы, мақсаты қандай?
9. Қайрош образын типтік образ дейміз, онда тип прототип дегеніміз не? Көркем әдебиетте типтік образдар кездесе ме?
10. Қайырғалиды қалаға итермелеген не нәрсе, бұл оның қандай қасиеттерін көрсетеді?
11. Қайырғалидың бойында қандай жақсы қасиеттер бар?
(компьютерден көрсету, топтастыру)
Қайрош жақсы көретін қасиеттер
|
12.Қайырғалидың қандай жек көретін қасиеттері бар?
13.Кітаптан үзінді оқиық «Қайырғалидың ана алдындағы ішкі сезімі қалай суреттеледі, қандай ант береді?»
14. Міне, оқушылар, Қайырғали романда осындай жақсы қасиеттерімен басты қаһармандық кейіпкер дәрежесіне көтеріледі. Онда мына өсу және есею көрсеткішіне назар аударайық. Қандай сатылардан өткен, кім түсіндіреді?
Қайырғалидың есею, өсу жолдары
Ұстаз
Батыр
Жауынгер
Шекарашы
шаштаразшы
Оқушы
Бала күтуші
Бақташы
Ойын баласы
15. Оқушылар, Қайырғали қалаға барғанда балалар үйінде тәрбиеленеді. Сол кездегі балалар үйі мен қазіргі кездегі балалар үйінің айырмашылығы неде?
Тұлдыр жетім – әке-шешесі жоқ адам
Тірі жетім – әке-шешесі тастап кеткен балалар.
Зұлмат – қолмен жасалатын қылмыс
Нәубет – құдайдың жазасынан болатын қасірет
Жетім балалар үйі
Сол кездегі балалар үйі
|
Қазіргі кездегі балалар үйі
|
Жоқшылдықтан
Соғыстың салдарынан жетім қалған балалар
|
Тәрбиесіздіктен
Ата-ана құқынан айырылғандардың балалары
Тастанды балалар
|
16. Жетімдіктен, балалар үйінен басталған өмірі Кеңес Одағының Батыры, ұстаз деген атаққа дейін көтерілді. Бұл жолда ол көптеген мектептерден өтті. Қандай мектептер?
1. Адамтану мектебі
2. Өміртану мектебі
3.Өсу мектебі
17. Қайырғали сияқты біздің облысымызда Кеңес Одағының батыры атағын алған кімдерді айтар едіңдер?
18. «Біз соғысты көрген жоқпыз» тақырыбында ой толғау жазып келу үйге берілген болатын, кім оқиды?
Бекіту сұрақтары:
«Қазақ солдаты» романының өзіндік ерекшелігі қандай?
Шығарманың кейіпкері сізге қалай әсер етті?
Қайырғалиға Кеңес одағының Батыры атағы қашан берілді, бейбіт өмірдегі қызметі қандай еді?
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Қайрош» образын жинақтап, «Ерлік мәңгі жасайды» тақырыбында шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |