Электр зарядтары.Кулон заңы. ІІ нұсқа. А деңгейі. 136. Электроскоп өзекшесіне, үстіне сауыттан жіңішке шүмек арқылы құм төгіліп тұратындай етіп, қуыс металл шар орнатылған.Бұл жағдайда неліктен электроскоптың жапырақшалары бір-бірінен ажырайды?
137. Егер электр машинасының разрядтағыш шарларын изоляторға бекітілген жалпақ металл тіліктеріне қоссақ, машина жұмыс істеп тұрғанда астыңғы тілікке себілген бидай жармасы қозғалысқа келе ме? Металл тіліктердің арасында электр тогы бар деп айта аламыз ба?
138. Зарядтары q және q/2 бірдей екі шар түйістіріліп, одан кейін ажыратылған. Шарлардың әрқайсысының зарядтары қандай болады?
139. Шамалары бірдей 10·10-9 Кл екі заряд қандай қашықтықта 9·10-3 Н күшпен әсерлеседі?
140. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?
ІІ нұсқа. В деңгейі 141. Зарядталған электроскоптың шарына саусағымызды жақындатсақ (шарға тигізбей-ақ), оның жапырақшалары неліктен бі р-біріне тартылады?
142. Теріс зарядталған май тамшысы А пластинаға қарай баяу қозғалып келеді. а) Тамшының қозғалысын тоқтату үшін не істеу керек? ә) Тамшыны жоғары қарай қозғалуға мәжбүр ету үшін не істеу керек?
143. Сутегі немесе басқа зарядтардың атомы электрон зарядының 0,5-ке тең зарядын жоғалта ала ма? Электрон заряды қаншаға тең?
144. Жер мен бұлттың арасында пайда болған найзағай электр тогына жата ма? Бұлттар арасындағы найзағай ше?
145. Екі бірдей нүктелік зарядтар вакуумда 0,1 Н күшпен әсерлеседі.Зарядтардың арақашықтығы 6 м. Осы зарядтардың шамасын табыңдар.
146. Керосинде тұрған 1,3·10-9 Кл заряд, өзінен 0,005 м қашықтықта тұрған екінші зарядпен 2·10-4 Н күшпен әсерлеседі.Сондағы екінші зарядтың шамасын табыңдар.Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2.
ІІ нұсқа. В деңгейі 147. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың арақашықтығын неше есе өзгерту керек?
148. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі.Әр шардағы артық электрондардың санын табыңдар.
149. Ауада тұрған екі заряд 0,05 м қашықтықта бір-біріне 1,2·10-4 Н күшпен әсерлеседі, сол екі заряд қайсыбір ток өткізбейтін сұйықтың ішінде 0,12 м қашықтықта тұрып 1,5·10-5 Н күшпен әсерлеседі.Сол сұйықтың диэлектрик өтімділігін табыңдар.
150. Екі бірдей нүктелік заряд вакуумда тұрып, 0,1 м қашықтықта қандай күшпен әсерлессе, скипидарда 0,07 м қашықтықта сондай күшпен әсерлеседі.Скипидардың диэлектрик өтімділігін табыңдар.
151. Екі нүктелік заряд q1 және q2 бір-бірінен r арақашықта тұр.Егер олардың арақашықтығы
∆r=50 см –ге азаятын болса, онда өзара әсер күші екі есе көбейеді. R қашықтықты табыңдар.
152. Заряды 1,8·10-8 Кл өткізгіш шарик, сондай екі шарикпен жанасты.О шариктердің біреуінің
заряды -0,3·10-8 Кл, ал екіншісі зарядталмаған.Шариктер арасында зарядтар қалай бөлінеді? Олардың біреуінен 5 см қашықтықтағы екіншісінің вакуумдағы өзара әсер кү ші неге тең болады?