Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
Б нұсқасы 47. Аялдамадан бір мезгілде трамбай мен троллейбус жүріп кетті. Троллейбустың үдеуі трамбайдың үдеуінен екі есе артық. Трамбай мен троллейбустың бірдей уақыт ішінде жүрген жолдарын, сондай-ақ олардың алған жылдамдықтарын салыстырыңдар.
48. Кішкене шар тыныштық күйден көлбеу науаның бойымен домалап, алғашқы бір секунд ішінде 10 см жол жүрді. Ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?
49. Оқтың мылтық ұңғысының орта тұсындағы жылдамдығы одан ұшып шығар кезіндегі жылдамдығынан неше есе кем болады?
50. υ1=15 км/сағ жылдамдықпен жүрген автомобильдің тежелу жолы S1=1.5 м. Жылдамдығы υ2=90 км/сағ болғанда автомобильдің тежелу жолы S2 қандай болады?Екі жағдайда да үдеуі бірдей.
51. Мотоциклші мен велосипедші бір мезгілде тыныштық қалыптан қозғала бастайды. Мотоциклшінің үдеуі велосипедшінің үдеуінен 3 есе артық. Мотоциклші: а)бірдей уақыт ішінде; б)бірдей жол жүргенде жылдамдығын велосипедшіден неше есе арттырады?
52. Материялық нүктенің жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υ1=6t теңдеуімен берілген. Қозғалыстағы нүкте бастапқы мезетте (t=0) координаттар барысында (х=0) болса, x=x(t) тәуелділігін жазыңдар.Материялық нүктенің 10 с ішінде жүрген жолын есептеп шығарыңдар.
53. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мынадай: x=-0.2t2. Бұл қандай қозғалыс? Нүктенің 5 с өткендегі координатын және оның осы уақыт ішінде жүрген жолын табыңдар.
54. Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістің басталған жеріндегі және бітісіндегі жылдамдығы қандай?
55. ТУ-154 ұшағының жерден көтерілу үшін екпін алу жолы 1215 м-ге тең, ал көтерілу мезетіндегі жылдамдығы 270 км/сағ. Ұшақтың қону кезіндегі жолының ұзындығы 710 м, ал қону мезетіндегі жылдамдығы 230 км/сағ. Үдеулерін (модулі бойынша) және екпін алу мен қону уақыттарын салыстырыңдар.
56. Еңіске қарай жүріп бара жатқан поезд 20с ішінде 20м жол жүрді де, жылдамдығын 19 м/с –қа дейін арттырды. Поезд қандай үдеумен қозғалған және еңіс басталған жылдамдығы қандай еді
57. Материялық нүктелердің қозғалыстары мынандай теңдеулермен берілген : а)x1 =10t+0.4t2, б)x2=2t-t2, в)x3=-4t+2t2 г) x4=-t-6t2 .Әр жағдай үшін υx = υx(t) тәуелділігін жазыңдар, осы тәуелділіктердің графиктерін салыңдар: әр жағдайдағы қозғалыстың түрін анықтаңдар.
58. 16-суреттегі жылдамдықтарының графиктері берілген қозғалыстар үшін х=x(t) теңдеуін жазыңдар. Бастапқы мезетте (t=0) дене координаттар басынды (х=0) дене координаттар басында (х=0) деп есептеңдер.
59. Ұзындығы 20 м-ге тең таудан шанамен сырғанап түскен бала горизонтал бағытта 40 м жол жүріп барып тоқтады. Қозғалысқа кеткен барлық уақыт 15 с болса, мыналарды анықтау керек:1)t1 түсу уақытын; 2) t2 тежелу уақытын; 3) таудан түскендегі υ жылдамдықты; 4)түсіп келе жатқандағы а1 үдеуді; 5)а2 тежелу үдеуін.
60. Екі автомобильдің тас жолмен қозғалысы х1=2t+0.2t2 және х2=80-4t теңдеулерімен берілген. Қозғалыстың сипатын суреттеңдер; 5 секундтан кейінгі екеуінің ара қашықтығын; екінші автомобиль санақ басында болған мезеттегі бірінші автомобильдің координатын анықтаңдар.
61. Арақашықтығы 6,9 м екі нүктеден бір мезгілде бір бағытпен екі дене қозғала бастады. Біріншісі 0,2м/с2 үдеумен тыныштық күйден бір қалырты үдемелі қозғалады. Екіншісі біріншінің соңынан 2м/с бастапқы жылдамдықпен және 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. t=0 болған кездегі координаталары х1=6,9м, х2=0 мәндер қабылдайтын санақ жүйесіндегі уақытқа x=x(t) тәуелділігінің теңдеулерін жазыңдар. Денелердің кездесетін орнын және уақытын табыңдар.
62. Екі мотоциклшінің қозғалысы х1=15+0.2t2 және х2=4t теңдеулері арқылы берілген. Әр мотоциклшінің қозғалысының түрін анықтаңдар. Кездесу орны мен уақытын табыңдар.