Электр өрісінің кернеулігі І нұсқа. А деңгейі 170. Өрістің бір нүктесінде тұрған 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді.Осы нүктедегі өріс кернеулігін табыңдар.
171. Электр өрісінде тұрған 5 нКл зарядтың өріс кернеулігі 2 кН/Кл. Электр өрісі зарядқа қандай күшпен әсер етеді?
172. Электр өрісінің бір нүктесінде тұрған 1,5 нКл зарядқа 3 мкН күш әсер етеді.Өрістің осы нүктесіндегі өріс кернеулігін табыңдар.
173. Кернеулігі 2·102 Н/Кл электр өрісіне 10-7 Кл әкелді.Осы зарядқа қандай күш әсер етеді?
І нұсқа. В деңгейі 174. Өрістің бір нүктесінде тұрған 10-7 Кл зарядқа 4·10-3 Н күш әсер етеді.Осы нүктедегі электр өрісі кернеулігін табыңдар және егер осы нүкте өрістен 0,3 м қашықтықта болса, сол өрісті тудырып тұрған зарядты анықтаңдар.
175. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілген.Осы шардың бетіндегі өріс кернеулігін табыңдар.
176. Керосиннің ішінде 10-10 Кл нүктелік заряд тудырған өрістен белгілі бір қашықтықта тұрған нүктенің электр өрісінің кернулігі 5 Н/Кл.Өрістің осы нүктесімен зарядтың арақашықтығын табыңдар.Өрістің осы нүктесіне қойылған 3·10-6 Кл зарядқа, өріс таапынан әсер ететін күшті табыңдар.
177. Біртекті электр өрісінде электрон 3,2·1013 м/с2 үдеумен қозғалады.Егер электронның массасы 9,1·10-31 кг болса, өріс кернеулігін табыңдар.
І нұсқа. С деңгейі 178. Керосин ішінде орналасқан екі зарядтың 6·10-7 Кл және -2·10-7 Кл олардың арақашықтығы 0,4 м.Зарядтың центрлерін қосатын түзудің ортасында орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.
179. 6·10-9 Кл және 2·10-8 Кл екі зарядтың өрісінде, осы зарядтарды қосатын түзудің бойында, бірінші зарядтан 0,03 м қашықтықта орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.Зарядтардың арақашықтығы 0,05 м, олар орналасқан ортаның диэлектрик өтімділігі 2.
180. Екі заряд берілген, олардың екіншісі біріншісінен модулі бойынша 4 есе артық, олар бірінен-бірі а қашықтықта орналасқан.Егер зарядтар аттас заряд болса, кеңістіктің қандай нүктесінде зарядтарды қосатын түзудің бойында өріс кернеулігі нөлге тең болады?
181. Екі аттас 0,27 мкКл және 0,17 мкКл зарядтар бірінен-бірі 20 см қашықтықта тұр.Зарядтар арасындағы түзудің қай нүктесінде өріс кернеулігі нөлге тең болады?